Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.12.30 N 644 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 121-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3367 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау және беру ережесі:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай үлгіде толтырылады:
1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
2-бағанның бағаншаларында әрбір қосалқы шот бойынша есепті кезеңде қалыптасқан кредиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттарының атаулары мен кодтары көрсетіледі;
3-бағанда есепті күнгі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;
4-бағанда қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша кредиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі;
5-бағанда ағымдағы жылы қалыптасқан кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі (3 және 4 бағандар айырмасы);
"Есепті күнге жиыны" және "Жылдың басына жиыны" деген жолдарда есепті күнге және қаржы жылының басында қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша тұтастай алғанда кредиторлық берешектің жалпы сомалары көрсетіледі;
"Ауытқу" деген жолда ағымдағы жылы қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі ("Есепті күнге жиыны" және "Жылдың басына жиыны" деген жолдар айырмасы).";
20-тармақта:
"15" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;
"нақтыланған есептерді" деген сөздерден кейін "тиісті кезеңдердегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректермен бірге" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша кредиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге жергілікті атқарушы органның, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның және олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және тиісті жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазынашылық комитеті ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша кредиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге Қазынашылық комитетінің, олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және Қазынашылық комитетінің мөрімен расталады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 26 қаңтардағы
N 29 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық
берешегі туралы есепті жасау
және беру ережесіне
5-қосымша
Республикалық/жергілікті бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша
кредиторлық берешектің жағдайы туралы
200__жылғы_________арналған
талдамалы деректер
Бюджеттің түрі -_______________
Мерзімділігі - тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі - мың теңге
ББӘ атауы |
Қосалқы шоттар |
Есепті |
Жылдың |
Жылдың |
||
N_ |
N_ |
N_ |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1. |
||||||
2. |
||||||
... |
||||||
Есепті күнге |
||||||
Жылдың басына |
||||||
Ауытқу |
Қазынашылық комитетінің/бюджетті
атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның басшысы
_____________ _________________________
М.О. (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)
Қазынашылық комитеті құрылымдық
бөлімшесінің/деректерді жасауға
жауапты, бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті
органның басшысы
_____________ __________________________
(қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)