Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасы "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Салық Кодексiнiң 258-бабының 4-шi тармағына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N№137-шi Қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2002 жылғы 26-сәуiрдегi N 476-шы Қаулысына және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады:
1. Алматы қаласындағы ойын бизнесі объектілеріне акциз ставкалары, келесі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әрі қарай - "АЕК") бір жылға бекітілсін:
ойын столы - 1400 АЕК;
ақшалай ұтыс берілетін ойын автоматтар - 50 АЕК;
тотализатор кассасы - 400 АЕК;
букмекерлік кеңсе кассасы - 200 АЕК.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының 2005 жылғы 18 қарашадағы N 195 шешімімен.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасы Қ.Қ. Нұрпейiсовке жүктелсiн.
II-сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
ХVIII-сессиясының төрағасы
II-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы