Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 102 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 21 сәуірде № 2925 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 29 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.01.26 № 29 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері" туралы 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1028 қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін пайдалану Ережесі бекітілсін.
      2. Облыс әкімінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы" 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 210 шешімінің күші жойылды деп танылсын (тіркеу № 619).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Ш. Хамитовке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 31 наурыздағы
№ 102 қаулысымен
бекітілген

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру
кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде
Батыс Қазақстан облысының коммуналдық
меншік объектілерін пайдалану
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1028 қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың үлгі Ережесінің негізінде әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың біркелкі негізін белгілейді.
      2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде коммуналдық меншік арқылы кепілдікті қамтамасыз ету қазіргі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар (бұдан әрі - МК) жанынан кепілдік қорлар құру жолымен жүзеге асырылады.
      3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдік қорына беру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды.
      4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде коммуналдық меншік арқылы кепілдікті қамтамасыз етуді мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің кәсіпкерлік тәуекелдігін сақтандыруды жүргізу арқылы жүзеге асырады.

2. Кепілдік мүлікті іріктеу және бағалау

      5. Жыл сайынғы коммуналдық меншік объектілерін түгендеу жүргізілгеннен кейін коммуналдық меншік объектілерінің тізілімі құрылады және бекітіледі, онда объектілердің атауы, олардың орналасқан жері, баланстық құны және объектінің жағдайы туралы басқа да мәліметтер беріледі.
      6. Тізілімді құру барысында жылжымайтын мүлік орталығы мамандарын немесе тәуелсіз сарапшыларды (келісім бойынша) тарта отырып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Заңына сәйкес несие ұйымдарының несиелердің кепілдігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарына сәйкестігі жөнінде коммуналдық меншік объектілерін бағалау жүргізіледі.

3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті
қамтамасыз ету есебінен несие берілетін шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын
іріктеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

      7. Жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебінен несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі -Комиссия) құрады.
      8. Комиссияны әкім басқарады.
      9. Комиссияның хатшысы лауазымы бойынша МК басшысы болып табылады.
      10. Комиссияның жұмыс органының қызметі МК-ге жүктеледі.
      11. Комиссияның жұмыс органы комиссия мәжілісінің күн тәртібі туралы ұсыныстарды әзірлейді; өзінің құзыреті шегінде комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін тіркеуді жүзеге асырады. Жобаларды іріктеуге қатысу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
      12. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша іріктеу екі кезеңде жүргізіледі.
      Жобаларды іріктеудің бастапқы кезеңінде жұмыс органы экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және қаржылық көзқарастарды талдайды және жобалар жөніндегі құжаттарды сараптама жүргізу және несиелендіру мүмкіндіктері туралы қорытындыны беру үшін несиелік ұйымдардың қарауына береді.
      Жұмыс органы несиелік ұйымдардың оңды қорытындысын алған өтінімдерді, оған несиелік ұйымдардың қорытындысын қоса отырып, мәжіліс өтетін күннен үш күн бұрын комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
      13. Комиссия заңнамаларда белгіленген тәртіппен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін:
      1) ғалымдар, беделді кәсіпкерлер, басқару органы өкілдері және басқа да мамандар есебінен сарапшылар мен консультанттарды жұмысқа тартады;
      2) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшылар мен жұмыс топтарын ұйымдастырады;
      3) қажетті ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді алады.
      14. Жобаларды іріктеу кезінде төмендегідей талаптар есепке алынады:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бюджет алдындағы берешектерінің жоқтығы;
      2) егер бұндай болып жатса, қолайлы несиелік мәліметтерінің болуы;
      3) жобаның аймақты дамытудың индикативтік жоспарына және облыста шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі.
      15. Комиссия несиелік ұйымдардың оңды қорытындысын алған өтінімдерді ол тіркелген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімде қарайды.
      16. Комиссия мәжілісі қажетіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес шақырылады, оны комиссия төрағасы шақырады.
      Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен, дауыстың үштен екісімен қабылданады.
      Комиссияның шешімдеріне комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, егер ол айтыла қалған жағдайда, ол жазбаша түрде мазмұндалуы және комиссия мәжілісінің хаттамасына тіркелуі керек.
      17. Комиссия мүшелері жобаларды іріктеу кезінде алған шешімдері мен несиелеуге ұсынбалары үшін Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына сәйкес жауап береді.
      18. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кепілдікті қамтамасыз етуді беруден бас тартылған жағдайда жұмыс органы жобаларды іріктеудің тиісті кезеңінен кейін 3 күн мерзім ішінде бас тартудың негіздемелерін көрсете отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жазбаша түрде мәлімдеуге міндетті.

4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу

      19. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру туралы шарт жасасу жөнінде МК-нің шешім қабылдауы үшін негіз комиссияның хаттамалық шешімі болып табылады.
      20. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуы кезінде кепілдік беруші МК болып табылады.
      21. Жобаны қаржыландыру туралы оңды шешім болған жағдайда МК Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 Заң күші бар Жарлығына сәйкес несиелік ұйымдармен және шағын кәсіпкерлік субъектілерімен ипотекалық шарт жасасады.
      22. Ипотекалық шартта зат, кепілдіктегі мүліктің бағалау құны, негізгі міндеттемелердің ережелері, оны орындаудың көлемі мен мерзімі көрсетілуі тиіс, ипотекалық шартта тараптардың құқықтары мен міндеттеріне келісімдер және тыйым салынбайтын заңнамалар негізінде қол жеткізілуі тиіс.
      23. МК объектілерді кепілдікті қамтамасыз етуге пайдаланғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері төлейтін сыйақының (мүдде) мөлшерлемесін алынған несие сомасының 0,1 пайызы көлемінде белгілейді.

Об использовании объектов коммунальной собственности Западно-Казахстанской области в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 31 марта 2005 года № 102. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 21 апреля 2005 года за № 2925. Утратило силу - постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 26 января 2009 года № 29

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 26.01.2009 № 29.

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", в целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2000 года № 1028 "Вопросы использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить (прилагаемые) Правила использования объектов коммунальной собственности Западно-Казахстанской области в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства.
      2. Признать утратившим силу решение акима области от 1 декабря 2000 года № 210 "Об использовании объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства" (регистрационный № 619).
       3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Хамитова А. Ш.

      Аким области 

Утверждены
постановлением акимата области
от 31 марта 2005 года № 102

Правила
использования объектов коммунальной собственности
Западно-Казахстанской области в качестве
залогового обеспечения при кредитовании
субъектов малого предпринимательства

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны на основании типовых Правил использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2000 года № 1028, и определяют единообразную основу использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства.
      2. Залоговое обеспечение объектами коммунальной собственности при кредитовании субъектов малого предпринимательства осуществляется путем создания залоговых фондов при существующих коммунальных государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения (далее - ГП).
      3. Решение о передаче объектов коммунальной собственности в залоговый фонд принимается акиматом области.
     4. Залоговое обеспечение объектами коммунальной собственности при кредитовании субъектов малого предпринимательства осуществляется при проведении страхования государственными предприятиями своего предпринимательского риска.

2. Отбор и оценка залогового имущества

      5. После проведения ежегодной инвентаризации объектов коммунальной собственности формируется и утверждается реестр объектов коммунальной собственности, в котором отражаются наименование объектов, их местонахождение, балансовая стоимость и другие данные состояния объектов.
      6. При формировании реестра производится оценка объектов коммунальной собственности на предмет соответствия требованиям кредитных организаций к залоговому обеспечению кредитов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" с привлечением специалистов центра недвижимости или независимых экспертов (по согласованию).

3. Организация работы по отбору проектов
субъектов малого предпринимательства,
кредитуемых в счет залогового обеспечения
объектов коммунальной собственности

      7. Местным исполнительным органом создается комиссия по отбору проектов субъектов малого предпринимательства, кредитуемых в счет залогового обеспечения объектами коммунальной собственности (далее - Комиссия).
      8.Комиссию возглавляет Аким.
      9. Секретарем Комиссии по должности является руководитель ГП.
     10. Функции рабочего органа комиссии возлагаются на ГП.
      11. Рабочий орган Комиссии подготавливает предложения по повестке дня заседания комиссии; в пределах своей компетенции обеспечивает выполнение решений комиссии; координирует работу членов комиссии и привлеченных к ее деятельности специалистов, осуществляет регистрацию заявок субъектов малого предпринимательства. Отказ в регистрации заявок субъектов малого предпринимательства на участие в отборе проектов не допускается.
      12. Осуществление отбора по проектам субъектов малого предпринимательства проводится в два этапа.
      На предварительном этапе отбора проектов рабочий орган анализирует с экономической, организационной, маркетинговой и финансовой точек зрения и передает на рассмотрение кредитных организаций документы по проектам для проведения экспертизы и выдачи заключения о возможности их кредитования.
      Заявки, получившие положительные заключения кредитных организаций, представляются рабочим органом на рассмотрение членов комиссии за три дня до даты заседания с приложением к ним заключений кредитных организаций.
      13. Для осуществления своей деятельности комиссия в установленном законодательством порядке:
      1) привлекает для работы экспертов и консультантов из числа ученых, авторитетных предпринимателей, представителей органов управления и других специалистов;
      2) организует временные и постоянно действующие экспертные и рабочие группы;
      3) получает необходимые информационные, аналитические, справочно-статистические материалы, а также ведомственные нормативно-правовые акты.
      14. При отборе проектов учитываются следующие требования:
      1) отсутствие задолженности субъекта малого предпринимательства перед бюджетом;
      2) наличие благополучного кредитного досье, если таковое имеется;
      3) соответствие проекта индикативному плану развития региона и приоритетным направлениям развития малого бизнеса в области.
      15. Комиссия рассматривает заявки, получившие положительные заключения кредитных организаций, не позднее двух месяцев со дня их регистрации.
      16. Заседания комиссии созываются по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал председателем комиссии.
      Решения комиссии принимаются двумя третями голосов путем открытого голосования.
      Решения комиссии подписываются председателем и секретарем комиссии. Члены комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу заседания комиссии.
      17. За решения, принимаемые членами комиссии при отборе проектов и рекомендации для кредитования, они несут ответственность в соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 июля 1998 года № 267 "О борьбе с коррупцией", а также иным законодательством Республики Казахстан.
      18. В случае отказа в представлении залогового обеспечения субъекту малого предпринимательства рабочий орган в 3-х дневный срок после соответствующего этапа отбора проектов обязан информировать субъекта малого предпринимательства в письменной форме с указанием оснований отказа.

4. Оформление залогового обеспечения

      19. Основанием для принятия решения ГП о заключении договора о предоставлении объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства является протокольное решение комиссии.
      20. Залогодателем при получении кредита субъектами малого предпринимательства выступает ГП.
      21. ГП, в случае положительного решения о финансировании проекта, заключает ипотечный договор с кредитной организацией и субъектом малого предпринимательства в соответствии с Указом Президента РК, имеющим силу Закона, от 23 декабря 1995 года № 2723 "Об ипотеке недвижимого имущества".
      22. В ипотечном договоре должны быть указаны предмет, оценочная стоимость залогового имущества, существо основного обязательства, его размер и сроки исполнения, права и обязанности сторон в ипотечном договоре должно быть достигнуто соглашение и которые не запрещены законодательством.
      23. За использование объектов под залоговое обеспечение ГП устанавливается ставка вознаграждения (интереса), оплачиваемая субъектами малого предпринимательства в размере 0,1 процента от суммы полученного кредита.