Әкімдіктің 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімиятының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 326 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 27 сәуірде № 9-1-3 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 704 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 03.04.2013 № 704 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қостанай қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 қаулысына (тіркеу нөмірі 1583, 2002 жылғы 9 шілдедегі № 54 "Қостанай" газеті, бұрын Қостанай қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326, тіркеу нөмірі 1583, қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 24 наурыздағы № 381, тіркеу нөмірі 2871, қаулысымен өзгерістер енгізілген) бұдан әрі қаулы мына өзгерістер енгізілсін:
      1. Қаулының 2-тармағы алып тасталсын.
      2. Қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін".

      Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады