Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
27-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Заңының
7,
18-1 баптарын
басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының Әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымша берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып саналсын.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Ж. Нұрланов):
халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды 2006 жылдың ақпанынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
2006 жылға арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынының ішінара төлемін өтесін.
4. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынының ішінара өтемақысының мөлшері ай сайын 1,5 төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін және екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
5. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 1/08 "Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржылау шаралары туралы"
қаулысының
күші жойылды деп танылсын, Алматы қаласы Әділет департаментінде 2005 жылы 1 ақпанда N 642 тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінде 2005 жылы 8 ақпанда N 25, "Алматы Ақшамы" газетінде 2005 жылы 8 ақпанда N 15 жарияланған.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының
Әкімі
Әкімдік хатшысы
Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы
N 5/869 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
1) Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады;
2) жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;
3) жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күні және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;
4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.
Әкімдік хатшысы