Орта оқу орындарының бітіруші жасөспірімдерімен оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу туралы

Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 21 ақпандағы N 5 шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 19 наурызда N 2369 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы кіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы әскери дайындық туралы" қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы" Заңының 29 бабына сәйкес шешемін :
      1. Жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныптары, кәсіптік-техникалық мектептердің (лицейлердің) және арнайы орта оқу орындарының (колледждердің) үшінші курстары оқушы - ер балаларымен бастапқы әскери дайындық бойынша оқу жоспарына сәйкес 2005 жылдың мамыр-маусым айларында оқу-дала (лагерлік) жиындары өткізілсін.
      2. Атырау облысы Білім беру департаменті Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп, бес күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы мен жоспарын әзірлесін.
      3. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті оқу-дала (лагерлік) жиындарының табысты өткізілуіне көмек көрсету мақсатында "Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының Атырау филиалымен (келісім бойынша) байланыс жасауды қамтамасыз етсін.
      4. Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері мүдделі ұйымдар мен мекемелер басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындардың өтетін орындарын, уақытша штабтарын, көрсетілген іс-шараларды өтуіне жауапты адамдарды белгілесін. Оқу-дала (лагерлік) жиындарын ұйымдастыру және өткізу шығыстары облыстың білім беру, денсаулық сақтау департаменттерінің және де басқа да мемлекеттік органдарының ведомстволық бағынысындағы ұйымдарын ұстауға бөлінетін қаржы шегінде жүргізілсін.
      5. Бес күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу кезінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптары, кәсіптік-техникалық мектептердің (лицейлердің) және арнаулы орта оқу орындарының (колледждердің) үшінші курстары қыз балаларының практикасы медициналық емдеу мекемелерінде өткізілсін. Денсаулық сақтау, білім беру департаменттері және Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (келісім бойынша) практикадан өту орны мен тәртібін белгілесін.
      6. Денсаулық сақтау департаменті жиындар өткізілетін орындарда оқушылардың көп жиналуына байланысты жұқпалы және басқа да аурулардың таралуын болдырмайтын медициналық іс-шараларды және медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.
      7. Атырау облысы Ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) оқу-дала (лагерлік) жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов с юношами-выпускниками средних учебных заведений

Решение Акима Атырауской области от 21 февраля 2005 года N 5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области от 19 марта 2005 года за N 2369. Утратило силу решением акима Атырауской области от 30 марта 2009 года N 15

      Сноска. Утратило силу решением акима Атырауской области от 30.03.2009 N 15.

       В целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 1996 года N 1340 "О начальной военной подготовке" и в соответствии со статьей 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148-II "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" решил :
     1. Провести в мае-июне 2005 года учебно-полевые (лагерные) сборы с юношами-учащимися 11-х классов общеобразовательных школ, третьих курсов профессионально-технических школ (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) области согласно учебным планам по начальной военной подготовке.
     2. Департаменту образования Атырауской области совместно с департаментом по делам обороны Атырауской области (по согласованию) разработать программу и план мероприятий по проведению пятидневных учебно-полевых (лагерных) сборов.
     3. Департаменту по делам обороны Атырауской области обеспечить связь с командирами воинских частей, Атырауским филиалом  республиканского государственного казенного предприятия "Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан" (по согласованию) с целью оказания помощи в успешном проведении учебно-полевых (лагерных) сборов.
     4. Акимам города Атырау и районов области провести расширенные совещания с участием руководителей заинтересованных организаций и учреждений, определить места проведения, временные штабы сборов, ответственных за проведение указанных мероприятий. Расходы на организацию и ведение учебно-полевых сборов произвести в пределах ассигнований, выделяемых на содержание организаций, подведомственных Департаментам образования, здравоохранения и других государственных органов области.
     5. Практику девушек 11-классов общеобразовательных школ, третьих курсов профессионально-технических школ (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) во время пятидневных учебно-полевых (лагерных) сборов провести в медицинских лечебных учреждениях. Департаментам здравоохранения, образования и управлению по чрезвычайным ситуациям по Атырауской области (по согласованию) определить место и порядок прохождения практики.
     6. Департаменту здравоохранения в связи со скоплением значительного количества учащихся в местах проведения сборов обеспечить медицинские мероприятия, исключающие распространение инфекционных и других заболеваний и постоянное дежурство медперсонала.
     7. Управлению внутренних дел Атырауской области (по согласованию) обеспечить охрану общественного порядка в местах проведения учебно-полевых сборов.
     8. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на Мурсалиеву Т.К. -  заместителя акима области.

     Аким области