Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 2 бетте.
АОӘД бастығы
Қосымша:
19) Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы N 188-ІІІ "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 19 наурызда N 2368 тіркелді)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N№1146 "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" қаулысын орындау мақсатында ІІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты Х сессиясында шешім етті:
1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 9 ақпандағы N 55 қаулысымен ұсынылып отырған "Тілдерді қолдану мен дамытуды 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (жалғанды).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Б. Өмірбекова) жүктелсін.
Облыстық мәслихат Х сессиясының төрайымы
Облыстық мәслихат хатшысы
Атырау облыстық әкімиятының
2005 жылғы 9 ақпандағы N 55 қаулысы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға
арналған өңірлік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146 "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, тиісті атқарушы органдар басшылары:
1) Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі бөліміне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жыл сайын 25 мамыр мен 25 қарашаға ұсынып отырсын.
3. Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті 2005 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде осы Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат қарастырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімиятының
2005 жылғы 9 ақпан№N 55
қаулысына қосымша
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006
жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Мазмұны:
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жәй-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асыруды негізгі бағыттары мен тетіктері
6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы: Тілдерді қолдану мен дамытуды 2005-2006 жылдарға
арналған өңірлік бағдарламасы
Әзірлеу үшін "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
негіздеме: арналған мемлекеттік бағдарламасы" және "Тілдерді
қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарының" 2-тармағы
Негізгі Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі
әзірлеуші:
Бағдарла. І-кезең - 2005 жыл
маны іске ІІ-кезең - 2006 жыл
асыру
мерзімі:
Мақсаттары: Атырау облысын мекен ететін халықтардың тілдерін
дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатты біріктіреді;
мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін
кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени
функцияларын сақтау, этникалық топтардың тілдерін
дамыту
Міндеттері: Осы мақсаттарды іске асыру мынадай міндеттерді шешуді
көздейді:
- мемлекеттік басқару және басқа салаларда мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- өңірде орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтау;
- өзге этникалық қауымдастықтар тілдерін дамытуға
мемлекеттік қолдау көрсету.
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджеттер
көздері : қаражаттары есебінен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамалық кесімдерімен тыйым
салынбаған басқа да көздерден іске асырылады.
Күтілетін Бағдарламаны іске асыру облыс аумағында Қазақстан
нәтижелер : Республикасы Конституциясының 7,19, 93-баптарына сәйкес
оңтайлы лингвистикалық кеңістік құруды көздейді.
2. Кіріспе
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146 қаулысымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының"
2-тармағына сәйкес әзірленген.
3. Проблеманың қазіргі жәй-күйін талдау
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру барысында мемлекеттік тілді қолданылу аясын кеңейту, өзге де тілдерді дамыту жөнінде бірсыпыра жұмыстар тындырылды.
Мемлекеттік мекемелерде,±ұйымдарда, кәсіпорындарда аудармашылар, оқытушылар штаты енгізілді, азаматтардың мемлекеттік тілді тегін оқып-үйрену, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары жалғасуда.
Мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда 200-ден астам аудармашы жұмыс істейді. 140 үйірмеде 2 мыңға жуық азаматтар мемлекеттік тілді, ұлттық диаспоралар өкілдері ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде өз ана тілдерін оқып, үйренуде.
Облыстың көптеген мемлекеттік мекемелерінде компьютерлерге
мемлекеттік тілді жедел үйретуді көздейтін "Қазақ тілінде жұмыс істеуді бастаймыз" атты арнаулы бағдарлама енгізілді.
Бұл бағыттағы оң тәжірибе "Атырау мұнай өңдеу зауыты" АҚ-да,
"Қазақтелеком" ААҚ, "Ембімұнайгаз" ААҚ-ында және басқа да ірі
кәсіпорындарда жинақталған.
Жергілікті баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары
қалыптастырып отырған ақпараттық ортада мемлекеттік тіл басым орын алады. Мысалы, облыстық телерадиокомпанияның хабарларының жалпы көлемінің 60% астамы мемлекеттік тілде таратылуда.
Сонымен бірге бірқатар мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізу, мемлекеттік тілді оқыту мәселелері әлі де болса өз шешімін таппай келеді.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Атырау облысы халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына және тілдік заңдылықтар саласындағы басқа нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген үш негізгі мақсатты белгілейді:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайту;
- орыс тілінің жалпы мәдени функциясын сақтау;
- этникалық топтардың тілдерін дамыту;
Осы мақсаттарды іске асыру мына міндеттерді шешуді көздейді:
- облыс аумағында мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
- облыс әкімінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №351 "Атырау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы" шешімінің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- облыс азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау;
- Атырау облысында орыс тілінің жалпы мәдени функциясын сақтауға жәрдемдесу;
- өзге этникалық қауымдастықтар тілдерін сақтауға және дамытуға, соның ішінде жәрдемдесу жолымен диаспоралар өкілдерінің ана тілін үйренуіне көмек көрсету арқылы, мемлекеттік қолдау көрсету.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
мен тетіктері
Бағдарламаның негізгі бағыттары "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" басымдылықтарына сәйкес қалыптастырылды:
1 басымдық:
Өңірдегі тіл саясатын іске асыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету Тілдер туралы заңнама талаптарының сақталуына бақылау жасау саласында қадағалау органдарымен қарым-қатынасты күшейту, оның бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптары бойынша қолданатын мемлекеттік органдар, ±ұйымдар және мекемелер қызметкерлерін материалдық ынталандыру туралы заң актілерін іске асыру мәселелерінде жергілікті және аумақтық атқарушы органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
2 басымдық:
Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару саласындағы іскерлік қатынастар тілі ретінде дамыту
Мемлекеттік қызметкерлерге арналған бірыңғай оқу-әдістемелік
бағдарламаға негізделген оқу курстарының жұмысын жалғастыру, әр түрлі санаттағы мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде меңгеру дайындығының нақты критериін айқындау.
Шетелдік компаниялармен қарым-қатынаста, сыртқы экономикалық қызметте және өңірдегі сыртқы байланыстардың өзге салаларында мемлекеттік тілдің жұмыс тілі ретінде қолданылуы үшін негіз жасау керек.
3 басымдық:
Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдерді дамыту
Балалардың бастапқы тілдік дайындығында мектепке дейінгі ұйымдар зор роль атқарады. Сондықтан олардың санын көбейту жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі±ұйымдар жүйесін кеңейту назарда болуы тиіс.
Басқа тілдегі топтарда, сыныптарда, оқу орындарында қазақ тілі
пәнінің оқытылу сапасын көтерудің өзектілігін арттыру.
Қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның ішінде білім беру жүйесінде іс жүзінде тұрақты жұмыс жасап отырған орыс тілінің қазіргі мәртебесін сақтауға жәрдем көрсету керек.
Өңірдегі±ұлттық қауымдастықтардың ана тілін үйрететін жексенбілік мектептер, курстар және басқа да оқу нысандарын кеңейту шараларын алу.
4 басымдық:
Тілдерді дамытудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
Кітапшалар, плакаттар, жаднамалар шығару, тіл саясатының әр түрлі мәселелері бойынша сызбалар, карталар, слайдтар және басқа да материалдар әзірлеу, ономастика және топонимика мәселелері бойынша қажетті ұсыныстар дайындау арқылы тіл саясатын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
бағытына мақсатты қызметті жүзеге асыру.
5 басымдық:
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
Мәдениет саласында мемлекеттік тілдің бұқаралық мәдениет, әсіресе жастар тәрбиесі саласында қолданылуына айрықша назар аудару қажет.
Мемлекеттік тілдегі телерадиохабарлардың, басылымдардың санының өсуіне, олардың сапасының артуына жәрдемдесу керек.
Тұрғындарға қызмет көрсететін салалардағы мемлекеттік тілдің іс жүзінде кеңінен қолданылуына ықпал жасау.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі - Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) жыл сайын кезең-кезеңімен орындалуы болып табылады.
6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға қажетті қаражат жыл сайын облыстық бюджетте қарастырылады. Қалалық, аудандық және салалық бағдарламалар жергілікті бюджеттердің есебінен және тиісті мекемелер мен±ұйымдарға облыстық бюджеттен көзделген қаражат шегінде қаржыландырылады.
7. Бағдарламаның іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік Бағдарламасын іске асырудың нәтижелері мыналар болмақ:
- қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыру, оның заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функцияларын облыс аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыру;
- орыс тілінің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген негізгі функцияларын толық көлемде сақтау;
- облыс аумағындағы тұратын басқа да халықтарды ±ұлттық тілдерін сақтау мен дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар |
Аяқталу |
Орындауға |
Ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралары |
|||
1 |
Тілдерді қолдану мен |
Облыс |
Тілдерді |
2 |
Атырау облысындағы тілдерді |
Облыс |
Тілдерді |
3 |
Қазақстан Республикасы |
Облыс |
Тілдерді |
4 |
Облыстық ономастикалық |
Облыс |
Тілдерді |
5 |
Облыстық ономастикалық |
Облыс |
Тілдерді |
6 |
Конституция қабылдануының |
Облыс |
Тілдерді |
7 |
Оралхан Бөкеев атындағы |
Облыс |
Тілдерді |
8 |
Облыстық елді мекендердегі |
Облыс |
Тілдерді |
кестенің жалғасы
Орындалу |
Болжамды |
Қаржыландыру |
Ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралары |
||
2006 жылғы |
Қаржыландыруды |
|
2005 жылғы |
300 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
300 мың теңге |
|
Бекітілген |
Қаржыландыруды |
|
2005 жылғы |
Қаржыландыруды |
|
2005 жылғы |
150 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
150 мың теңге |
|
2005 жылғы |
Қаржыландыруды |
|
2005 жыл |
100 мың теңге |
|
2006 жыл |
100 мың теңге |
|
2005- |
Қаржыландыруды |
кестенің жалғасы
Білім беру және тілдерге оқыту |
|||
1 |
Жоғары және орта |
Облыс әкімиятына |
Білім беру |
2 |
Қазақ тілінде |
Облыс әкімиятына |
Білім беру |
3 |
Ұлттық диаспоралар |
Облыс әкімиятына |
Тілдерді |
4 |
Басқа тілдерде |
Облыс әкімиятына |
Білім беру |
Әдістемелік-лингивистикалық қамтамасыз ету |
|||
1 |
Облыс мекемелерінің |
Облыс әкімиятына |
Тілдерді |
2 |
Білім беру, мәдениет, |
Облыс әкімиятына |
Тілдерді |
3 |
Облыстағы тіл саясаты |
Облыс әкімиятына |
Тілдерді |
4 |
Республикалық орталық- |
Облыс әкімиятына |
Тілдерді |
5 |
"Ұлттық тәрбие және |
Облыс әкімиятына |
Тілдерді |
6 |
Ұлттық диаспоралар |
Облыс әкімиятына |
Тілдерді |
кестенің жалғасы
Білім беру және тілдерге оқыту саласындағы тілдерді |
||
2005-2006 жылдар |
Қаржыландыруды |
|
2005- 2006 жылдар |
Қаржыландыруды |
|
2005-2006 жылдар |
Қаржыландыруды |
|
2005 жылғы |
250 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
250 мың теңге |
|
Әдістемелік-лингивистикалық қамтамасыз ету |
||
2005 жылғы |
400 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
400 мың теңге |
|
2005 жылғы |
400 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
600 мың теңге |
|
2005 жылғы |
Қаржыландыруды |
|
2005 жылғы |
450 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
450 мың теңге |
|
2005 жылғы |
200 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
200 мың теңге |
|
2005 жылғы |
500 мың теңге |
Облыстық |
2006 жылғы |
500 мың теңге |
кестенің жалғасы
7 |
Славян жазуы |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
8 |
Қазақстан |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
кестенің жалғасы
2005 жылғы |
400 мың теңге |
Облыстық бюджет |
2006 жылғы |
400 мың теңге |
|
2005 жылғы |
800 мың теңге |
Облыстық бюджет |
2006 жылғы |
800 мың теңге |
кестенің жалғасы
Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту |
|||
1 |
Көркемсөз оқу |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
2 |
Жастар арасында |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
кестенің жалғасы
Мәдениет, бұқаралық ақпарат |
||
2005 жылғы |
500 |
Облыстық |
2006 жылғы |
500 |
|
2006 жыл |
500 |
Облыстық |
кестенің жалғасы
3 |
"Үздік аудармашы" |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
4 |
Облыстық |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
5 |
Мемлекеттік |
Облыс |
Жолаушылар көлігі |
6 |
Мемлекеттік |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
7 |
Мемлекеттік тіл |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
8 |
"Қазақ тілінің |
Облыс |
Тілдерді дамыту |
2005 ж. - 7 млн 300 000 тг, |
кестенің жалғасы
2005 жылғы |
300 мың теңге |
Облыстық бюджет |
2006 жылғы |
300 мың теңге |
|
2005 жылғы |
300 мың теңге |
Облыстық бюджет |
2006 жылғы |
300 мың теңге |
|
2005-2006 |
қаржыландыруды |
|
2005 жылғы |
1.800 мың теңге |
Облыстық бюджет |
2006 жылғы |
1.800 мың теңге |
|
2005 жылғы |
қаржыландыруды |
|
2006 жылғы |
||
2005 жылғы |
350 мың теңге |
Облыстық бюджет |
2006 жылғы |
350 мың теңге |
|