Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/869 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
27-ші бабын, Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Заңының
5, 7-ші баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 26 наурыздағы N 296 "2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасында кедейшілікті төмендету жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы"
қаулысын
жүзеге асыру үшін және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шараларды белгілеу үшін, Алматы қаласының Әкімшілігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржылау уәкілетті орган болып белгіленсін.
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (А.Ж. Нұрланов) қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелген, халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жолдасын және оларға еңбекақы төлемдерін қосымшаға сәйкес жүргізсін.
3. Жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыздарды 2005 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына жолдасын.
4. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың 2005 жылға еңбекақысы айына ең төменгі 1,5 жалақы мөлшерінде белгіленсін.
5. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжібаев) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылауға ақшалай қаражаттың уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
6. Әділет басқармасында 2004 жылы 12 наурызда N 587 тіркелген, "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан қала Әкімшілігінің 2004 жылы 17 ақпанда N 2/132 "2004 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Енгiзедi:
Қалалық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтiк қорғау
Департаментi А. Нұрланов
Келiсiлдi :
Алматы қаласы Әкiмiнiң
орынбасары А. Бижанов
Алматы қалалық қаржы
басқармасы Қ. Тәжiбаев
Заң бөлiмi Р. Исабаева
Жіберілсін:
Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті, қалалық қаржы басқармасы, халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
Хаттама бөлімінің
меңгерушісі М.Құлсейітова
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2005 жылғы "07" қаңтардағы N 1/08
"Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін құрылатын әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржылау шаралары туралы"
қаулысына қосымша
Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржылау шаралары
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражаттарымен белгіленеді немесе құрылады.
2. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды және олардың еңбекақыларына арналған бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, уәкілетті орган белгісіз мерзімге халықтың нысаналы топтарының ішіндегі
жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын құруға немесе ұсынуға дайын, өз жазбаша келісімдері бойынша барлық меншік нысанындағы ұйымдардың тізбесін белгілейді.
3. Уәкілетті орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісім-шартқа отырады.
4. Уәкілетті орган жұмыссыздардың келісімімен оларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуы үшін жолдама береді.
5. Жұмыс беруші жолдамамен келген жұмыссызбен жеке еңбек келісім-шартына отырады және үш күндік мерзімде уәкілетті органға жұмыс берушінің өз қаражатынан төленетін, белгіленген жалақы мен үстемақы көлемі көрсетілген жұмыссызды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын уақытынан бұрын бұзған жағдайда, үш күндік мерзімнің ішінде жұмыскерді жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынып, уәкілетті органды хабардар етеді.
7. Әлеуметтік жұмыс орнында қызмет ету үшін жасалған жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталысымен, жұмыс беруші еңбекақыны өз қаражаттарының есебінен беріп жұмыскермен келісім-шарттың күшін белгісіз мерзімге ұзартады.
8. Жергілікті бюджет қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаттары әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылау көздері болып табылады.
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшерінен төмен емес және жасалатын жұмыстың саны, сапасы, күрделілігіне байланысты жұмыс берушінің өзімен анықталады. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыскердің жалақысы жергілікті бюджеттен қаржыланатын еңбекақы мөлшерінен асқан жағдайда, үстемақыны жұмыс беруші өз қаражатынан жүргізеді.
10 Жергілікті бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері жыл сайын Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен белгіленеді.
11. Аталған азамат санаттарының еңбекақылары келісім-шарттардың негізінде жұмыскерлердің екінші деңгейлі банктердегі есеп-шоттарына аудару арқылы, уәкілетті органмен және үстемақы белгіленген жағдайда, жұмыс берушімен жүргізіледі.
Жұмыскер уәкілетті органға банк мекемелерінің филиалында ашылған дербес шоты туралы мәлімет береді.
Жұмыскердің еңбекақысы үшін қаражат, оны жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі және жұмыс беруші ұсынған жұмыс уақыты тізімдігінің негізінде аударылады.
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын және қаржылауын бақылауды уәкілетті орган және басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген тәртіп пен құзырлық шегінде жүргізеді.
Әкімшілік хатшысы