Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
Қазақстан Республикасы кіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы әскери дайындық туралы" қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы" Заңының 29 бабына сәйкес шешемін :
1. Жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныптары, кәсіптік-техникалық мектептердің (лицейлердің) және арнайы орта оқу орындарының (колледждердің) үшінші курстары оқушы - ер балаларымен бастапқы әскери дайындық бойынша оқу жоспарына сәйкес 2005 жылдың мамыр-маусым айларында оқу-дала (лагерлік) жиындары өткізілсін.
2. Атырау облысы Білім беру департаменті Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп, бес күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы мен жоспарын әзірлесін.
3. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті оқу-дала (лагерлік) жиындарының табысты өткізілуіне көмек көрсету мақсатында "Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының Атырау филиалымен (келісім бойынша) байланыс жасауды қамтамасыз етсін.
4. Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері мүдделі ұйымдар мен мекемелер басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындардың өтетін орындарын, уақытша штабтарын, көрсетілген іс-шараларды өтуіне жауапты адамдарды белгілесін. Оқу-дала (лагерлік) жиындарын ұйымдастыру және өткізу шығыстары облыстың білім беру, денсаулық сақтау департаменттерінің және де басқа да мемлекеттік органдарының ведомстволық бағынысындағы ұйымдарын ұстауға бөлінетін қаржы шегінде жүргізілсін.
5. Бес күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу кезінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптары, кәсіптік-техникалық мектептердің (лицейлердің) және арнаулы орта оқу орындарының (колледждердің) үшінші курстары қыз балаларының практикасы медициналық емдеу мекемелерінде өткізілсін. Денсаулық сақтау, білім беру департаменттері және Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (келісім бойынша) практикадан өту орны мен тәртібін белгілесін.
6. Денсаулық сақтау департаменті жиындар өткізілетін орындарда оқушылардың көп жиналуына байланысты жұқпалы және басқа да аурулардың таралуын болдырмайтын медициналық іс-шараларды және медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.
7. Атырау облысы Ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) оқу-дала (лагерлік) жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Облыс әкімі