2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 2005 жылғы 27 мамырдағы N 16/5 және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 2 бірлескен шешімдері. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаментінде 2005 жылғы 16 маусымда N 1588 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 27 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 N 27 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" N 1551 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 13-бабына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШТІ:
       1. Шақыру күнiне 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2005 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
       3. Петропавл қаласы мен аудандар әкiмдерi: 
      1) аудандар мен қаланың жергiлiктi өкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн;
      2) аудандық және қалалық шақыру комиссияларының құрамы және шақыру жүргiзудiң кестесiн бекiтсiн;
      3) қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдердi (басқарма) шақыру комиссиясының жұмысы үшiн үй-жаймен қамтамасыз етсiн;
      4) азаматтардың қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдерге (басқарма) шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшiн ұйымдасқан түрде келулерiн қамтамасыз етсiн, осы мақсаттар үшiн құлақтандыру тобын бөлсiн;
      5) автомобиль көлiгiмен қамтамасыз етсiн және қажеттi санда техникалық қызметкерлердi бөлсiн;
      6) көрсетiлген iс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды жергiлiктi бюджет есебiнен көрсетiлген iс-шараларға бөлiнген қаражат шегiнде iске асырсын.
       4. Денсаулық сақтау департаментi:
      1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктiндегi медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсiн;
      2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөнiндегi комиссияны дәрiгер-мамандармен, әсiресе тар саладағы мамандармен iрiктесiн;
      3) шақыру комиссиясымен жiберiлген азаматтардың медициналық қаралуы үшiн емдеу-алдын алу мекемелерiнде орындар көздесiн.
       5. Ішкi iстер басқармасы:
      1) шақыру комиссиясының құрамына Петропавл қаласының және аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басқарушы құрамынан лауазымды тұлғаларды енгiзсiн;
      2) азаматтарды шақыру кезеңiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен (басқарма) қарым-қатынас ұйымдастырсын, шақыру пункттерiнде тәртiп пен тәртiптiлiктi қамтамасыз етсiн;
      3) шақыру кезеңiне облыстық жинау пунктiнде тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн полиция нарядын бөлсiн, темiр жол стансасы, жас толықтырушыларды әскерге жинау және аттандыру орындарына күшейтiлген нарядтар бөлуiн қамтамасыз етсiн;
      4) жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiктен жасырынып жүрген тұлғаларды iздестiруiн, ұстауын жүргiзсiн. Ұсталынғандарды iздестiру және жеткiзу бойынша шығыстарды төлеу осы тұлғалар есебiнен жүргiзiледi.
       6. Петропавл қаласының әкiмi облыстық жинау пунктiнде азық-түлiк және өнеркәсiптiк тауарлардың сатылуын ұйымдастырсын.
      7. Мәдениет департаментi шақыру пункттерiнде көркем-өнерпаздар ұжымының өнер көрсетуiн және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырсын.
       8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинау пунктiнде спорттық-бұқаралық iс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығы тексерiлуiн ұйымдастырсын.
       9. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В. Развинге жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

      Облыстық мәслихаттың ХVІ сессиясының төрағасы

Облыс әкiмi 2005 жылғы
26 мамырдағы N 2
мен облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 27 мамырдағы
N 16/5 бiрлескен шешiмiне
қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ:

РАЗВИН
Сергей Владимирович

комиссия төрағасы,
облыс әкiмiнiң орынбасары

ГАЛЫГИН
Юрий Борисович

комиссия төрағасының орынбасары
қорғаныс iстерi жөнiндегi депар
тамент бастығының уақытша м.а.


Комиссия мүшелерi:

КРИВОШЕЕВА
Зоя Ивановна

комиссия хатшысы, облыстық
аурухананың мейiрбикесi

МАҒЗҰМОВ
Азамат Белгiбайұлы

денсаулық сақтау департаментi
бастығының орынбасары

ЖАРАЯ
Лариса Григорьевна

Оңтүстiк Орал темiр жолы
бөлiмшесi ауруханасының
дәрiгер-терапевтi

СҰЛТАНОВ
Талғат Дүйсенұлы

облыстық iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады