Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.09.2015 № 367 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 55 бабы 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 6 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және халықтың аса әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында, IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық (таксиден басқа, автомобиль және қалалық электр) көліктерінде жол жүру үшін айлық жол жүру билеттерінің түрлері және бағасы бекітілсін.
2. Айлық жол жүру билеттері бойынша қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақысы жеңілдігі берілсін:
Алматы қаласы жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен билет құнының 100% төлемімен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Алматы қаласы жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен билет құнының 50% төлемімен:
1) 15 жастан жоғары жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына;
2) техникалық және кәсіби білім беру орындарында оқитын білім алушыларға күндізгі оқыту нысанында оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне;
3) жасына қарай зейнеткерлерге берілсін.
3. Алматы қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.
4. Келесі шешімдердің күші жойылған деп танылсын:
II сайланған Алматы қаласы мәслихатының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы «Алматы қаласындағы электр көліктерінде жасына қарай зейнеткерлер үшін жол ақысының жеңілдігін енгізу туралы» (2000 жылдың 11 қаңтарында № 94 нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген, 2000 жылдың 14 қаңтарында «Вечерний Алматы» газетінің № 7-8 жарияланған) III сессиясының шешімі;
III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі «Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіби білім, Алматы қаласының жоғарғы кәсіби оқу орындары күндізгі оқу түрінің оқушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскери қызметкерлері үшін қалалық қоғамдық көліктеріндегі жол ақысының жеңілдігі туралы» (2005 жылдың 30 қыркүйегінде № 672 нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген, 2005 жылдың 8 қазанында «Вечерний Алматы» газетінің № 208-209 жарияланған) XVIII сессиясының шешімі.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б.Тәжиев), сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.Долженковқа жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXXVI сессиясының
төрағасы Қ.Өскенов
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т.Мұқашев
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXXV сессиясының
2011 жылғы 18 қаңтардағы
№ 395 шешіміне қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 19.12.2013 N 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Алматы қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Алматы қаласының қалалық қоғамдық (таксиден басқа, автомобиль және қалалық электр) көліктеріндегі жолақы үшін жеңілдікті айлық жол жүру билеттерінің түрлері және құны
1.-15 жастан жоғары жалпы білім беру мектебі оқушыларының жеңілдік айлық жол жүру билеті - бағасы 2000 (екі мың) теңге.
Билет құнының 1000 (бір мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 1000 (бір мың) теңгесі оқушылардың билет алған ақшасынан төленеді.
2.-Техникалық және кәсіби білім беру орындарында оқитын білім алушыларға, жоғарғы оқу орындары студенттерінің айлық жол жүру билеті -бағасы 5600 (бес мың алты жүз) теңге.
Билет құнының 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі білім алушылардың немесе студенттердің билет алған ақшасынан төленеді.
3.-Жасына қарай зейнеткерлердің айлық жол жүру билеті–бағасы 4000 (төрт мың) теңге.
Билет құнының 2000 (екі мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2000 (екі мың) теңгесі зейнеткерлердің билет алған ақшасынан төленеді.
4.-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдетілген айлық жол жүру билеті - бағасы 1600 (бір мың алты жүз) теңге. Билеттің құны толығымен жергілікті бюджет қаражатының есебінен төленеді.
Ескерту: Айлық жол жүру билетінің бағасы қоғамдық көліктердегі жол ақысы төлемінің бір жол жүру ақысы 80 (сексен) теңге есебінен белгіленді. Айлық жол жүру билетінің бағасы жол жүру бағасы өзгерген кезде белгіленген бағаға мөлшерлес өзгереді.