"Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 қаулысына, тіркеу нөмірі 1583, өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімиятының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 381 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 12 сәуірде № 2871 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 704 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 03.04.2013 № 704 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңына 14-тармағына сәйкес Қостанай қаласы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 қаулысына, тіркеу нөмірі 1583, бұдан әрі "қаулы", мына өзгерістер енгізілсін:
      1. Қаулысына 2-тармағы мына редакцияда жазылсын: "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сату мәселелері жөнінде қалалық комиссия құрылсын", оның дербес құрамы заң белгілеген тәртіппен № 2 қосымшаға сәйкес, қалалық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізілсін.
      2. Қаулының 4-тармағы мына редакцияда жазылсын: "Осы қаулының орындалуына бақылау әкімінің орынбасары С.М. Төкеновқа жүктелсін".
      3. Аталған қаулыға № 1 қосымшасына:
      2-тармақ мына редакцияда жазылсын: "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген стационарлық үй-жайларда сатуға жол беріледі";
      3-тармағының 2-тармақшасы алынып тасталсын.

      Қала әкімі

Қостанай қаласы әкімиятының
2004 жылғы 24 наурыздағы   
№ 381 қаулысына № 2 қосымша

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарын сату мәселелері жөніндегі
комиссияның құрамы

1

Төкенов Сакен Мәкенұлы

-

қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

2

Шаяхметов Бақытжан Ақылбекұлы

-

"Қостанай қаласы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің қаланың ішкі саясаты мен әлеуметтік-мәдени дамуы бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

3

Жанділдін Самат Сәндібекұлы

-

"Қостанай қаласы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің қаланың ішкі саясаты мен әлеуметтік-мәдени дамуы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

4

Замлелова Раиса Константиновна

-

"Қостанай қаласы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің тұтыну рыногы  бастығы;

5

Ағайдаров Марат Садықұлы

-

"Қалалық ішкі істер басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің бастығы;

6

Божақов Әбдібек Баяхметұлы

-

"Қалалық мәдениет бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі;

7

Шек Генрих Генрихович

-

"Қалалық білім басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің бастығы;

8

Баранов Владимир Иванович

-

"Қостанай газеті" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры (бас редакторы);

9

Успанова Лаура Амангелдіқызы

-

облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады