Алматы қаласының жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу, жоғары кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы оқушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері үшін қалалық қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері туралы

III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХVІІІ сессиясының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 180 шешімі. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте N 672 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 18 қаңтардағы N 395 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXVI сессиясының 2011.01.18 N 395 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз).

      "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Заңының 34-бабына, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы  Заңының 6-бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 4 қаулысына сәйкес, Алматы қаласының жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу, жоғары кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы оқушыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау мақсатында ІІІ сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2005 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы қаласының жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу, жоғары кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы оқушыларына меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан көрсетілген жеңілдік құқығын айғақтайтын тиісті құжат болған жағдайда қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру төлемінің 50 пайызы көлемінде жеңілдік енгізілсін.

      2. 2005 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру төлемінен босатылсын.

      3. Алматы қалалық әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және денсаулық жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Б. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары З.И.Заяцқа жүктелсін.

      Алматы қалалық ІІІ сайланған
      Мәслихаты ХVІІІ сессиясының
      төрағасы                                С. Қалақов

      Алматы қалалық ІІІ сайланған
      Мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

О льготах на проезд в городском общественном транспорте для учащихся очной формы обучения среднего общего, начального и среднего профессионального образования, высших профессиональных учебных заведений города Алматы, а также военнослужащих внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Решение Маслихата города Алматы от 28 сентября 2005 года N 180. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 30 сентября 2005 года за N 672. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 18 января 2011 года N 395

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 18.01.2011 N 395.

      В соответствии с подпунктом 3 пункта 1 статьи 31  Закона Республики Казахстан "Об образовании" от 7 июня 1999 года, статьи 34  Закона Республики Казахстан "О внутренних войсках Министерства внутренних дел Республики Казахстан" от 23 июня 1992 года, подпунктом 4 статьи 6  Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике" от 7 июля 2004 года и  Постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 1 июля 2005 года N 4 "Об официальном толковании пункта 3 статьи 26 Конституции Республики Казахстан", в целях социальной защиты учащихся очной формы обучения среднего общего, начального и среднего профессионального образования, высших профессиональных учебных заведений города Алматы, а также военнослужащих внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Маслихат города Алматы III-го созыва  РЕШИЛ :

      1. Ввести с 1 октября 2005 года для учащихся очной формы обучения среднего общего, начального и среднего профессионального образования, высших профессиональных учебных заведений, независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности, льготу в размере 50 % от стоимости платы за проезд в городском общественном транспорте (кроме такси) при наличии соответствующего документа, удостоверяющего право на указанную льготу.

      2. Освободить с 1 октября 2005 года военнослужащих внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан от оплаты за проезд в городском общественном транспорте (кроме такси).

      3. Рекомендовать Акимату города Алматы принять необходимые меры по реализации настоящего решения.

      4. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам и здравоохранению (Тажиев Е.Б.) и первого заместителя акима города Алматы Заяц Я.И. 

           Председатель
      XVIII-й сессии Маслихата 
      города Алматы III-го созыва                  С.Калаков

        Секретарь
      Маслихата города Алматы
      III-го созыва                                Т.Мукашев