Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 N 27 Шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" N 1551 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 13-бабына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШТІ:
1. Шақыру күнiне 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2005 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкiмдерi:
1) аудандар мен қаланың жергiлiктi өкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн;
2) аудандық және қалалық шақыру комиссияларының құрамы және шақыру жүргiзудiң кестесiн бекiтсiн;
3) қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдердi (басқарма) шақыру комиссиясының жұмысы үшiн үй-жаймен қамтамасыз етсiн;
4) азаматтардың қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдерге (басқарма) шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшiн ұйымдасқан түрде келулерiн қамтамасыз етсiн, осы мақсаттар үшiн құлақтандыру тобын бөлсiн;
5) автомобиль көлiгiмен қамтамасыз етсiн және қажеттi санда техникалық қызметкерлердi бөлсiн;
6) көрсетiлген iс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды жергiлiктi бюджет есебiнен көрсетiлген iс-шараларға бөлiнген қаражат шегiнде iске асырсын.
4. Денсаулық сақтау департаментi:
1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктiндегi медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсiн;
2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөнiндегi комиссияны дәрiгер-мамандармен, әсiресе тар саладағы мамандармен iрiктесiн;
3) шақыру комиссиясымен жiберiлген азаматтардың медициналық қаралуы үшiн емдеу-алдын алу мекемелерiнде орындар көздесiн.
5. Ішкi iстер басқармасы:
1) шақыру комиссиясының құрамына Петропавл қаласының және аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басқарушы құрамынан лауазымды тұлғаларды енгiзсiн;
2) азаматтарды шақыру кезеңiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен (басқарма) қарым-қатынас ұйымдастырсын, шақыру пункттерiнде тәртiп пен тәртiптiлiктi қамтамасыз етсiн;
3) шақыру кезеңiне облыстық жинау пунктiнде тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн полиция нарядын бөлсiн, темiр жол стансасы, жас толықтырушыларды әскерге жинау және аттандыру орындарына күшейтiлген нарядтар бөлуiн қамтамасыз етсiн;
4) жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiктен жасырынып жүрген тұлғаларды iздестiруiн, ұстауын жүргiзсiн. Ұсталынғандарды iздестiру және жеткiзу бойынша шығыстарды төлеу осы тұлғалар есебiнен жүргiзiледi.
6. Петропавл қаласының әкiмi облыстық жинау пунктiнде азық-түлiк және өнеркәсiптiк тауарлардың сатылуын ұйымдастырсын.
7. Мәдениет департаментi шақыру пункттерiнде көркем-өнерпаздар ұжымының өнер көрсетуiн және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырсын.
8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинау пунктiнде спорттық-бұқаралық iс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығы тексерiлуiн ұйымдастырсын.
9. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В. Развинге жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыстық мәслихаттың ХVІ сессиясының төрағасы
Облыс әкiмi 2005 жылғы
26 мамырдағы N 2
мен облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 27 мамырдағы
N 16/5 бiрлескен шешiмiне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ:
РАЗВИН |
комиссия төрағасы, |
ГАЛЫГИН |
комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелерi: |
|
КРИВОШЕЕВА |
комиссия хатшысы, облыстық |
МАҒЗҰМОВ |
денсаулық сақтау департаментi |
ЖАРАЯ |
Оңтүстiк Орал темiр жолы |
СҰЛТАНОВ |
облыстық iшкi iстер басқармасы |