II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 31 шілдедегі ХVIII-сессиясының "Алматы қаласында ойын бизнесі объектілеріне акциз мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының 2005 жылғы 18 қарашадағы N 195 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2005 жылы 9 желтоқсанда N 682 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 258 бабының 4 тармақшасына сәйкес III сайланған Алматы қаласының Мәслихаты  ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002-жылғы 31 шілдедегі ХVIII-сессиясының "Алматы қаласында ойын бизнесі объектілеріне акциз мөлшерлерін бекіту туралы" шешімінің (Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 13 тамызда N 463 тіркелген, 2002 жылғы 27 тамызда "Алматы Ақшамы" газетінде, 2002 жылғы 28 тамызда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) 1-ші тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Алматы қаласындағы ойын бизнесі объектілеріне акциз ставкалары, келесі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әрі қарай - "АЕК") бір жылға бекітілсін:
                  
      ойын столы - 1400 АЕК;
      ақшалай ұтыс берілетін ойын автоматтар - 50 АЕК;
      тотализатор кассасы - 400 АЕК;
      букмекерлік кеңсе кассасы - 200 АЕК.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баедиловке жүктелсін.

      III-сайланған
      Алматы қаласы Мәслихатының
      XIX-сессиясының төрағасы          К. Шалабаев

      III-сайланған Алматы қаласы
      Мәслихатының хатшысы             Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады