Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 258 бабының 4 тармақшасына сәйкес III сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002-жылғы 31 шілдедегі ХVIII-сессиясының "Алматы қаласында ойын бизнесі объектілеріне акциз мөлшерлерін бекіту туралы" шешімінің (Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 13 тамызда N 463 тіркелген, 2002 жылғы 27 тамызда "Алматы Ақшамы" газетінде, 2002 жылғы 28 тамызда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) 1-ші тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Алматы қаласындағы ойын бизнесі объектілеріне акциз ставкалары, келесі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әрі қарай - "АЕК") бір жылға бекітілсін:
ойын столы - 1400 АЕК;
ақшалай ұтыс берілетін ойын автоматтар - 50 АЕК;
тотализатор кассасы - 400 АЕК;
букмекерлік кеңсе кассасы - 200 АЕК.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баедиловке жүктелсін.
III-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
XIX-сессиясының төрағасы К. Шалабаев
III-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев