Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2007 жылғы 3 мамырдағы N 6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 29-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" N 383 қаулысы 2-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Қоса берiлiп отырған "заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызмет түрi бойынша Павлодар облысы әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен өзара iс-қимыл ережесi және Павлодар облысы әкiмiнiң Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментпен (қаржы полициясы) өзара iс-қимыл ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi | Қ. Нұрпейiсов |
КЕЛIСIЛДI: | |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлiгi | |
Салық комитетiнiң төрағасы | М. Ысқақов |
2005 жылғы 5 наурыз | |
Павлодар облысы бойынша | |
экономикалық және сыбайлас | |
жемқорлық қылмысқа қарсы | |
күрес жөнiндегi департамент | |
(қаржы полициясы) бастығы | Н. Түзелбаев |
2005 жылғы 2 наурыз |
"Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары
мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және
сату" қызмет түрi бойынша Павлодар облысы әкiмiнiң
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетiмен өзара iс-қимыл ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы " Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" N 383, 2004 жылғы 29 қазандағы " Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң кейбiр мәселелерi" N 1127 қаулыларына сәйкес әзiрленген.
2. Павлодар облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 28 маусымдағы "Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және iске асыру қызметiн лицензиялау жөнiндегi уәкiлеттi орган туралы" N 16 шешiмiне сәйкес лицензиар (бұдан әрi- Лицензиар) функциясын жүзеге асыруға уәкiлеттi Павлодар облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне "заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызмет түрi жөнiндегi мемлекеттiк лицензиялар тiзбесiн Павлодар облысы бойынша қызметтiң аймақтық саласымен бiрге осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысанда ай сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 10 дейiн тапсырады.
3. Лицензия тоқтатылған, қайтарып алынған, iс-әрекетi тоқтатылған, күшi жоқ деп танылған жағдайда Лицензиар бұл туралы осындай фактiлер туындаған күннен бастап 10 күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiн хабардар етедi.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi қайталама қара және түстi металдар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер мониторингiн жүргiзудi қамтамасыз етедi және ай сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 30-нан кешiктiрмей Лицензиарға осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысанда түсетiн салықтар мен төлемдер бойынша аталған мониторинг негiзiнде ақпарат жiбередi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы
13 наурыздағы "Қайталама қара және түстi металдар рыногы
туралы" N 383 қаулысына сәйкес берiлген "заңды тұлғалардың
түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын
жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату"
қызмет түрi бойынша лицензиялардың тiзбесi
N р/с | Ұйымның атауы | Лицензияның N және берiлген күнi | Басшының Т.А.Ә. | СТТН |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
КҰЖЖ коды | Заңды мекен-жайы | Қызметтiң аумақтық саласы | Негiзгi өндiрiстiк базаның мекен-жайы | Филиалдар мен өкiлдiктердiң мекен-жайлары | Қабылдау пункттерiнiң мекенжайлары | Бланк нөмiрi |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Қайталама қара және түстi металдар рыногындағы
қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлерден түсетiн
салықтар мен төлемдер жөнiндегi ақпарат мың теңге
Өңiр | Өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) көлемi | Товарларды (жұмысты, қызметтi) сату бойынша айналым | Соның iшiнде | |
ҚҚС-тiң нөлдiк пайыздық мөлшерлемесi бойынша салық салынатын айналым | ҚҚС-тан босатылған айналым | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өткен жылдарда салық салынған айналымды түзету | Нөлдiк мөлшерлемемен салық салынатын айналым бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы | ҚҚС-тiң нөлдiк мөлшерлемесi бойынша бюджеттен толтырылған | Салық салынатын кiрiс | Барлық салықтар мен төлемдер бойынша аударылған |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
жалғасы
Өңiр | Соның iшiнде салықтар мен төлемдер аударылды (кедендiк төлемдерсiз) | ||||
Корпоративтiк табыс салығы | ҚҚС | Акциздер | Жеке табыс салығы | Әлеуметтiк салық | |
1 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Соның iшiнде салықтар мен төлемдер аударылды (кедендiк төлемдерсiз) | Аударылды | Өткен жылдың осы күнi түскен салықтар мен төлемдер сомасы | Ағымдағы жылдың есептi күнi түскен салықтар мен төлемдер сомасы | ||
Бюджетке салықтық емес түсiмдер | Басқа да салықтар мен төлемдер | Айыппұлдар | Өсiмдер | ||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
жалғасы
Өңiр | Соның iшiнде салықтар мен төлемдер төлендi (кедендiк төлемдерсiз) | |||
Корпоративтiк табыс салығы | ҚҚС | Акциздер | Жеке табыс салығы | |
1 | 22 | 23 | 24 | 25 |
Соның iшiнде салықтар мен төлемдер төлендi (кедендiк төлемдерсiз) | Төлендi | |||
әлеуметтiк салық | Бюджетке салықтық емес түсiмдер | Басқа да салықтар мен төлемдер | Айыппұлдар | өсiмдер |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ағымдағы жыл басындағы берешек |
Ағымдағы жылдың есептi | КТС (кедендiк төлемдерсiз) | ||
Салық бойынша | Айыппұлдар мен төлемдер бойынша | Салық бойынша | Айыппұлдар мен өсiмдер | |
31 | 32 | 33 | 34 | 35 |
"Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары
мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу
және сату" қызмет түрi бойынша Павлодар облысы әкiмiнiң
Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментпен
(қаржы полициясы) өзара iс-қимыл ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi " Лицензиялау туралы ", 2002 жылғы 4 шiлдедегi " Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы органдары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" N 383 қаулысына сәйкес әзiрленген.
2. Павлодар облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 28 маусымдағы "Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және iске асыру қызметiн лицензиялау жөнiндегi уәкiлеттi орган туралы" N 16 шешiмiне сәйкес лицензиар (бұдан әрi -Лицензиар) функциясын жүзеге асыруға уәкiлеттi Павлодар облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментке (қаржы полициясы) "заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызмет түрi жөнiндегi мемлекеттiк лицензиялар тiзбесiн Павлодар облысы бойынша қызметтiң аймақтық саласымен бiрге осы Ереженiң қосымшасына сәйкес нысанда ай сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 10 дейiн тапсырады.
3. Лицензия тоқтатылған, қайтарып алынған, iс-әрекетi тоқтатылған, күшi жоқ деп танылған жағдайда Лицензиар бұл туралы осындай фактiлер туындаған күннен бастап 10 күн iшiнде Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаменттi (қаржы полициясы) хабардар етедi.
4. Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департамент (қаржы полициясы) заңды тұлғалар-лицензиаттарды тексеру кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының лицензиялық, салықтық, әкiмшiлiк заңнамаларының бұзылу фактiлерiмен Лицензиарды хабардар етедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы
"Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" N 383
қаулысына сәйкес берiлген "заңды тұлғалардың түстi және
қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау
(дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызмет
түрi бойынша лицензиялардың тiзбесi
N р/с | Ұйымның атауы | Лицензияның N және берiлген күнi | Басшының Т.А.Ә. | СТТН | КҰЖЖ коды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Заңды мекенжайы | Қызметтiң аумақтық саласы | Негiзгi өндiрiстiк базаның мекенжайы | Филиалдар мен өкiлдiктердiң мекенжайлары | Қабылдау пункттерiнiң мекенжайлары | Бланк нөмiрi |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |