Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.01.26 № 29 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері" туралы 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1028 қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін пайдалану Ережесі бекітілсін.
2. Облыс әкімінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы" 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 210 шешімінің күші жойылды деп танылсын (тіркеу № 619).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Ш. Хамитовке жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 31 наурыздағы
№ 102 қаулысымен
бекітілген
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру
кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде
Батыс Қазақстан облысының коммуналдық
меншік объектілерін пайдалану
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1028 қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың үлгі Ережесінің негізінде әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың біркелкі негізін белгілейді.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде коммуналдық меншік арқылы кепілдікті қамтамасыз ету қазіргі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар (бұдан әрі - МК) жанынан кепілдік қорлар құру жолымен жүзеге асырылады.
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдік қорына беру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды.
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде коммуналдық меншік арқылы кепілдікті қамтамасыз етуді мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің кәсіпкерлік тәуекелдігін сақтандыруды жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Кепілдік мүлікті іріктеу және бағалау
5. Жыл сайынғы коммуналдық меншік объектілерін түгендеу жүргізілгеннен кейін коммуналдық меншік объектілерінің тізілімі құрылады және бекітіледі, онда объектілердің атауы, олардың орналасқан жері, баланстық құны және объектінің жағдайы туралы басқа да мәліметтер беріледі.
6. Тізілімді құру барысында жылжымайтын мүлік орталығы мамандарын немесе тәуелсіз сарапшыларды (келісім бойынша) тарта отырып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Заңына сәйкес несие ұйымдарының несиелердің кепілдігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарына сәйкестігі жөнінде коммуналдық меншік объектілерін бағалау жүргізіледі.
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті
қамтамасыз ету есебінен несие берілетін шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын
іріктеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
7. Жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебінен несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі -Комиссия) құрады.
8. Комиссияны әкім басқарады.
9. Комиссияның хатшысы лауазымы бойынша МК басшысы болып табылады.
10. Комиссияның жұмыс органының қызметі МК-ге жүктеледі.
11. Комиссияның жұмыс органы комиссия мәжілісінің күн тәртібі туралы ұсыныстарды әзірлейді; өзінің құзыреті шегінде комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін тіркеуді жүзеге асырады. Жобаларды іріктеуге қатысу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
12. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша іріктеу екі кезеңде жүргізіледі.
Жобаларды іріктеудің бастапқы кезеңінде жұмыс органы экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және қаржылық көзқарастарды талдайды және жобалар жөніндегі құжаттарды сараптама жүргізу және несиелендіру мүмкіндіктері туралы қорытындыны беру үшін несиелік ұйымдардың қарауына береді.
Жұмыс органы несиелік ұйымдардың оңды қорытындысын алған өтінімдерді, оған несиелік ұйымдардың қорытындысын қоса отырып, мәжіліс өтетін күннен үш күн бұрын комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
13. Комиссия заңнамаларда белгіленген тәртіппен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін:
1) ғалымдар, беделді кәсіпкерлер, басқару органы өкілдері және басқа да мамандар есебінен сарапшылар мен консультанттарды жұмысқа тартады;
2) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшылар мен жұмыс топтарын ұйымдастырады;
3) қажетті ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді алады.
14. Жобаларды іріктеу кезінде төмендегідей талаптар есепке алынады:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бюджет алдындағы берешектерінің жоқтығы;
2) егер бұндай болып жатса, қолайлы несиелік мәліметтерінің болуы;
3) жобаның аймақты дамытудың индикативтік жоспарына және облыста шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі.
15. Комиссия несиелік ұйымдардың оңды қорытындысын алған өтінімдерді ол тіркелген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімде қарайды.
16. Комиссия мәжілісі қажетіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес шақырылады, оны комиссия төрағасы шақырады.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен, дауыстың үштен екісімен қабылданады.
Комиссияның шешімдеріне комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, егер ол айтыла қалған жағдайда, ол жазбаша түрде мазмұндалуы және комиссия мәжілісінің хаттамасына тіркелуі керек.
17. Комиссия мүшелері жобаларды іріктеу кезінде алған шешімдері мен несиелеуге ұсынбалары үшін Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына сәйкес жауап береді.
18. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кепілдікті қамтамасыз етуді беруден бас тартылған жағдайда жұмыс органы жобаларды іріктеудің тиісті кезеңінен кейін 3 күн мерзім ішінде бас тартудың негіздемелерін көрсете отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жазбаша түрде мәлімдеуге міндетті.
4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
19. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру туралы шарт жасасу жөнінде МК-нің шешім қабылдауы үшін негіз комиссияның хаттамалық шешімі болып табылады.
20. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуы кезінде кепілдік беруші МК болып табылады.
21. Жобаны қаржыландыру туралы оңды шешім болған жағдайда МК Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 Заң күші бар Жарлығына сәйкес несиелік ұйымдармен және шағын кәсіпкерлік субъектілерімен ипотекалық шарт жасасады.
22. Ипотекалық шартта зат, кепілдіктегі мүліктің бағалау құны, негізгі міндеттемелердің ережелері, оны орындаудың көлемі мен мерзімі көрсетілуі тиіс, ипотекалық шартта тараптардың құқықтары мен міндеттеріне келісімдер және тыйым салынбайтын заңнамалар негізінде қол жеткізілуі тиіс.
23. МК объектілерді кепілдікті қамтамасыз етуге пайдаланғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері төлейтін сыйақының (мүдде) мөлшерлемесін алынған несие сомасының 0,1 пайызы көлемінде белгілейді.