Петропавл қаласы әкiмдiгi 2005 жылы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек беру Ережесiн бекiту туралы" N 215 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 1342 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2005 жылғы 2 желтоқсанда N 13-1-27 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"»N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағындағы 14) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2005 жылғы 27 шiлдедегi N№2-1228/05 шешiмiнiң негiзiнде қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек беру Ережесiн бекiту туралы" N 215 (2005 жылғы 15 сәуiрдегi әдiлет органында мемлекеттiк тiркеу нөмiрi N№1578; 2005 жылғы 6 мамырдағы "Добрый вечер" газетi.) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн.
      Жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген қосымшада:
       7-тармақтағы "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жанындағы" сөздер "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жағынан сөздерiмен ауыстырылсын.
       8-тармақ алынып тасталсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсiн.

      Қала әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады