Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржылау шаралары туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 1/08 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 1 ақпанда N 642 тіркелді

       Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/869  қаулысымен .

     Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының  27-ші бабын, Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Заңының  5, 7-ші баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 26 наурыздағы N 296 "2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасында кедейшілікті төмендету жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы"  қаулысын  жүзеге асыру үшін және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шараларды белгілеу үшін, Алматы қаласының Әкімшілігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
      1. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржылау уәкілетті орган болып белгіленсін.
 
      2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (А.Ж. Нұрланов) қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелген, халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жолдасын және оларға еңбекақы төлемдерін қосымшаға сәйкес жүргізсін.
 
      3. Жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыздарды 2005 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына жолдасын.
 
      4. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың 2005 жылға еңбекақысы айына ең төменгі 1,5 жалақы мөлшерінде белгіленсін.
 
      5. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжібаев) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылауға ақшалай қаражаттың уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
 
      6. Әділет басқармасында 2004 жылы 12 наурызда N 587 тіркелген, "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан қала Әкімшілігінің 2004 жылы 17 ақпанда N 2/132 "2004 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
 
      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.
 

       Алматы қаласының Әкімі

      Әкімшілік хатшысы                             

 
     Енгiзедi:

 
      Қалалық еңбек, жұмыспен қамту
      және халықты әлеуметтiк қорғау
      Департаментi                           А. Нұрланов

 
     Келiсiлдi :

      Алматы қаласы Әкiмiнiң
      орынбасары                             А. Бижанов

 
      Алматы қалалық қаржы
      басқармасы                             Қ. Тәжiбаев

 
      Заң бөлiмi                             Р. Исабаева

 
     Жіберілсін:
      Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті, қалалық қаржы басқармасы, халықты әлеуметтік қорғау бөлімі

 
     Хаттама бөлімінің
     меңгерушісі                     М.Құлсейітова                         

Алматы қаласы Әкімшілігінің
2005 жылғы "07" қаңтардағы N 1/08
"Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін құрылатын әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржылау шаралары туралы"
қаулысына қосымша

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржылау шаралары

      1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражаттарымен белгіленеді немесе құрылады.
      2. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды және олардың еңбекақыларына арналған бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, уәкілетті орган белгісіз мерзімге халықтың нысаналы топтарының ішіндегі   жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын құруға немесе ұсынуға дайын, өз жазбаша келісімдері бойынша барлық меншік нысанындағы ұйымдардың тізбесін белгілейді.
      3. Уәкілетті орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісім-шартқа отырады.
      4. Уәкілетті орган жұмыссыздардың келісімімен оларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуы үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші жолдамамен келген жұмыссызбен жеке еңбек келісім-шартына отырады және үш күндік мерзімде уәкілетті органға жұмыс берушінің өз қаражатынан төленетін, белгіленген жалақы мен үстемақы көлемі көрсетілген жұмыссызды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
      6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын уақытынан бұрын бұзған жағдайда, үш күндік мерзімнің ішінде жұмыскерді жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынып, уәкілетті органды хабардар етеді.
      7. Әлеуметтік жұмыс орнында қызмет ету үшін жасалған жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталысымен, жұмыс беруші еңбекақыны өз қаражаттарының есебінен беріп жұмыскермен келісім-шарттың күшін белгісіз мерзімге ұзартады.
      8. Жергілікті бюджет қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаттары әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылау көздері болып табылады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшерінен төмен емес және жасалатын жұмыстың саны, сапасы, күрделілігіне байланысты жұмыс берушінің өзімен анықталады. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыскердің жалақысы жергілікті бюджеттен қаржыланатын еңбекақы мөлшерінен асқан жағдайда, үстемақыны жұмыс беруші өз қаражатынан жүргізеді.
      10 Жергілікті бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері жыл сайын Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен белгіленеді.
      11. Аталған азамат санаттарының еңбекақылары келісім-шарттардың негізінде жұмыскерлердің екінші деңгейлі банктердегі есеп-шоттарына аудару арқылы, уәкілетті органмен және үстемақы белгіленген жағдайда, жұмыс берушімен жүргізіледі.
      Жұмыскер уәкілетті органға банк мекемелерінің филиалында ашылған дербес шоты туралы мәлімет береді.
      Жұмыскердің еңбекақысы үшін қаражат, оны жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі және жұмыс беруші ұсынған жұмыс уақыты тізімдігінің негізінде аударылады.
      12. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын және қаржылауын бақылауды уәкілетті орган және басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген тәртіп пен құзырлық шегінде жүргізеді.

       Әкімшілік хатшысы

О мерах по организации и финансированию социальных рабочих мест, создаваемых для трудоустройства безработных граждан

Постановление Акимата города Алматы от 7 января 2005 года N 1/08. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 1 февраля 2005 года за N 642. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы N 5/869 от 29 декабря 2005 года (V05R691)

     Руководствуясь статьей 27  Закона  Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148-II "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", статьями 5, 7  Закона  Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 149-II "О занятости населения", в целях реализации  постановления  Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2003 года N 296 "Об утверждении Программы по снижению бедности в Республике Казахстан на 2003-2005 годы" и установления дополнительных мер по социальной защите целевых групп населения, акимат города Алматы  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
     1. Определить уполномоченным органом по организации и финансированию социальных рабочих мест, создаваемых для трудоустройства безработных граждан, Департамент труда, занятости и социальной защиты населения.
     2. Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения (Нурланов А.Ж.) осуществлять направление безработных, входящих в целевые группы населения, зарегистрированных в уполномоченном органе по вопросам занятости, для трудоустройства на социальные рабочие места и производить оплату их труда в пределах средств, предусмотренных в бюджете города, согласно приложению.
     3. Направлять безработных для трудоустройства на социальные рабочие места с января 2005 года.
     4. Установить на 2005 год оплату труда безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, из средств местного бюджета в размере 1,5 минимальной заработной платы на одного человека в месяц.
     5. Городскому финансовому управлению (Тажибаев К.К.) обеспечить своевременное выделение денежных средств на финансирование социальных рабочих мест.
     6. Признать утратившим силу  постановление  акимата от 17 февраля 2004 года N 2/132 "Об организации социальных рабочих мест в 2004 году", зарегистрированное в управлении юстиции 12.03.2004 года N 587, опубликованное в газетах "Вечерний Алматы", "Алматы Акшамы".
     7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Бижанова А.Х.

     Аким города Алматы              И.Тасмагамбетов

     Секретарь акимата               К.Тажиева

                                                

Приложение                
к постановлению акимата города Алматы  
от 7 января 2005 года N 1/08    
"О мерах по организации и финансированию
социальных рабочих мест, создаваемых 
для трудоустройства безработных граждан"

Меры по организации и финансированию
социальных рабочих мест, создаваемых
для трудоустройства безработных граждан

     1. Социальные рабочие места определяются или создаются работодателями на собственные средства.
     2. С целью обеспечения трудоустройства безработных на социальные рабочие места и эффективного использования бюджетных средств, предназначенных на оплату их труда, уполномоченный орган определяет с письменного согласия работодателей перечень организаций, готовых предоставить или создать социальные рабочие места на основании их письменных заявок.
     3. Уполномоченный орган заключает договор с работодателями на создание социальных рабочих мест.
     4. Направление безработных для трудоустройства на социальные рабочие места осуществляется уполномоченным органом с согласия безработных.
     5. Работодатель заключает с направленным безработным индивидуальный трудовой договор и предоставляет уполномоченному органу в трехдневный срок копию приказа о приеме безработного на работу с указанием установленного ему оклада и размера доплаты, выплачиваемой работодателем из собственных средств.
     6. В случае досрочного расторжения индивидуального трудового договора с работником в соответствии с законодательством Республики Казахстан, работодатель уведомляет уполномоченный орган, предоставив копию приказа об увольнении работника в трехдневный срок.
     7. После истечения срока индивидуального трудового договора, заключенного для работы на социальном рабочем месте, работодатель продлевает действие договора на неопределенный срок с оплатой труда работника за счет собственных средств.
     8. Источниками финансирования социальных рабочих мест являются средства местного бюджета и средства работодателей.
     9. Размер заработной платы безработным, трудоустроенным на социальные рабочие места, устанавливается работодателем самостоятельно в зависимости от количества, качества и сложности выполняемой работы и не может быть ниже установленного законодательством Республики Казахстан минимального размера заработной платы. В случае превышения заработка работника, работающего на социальном рабочем месте, размера оплаты труда, финансируемого из местного бюджета, работодатель производит доплату из собственных средств.
     10. Размер оплаты труда безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, финансируемой из местного бюджета, устанавливается постановлением акимата города Алматы.
     11. Оплата труда указанной категорий граждан осуществляется уполномоченным органом и работодателем, в случае установления им доплаты, на основании индивидуального трудового договора путем зачисления на лицевые счета работников в банках второго уровня.
     Работник предоставляет уполномоченному органу сведения о лицевом счете, открытом в филиале банковского учреждения.
     Перечисление средств для оплаты труда работника осуществляется на основании копии приказа о приеме его на работу и табеля учета рабочего времени, предоставляемого работодателем.
     12. Контроль за организацией и финансированием социальных рабочих мест осуществляется уполномоченным органом и другими государственными органами в пределах их компетенции, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

     Секретарь акимата                                  К.Тажиева