Ескерту. Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiсті емес - ШҚО әкімі аппаратының 2010.01.20 № 6/265 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 17-наурыздағы N 322 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекіту үшін енгізілсін.
4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсаттарға қол қою құқығы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басшылық ететін облыс әкімінің орынбасарына берілсін. <*>
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 296 Қаулысымен .
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары В.Н.Сухоруковаға жүктелсін.
6. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Вице-Министрі
2004 жылғы 23 сәуірдегі
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
2004 жылғы "13" мамырдағы N 463
қаулысымен бекітілген
Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге
рұқсаттар беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы ереже шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің мәртебесі мен тәртібін белгілейді.
2. Облыстың еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын , "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-ІІ Заңын , "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10-желтоқсандағы N 494-1 Заңын , "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13-желтоқсандағы N 204-1 Заңын , "Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19-маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-ІІ Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17-наурыздағы N 322 қаулысымен енгізілген өзгерістермен, "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы" 1999 жылғы 25-шілдедегі N 862 қаулыларын, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі нұсқаулық хаттарын және өзге де Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Комиссия Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның мәжілістерін қалыптастыру
және жүргізу тәртібі
4. Комиссия құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің (келісімі бойынша), Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер бас басқармасының көші-қон полициясы басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасының, Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері кіреді.
5. Комиссияның мәжілістерін Комиссия төрағасы, ал ол жоқ болған кезде төрағаның орынбасары жүргізеді.
6. Комиссияның мәжілістері қажеттілікке байланысты және рұқсат беруге, рұқсат мерзімін ұзартуға, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін куәландыруға немесе қайта куәландыруға өтініштердің жиналуына байланысты жүргізіледі. Комиссияның хатшысы төрағаның (төраға орынбасарының) келісімі бойынша комиссия мәжілісінің өтетін күні мен уақыты, күн тәртібі жөнінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.
7. Комиссия мәжілісіне қажеттілік бойынша жұмыс берушілердің бірінші басшылары немесе өкілдері шақырылуы мүмкін.
8. Комиссия ашық дауыс беру жолымен, оның мүшелерінің 2/3 кем емесі қатысқанда, шешім қабылдайды.
9. Қатысқан комиссия мүшелерінің 50%-дан көбі ұсынысқа дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі.
10. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы Комиссияның хатшысы жүргізеді. Комиссияның мәжілісі өткеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей хаттамаға комиссия мүшелерінің қолдары қойылады.
3. Комиссияның негізгі міндеттері, қызметтері
және құқықтары
11. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері:
1) шетелдік жұмыс күшін тарту, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін куәландыру мен қайта куәландыруға рұқсат алуға (бұдан әрі - рұқсаттар) жұмыс берушілердің өтініштерін қарау, шетелдік жұмыс күшін тартудың мақсатқа сәйкестігі (мақсатқа сәйкес еместігі) жөніндегі қорытындыларды және квотасы болып ішкі еңбек нарығы есебінен жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі болмағанда, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру;
2) біліктілігі төмен шетелдік жұмыс күшін енгізуге жол бермеу мақсатында бекітілген еңбек нарығының жағдайын алдын ала зерттеу болып табылады.
12. Жұмыс берушілерден келіп түскен рұқсат беру және мерзімін ұзарту туралы өтініштер бойынша объективті шешім шығару үшін Комиссияның:
1) мекеменің іс-әрекеті жөнінде, қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру және тартылатын шетелдік жұмыс күшін осыдан былай ауыстыру үшін жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру перспективалары жөніндегі ақпаратты және шетелдік жұмыс күшін тартудың мақсатқа сайын белгілеу үшін қажетті өзге де қосымша мәліметтерді жұмыс берушілерден сұратып алуға, орнына барып кәсіпорын жабдықтарының жағдайын зерттеуге;
2) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында тартылатын шетелдік жұмыс күшінің жеке лауазымдар бойынша санын шектеу мәселелерін қарауға құқығы бар.
4. Комиссия жұмыс органының қызметтері
13. Комиссияның жұмыс органы мынадай қызметтер атқарады:
1) өз ұсыныстарын жеке қорғайтын және квотаның шамаланған саны бойынша шешім қабылдайтын жұмыс берушілердің (шетелдік мамандардың көп санын тартатын облыстағы ең ірі инвесторлардың) өтінімдері негізіндегі ұсыныстарды қарап, алдағы жылдағы квотаның жобасына енгізеді;
2) рұқсат беру жөніндегі, рұқсаттың мерзімін ұзарту жөніндегі, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін куәландыру немесе қайта куәландыру жөніндегі жұмыс берушілердің ұсынған өтініштерін қабылдап, оны Комиссияның қарауына енгізеді;
3) Комиссия мәжілістер қарауының нәтижелері бойынша рұқсат беру үшін, рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін куәландыру немесе қайта куәландыру үшін уәкілетті органға материалдар әзірлейді;
4) рұқсат берілмеген және тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдері куәландырылмаған жағдайда, жұмыс берушілерге жазбаша түрдегі дәлелденген бас тартуды әзірлейді;
5) ресімделген рұқсаттар мен тартылатын шетелдік жұмыс күшінің куәландырылған тізімдерін береді. Жұмыс органы ресімделген рұқсаттар мен тартылатын шетелдік жұмыс күшінің куәландырылған тізімдерін заңнамада белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхат негізінде жұмыс берушінің өкіліне береді;
6) рұқсаттарды беру немесе бермеу жөніндегі қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жұмыс берушіні мәлімдегені жөніндегі хаттар әзірлейді;
7) жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген үлгі бойынша жұмыс берушілердің рұқсаттардың ерекше жағдайларын орындау жөніндегі есеп беру жинағын жүргізеді;
8) шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша жұмыс берушілерге әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;
9) уәкілетті орган шешімдерінің негізінде "Лицензиялау және шетелдік жұмыс күшінің мониторингі" базасын қалыптастырып, деректерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшылық етпейтін өзге қызметтерді жүзеге асырады.
Шығыс Қазақстан облысының еңбек,
жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы