Ескерту. Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiсті емес - ШҚО әкімі аппаратының 2010.01.20 № 6/265 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ облыстың мемлекеттік басқару органдары құрылымының өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру жөніндегі комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N 463 (тіркеу нөмірі 1790, 2004 жылғы 22 мамырда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-бап жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсаттарға қол қою құқығы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басшылық ететін облыс әкімінің орынбасарына берілсін".
Облыс әкімі