Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"»N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағындағы 14) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2005 жылғы 27 шiлдедегi N№2-1228/05 шешiмiнiң негiзiнде қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек беру Ережесiн бекiту туралы" N 215 (2005 жылғы 15 сәуiрдегi әдiлет органында мемлекеттiк тiркеу нөмiрi N№1578; 2005 жылғы 6 мамырдағы "Добрый вечер" газетi.) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн.
Жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген қосымшада:
7-тармақтағы "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жанындағы" сөздер "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жағынан сөздерiмен ауыстырылсын.
8-тармақ алынып тасталсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмi