Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.06.25 N 783 Қаулысымен
"Азаматтардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 590-II Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 Қаулысына сәйкес, қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру мәселелерiн реттеу мақсатымен қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жол кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру жөнiндегi қалалық комиссия туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмi аппаратының басшысы Б.Қ. Есмановқа жүктелсiн.
Қала әкiмі
Қала әкiмiнiң
2005 жылғы 5 сәуірдегі N 4
қаулысымен бекiтiлген
Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру жөнiндегi қалалық комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру ережелерін бекiту туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 Қаулысына сәйкес әзірленген және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететін азаматтарды ынталандыруға облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты беру мәселелері бойынша Комиссиясының құзырын анықтайды.
2. Комиссиясының мақсаттары және міндеттері
2. Өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ынталандырудың тәртібін, шарттарын, мерзімдерін бекітеді;
2) облыстық бюджет қаражатынан ынталандыру мөлшерін анықтайды;
3) облыстық бюджет қаражатынан берілетін ынталандыру мөлшерін ұлғайту жөніндегі мәселені қарайды;
3. Мөлшері белгіленген тәртіппен анықталғаннан асатын берілетін сомалар жөнінде Петропавл қ. әкімдігінің қаулылармен әрбір жоба бойынша жеке анықталады.
4. Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының азаматтарды ынталандыру үшін берілетін ұсыныстарын қарайды.
5. Облыстық бюджет қаражатынан ынталандыру төлемақысын төлеуге шешім қабылдайды.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға басқарады, ол комиссия қызметіне басшылық етеді, оның жұмысын ұйымдастырады.
7. Комиссияның құрамын Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
8. Комиссияның шешімі қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының дауыстарының жай көпшілігімен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, оның өзінің ерекше пікірін айтуға құқықты бар.
9. Комиссия отырыстары қажет болуына қарай, бірақ, кемінде екі айда бір рет өткізіледі.
10. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
5. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату
11. Комиссияның қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.