Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау және беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 460 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3367. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.12.30 N 644 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 121 және 122-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау және беру ережесі бекітілсін.
     2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
     3. Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде N 1127 тіркелген "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау және беру ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 6 наурыздағы N 92 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің   
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 460 бұйрығымен бекітілді 

Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі
туралы есепті жасау және беру ережесі 1. Жалпы ереже

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 121 және 122-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік бюджеттің және облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік мекемелер әкімшілерінің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау мен берудің нысандарын, кезеңділігін, мерзімдерін және тәртібін анықтайды.

     2. Осы Ережемен кредиторлық берешек туралы есеп берудiң мынадай нысандары белгiленедi:
     КБ-Б (осы Ережеге 1-қосымша) ол бойынша бюджет қаражаты есебінен пайда болған мемлекеттік мекеме және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кредиторлық берешегі туралы есеп жасалады;
     КБ-Б-жиынтық (осы Ережеге 2-қосымша) ол бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің кредиторлық берешегі туралы есеп жасалады;
     КБ-Ө (осы Ережеге 3-қосымша) ол бойынша өзге де қаражат есебінен (тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын ақша, демеушілік және қайырымдылық көмек және басқа) пайда болған мемлекеттік мекеме және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кредиторлық берешегі туралы есеп жасалады;
     КБ-Ө-жиынтық (осы Ережеге 4-қосымша) ол бойынша өзге де қаражат есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кредиторлық берешегі туралы жиынтық есеп жасалады.

     3. Кредиторлық берешек есептерде өткен жылдардың кредиторлық берешегi және ағымдағы жылдың кредиторлық берешегi болып бөлiнедi.

     4. Өткен жылдардың кредиторлық берешегi - мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы жылдың алдындағы жылдары пайда болған берешегi. Көрсетiлген есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдардың кредиторлық берешегiнiң және оның бiр бөлiгi ағымдағы жылы өтелген жағдайда, осы берешектiң есептi күнгi қалдығының жай-күйi тiркеледi.

     5. Ағымдағы жылдың кредиторлық берешегi - мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы жылы туындаған және есептi күні қалыптасқан берешегi.

     6. Кредиторлық берешек туралы есептер есептi күнгi талдамалық бюджеттік есепке алудың деректеріне негiзделедi.

     7. Есептер кіші бағдарлама, бағдарлама, мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша және тұтастай алғанда тиісті бюджет бойынша аралық қорытындыларды қамтуы тиіс.

     8. Барлық құндық көрсеткiштер есептерде мың теңгемен көрсетіледі. Есеп көрсеткіштерінің бөлшек бөлігі бiр он мыңдық белгiге дейiн дәлдiкпен көрсетіледі және толық бөлігінен үтiрмен бөлінеді.

2. Кредиторлық берешек туралы есептi
жасаудың тәртiбi

     9. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп мынадай түрде толтырылады:
     "Бюджеттің түрі" деректемесі мекен-жай бөлігінде - бюджеттің түрі көрсетіледі, одан бюджеттік бағдарламаның немесе мемлекеттік мекеменің әкімшісін қаржыландыру жүзеге асырылады;
     "Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі" деректемесі - Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы және кодтық белгісі көрсетіледі;
     "Мемлекеттік мекеме" деректемесі - бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің атауы және коды көрсетіледі;
     "Кезеңділік" деректемесі - есепті тапсыру кезеңі (айлық, тоқсандық, жылдық) көрсетіледі.
     1-4-бағандарында бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасының кодтары - функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік толтырылады.
     5-бағанда 1-4-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі.
     6-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары көрсетіледі.
     7-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегі көрсетіледі. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық есепті тапсырған сәттен бастап 7-бағанда көрсетілген кредиторлық берешектің сомасы ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермеуі тиіс.
     8-бағанда ағымдағы қаржы жылы берешек бөлігін өтегеннен кейін өткен жылдардың кредиторлық берешегінің қалдығы көрсетіледі.
     9-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі.
     10-бағанда есепті күнге қалыптасқан жалпы кредиторлық берешек көрсетіледі (8 және 9-бағандардың сомасы);
     11-бағанда төлеу мерзiмi басталмаған қазынашылықтың аумақтық органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген мiндеттемелер бойынша берешектің сомасы көрсетiледi.
     12-бағанда қуыну мерзiмi аяқталған кредиторлық берешегiнiң сомасы көрсетiледi.
     Көрсетiлген берешек активтерге, материалдық қорларға, ақшаға, есептемелерге және мемлекеттiк мекеме балансының басқа да баптарына түгендеу жүргiзгеннен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органы белгiлеген тәртiппен түгендеу актiсiн жасағаннан кейiн есепке енгiзiледi. 11 және 12-бағандарда көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасы 7-10-бағандарда көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасына енгiзiледi.
     10. КБ-Б-жиынтық нысан бойынша есеп КБ-Б нысаны есептерінің негізінде жасалады.
     КБ-Б нысаны бойынша есептің ұқсас көрсеткіштеріне сәйкес келетін КБ-Б-жиынтық нысаны бойынша мекен-жай бөлігі және есептің бағандары осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен толтырылады.
     1-бағанда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі.
     11-бағанда есепті күнге қалыптасқан кредиторлық берешек көрсетіледі (9 және 10-бағандардың сомасы).
     14-бағанда төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша берешек сомасын шегере отырып есепті күнге қалыптасқан берешектің сомасы көрсетіледі (11-баған).
     15-бағанда бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жылдық жоспарына кредиторлық берешек сомасының проценттік қатынасы көрсетіледі.
     11. КБ-Ө және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша кредиторлық берешек туралы есептердің мекен-жай бөлігі тиісінше КБ-Б және КБ-Б-жиынтық нысандары бойынша есептермен ұқсас толтырылады.
     Тиісінше 1-4 және 1-5-бағандарда КБ-Ө және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша есептерде бюджет шығыстарының сыныптамасына және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес тек мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның есебінен пайда болған берешек бойынша шығыстардың кодтары көрсетіледі.
     Өзге де қаражат есебінен пайда болған кредиторлық берешек бойынша (демеушілік және қайырымдылық көмек және басқа да) КБ-Ө және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша есептерді толтыру тиісінше 5 және 6-бағандардан басталады.
     Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б және КБ-Б-жиынтық нысандары бойынша есептерді толтыру үшін осы Ереженің 9 және 10-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      11-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай үлгіде толтырылады:
      1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
      2-бағанның бағаншаларында әрбір қосалқы шот бойынша есепті кезеңде қалыптасқан кредиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттарының атаулары мен кодтары көрсетіледі;
      3-бағанда есепті күнгі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;
      4-бағанда қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша кредиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі;
      5-бағанда ағымдағы жылы қалыптасқан кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі (3 және 4 бағандар айырмасы);
      "Есепті күнге жиыны" және "Жылдың басына жиыны" деген жолдарда есепті күнге және қаржы жылының басында қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша тұтастай алғанда кредиторлық берешектің жалпы сомалары көрсетіледі;
      "Ауытқу" деген жолда ағымдағы жылы қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі ("Есепті күнге жиыны" және "Жылдың басына жиыны" деген жолдар айырмасы).
      Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .

     12. Мемлекеттiк мекеме немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісі таратылған, қайта ұйымдастырылған кезде оның кредиторлық берешегi беру актісіне немесе бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорының кредиторлық берешегi туралы есепте көрсетiледi.

     13. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама шығыстарының функционалдық немесе экономикалық жiктемелерiнiң кодтары өзгертiлген жағдайда, кредиторлық берешек есепте бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптама шығыстары кодтарының ауысу кестесіне сәйкес шығыстардың жаңа кодтары бойынша көрсетіледi.

     14. Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеден жекелеген бюджеттiк бағдарламалар алынып тасталған жағдайда, олар бойынша кредиторлық берешек оларды алып тастау жылы қолданылатын бюджеттік бағдарламалардың кодтары бойынша кредиторлық берешек туралы есептерде көрсетіледі.

3. Кредиторлық берешек туралы есеп беру тәртібі

     15. Кредиторлық берешек туралы есеп қағаз тасушыда және кредиторлық берешек туралы электронды дерек қоры (бұдан әрі - электронды дерек қоры) түрінде беріледі.

     16. Қағаз тасушыдағы кредиторлық берешек туралы есептің деректері электронды дерек қоры түрінде берілген есепке сәйкес келуі тиіс.
     Кредиторлық берешек туралы жедел есепті ай сайын:
     1) мемлекеттік мекемелер - оларға белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;
     2) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне (бұдан әрi - Қазынашылық комитетi) қағаз тасушыда және электронды дерек қоры түрінде есептiден кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;
     3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - оларға белгіленген мерзімдерде жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға;
     4) аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдар - оларға белгіленген мерзімдерде бюджетті атқару жөніндегі облыстың уәкілетті органына;
     5) Қазынашылық комитеті - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне қағаз тасушыда және электронды дерек қоры түрінде есептіден кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне;
     6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) электронды база түрінде айдың соңына дейін кейіннен есептіден кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей қағаз тасушыда растай отырып есептіден кейінгі айдың соңына дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

     17. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есепті кезең үшін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті бергеннен кейін өткен қаржы жылы үшін жаңа қаржы жылының 1 шілдесіндегі, 1 қазанындағы және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы деректер нақтыланады және кредиторлық берешек туралы есеп қайтадан жасалады.

     18. Мемлекеттік мекеме жаңа қаржы жылының 1 шілдесіндегі, 1 қазанындағы және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы нақтыланған есептерді оларға белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне береді.

     19. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1 шілдедегі, 1 қазандағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы нақтыланған есептерді жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша (өткен қаржы жылы үшін) есептіден кейінгі екінші айдың 10 күнінен кешіктірмей - есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 25 дейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.

     20. Қазынашылық комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдар 1 шілдедегі, 1 қазандағы жағдай бойынша нақтыланған есептерді тиісті кезеңдердегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректермен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептіден кейінгі екінші айдың 20 күнінен кешіктірмей - есепті қаржы жылынан кейінгі үшінші айдың 1 күнінен кешіктірмей береді.
      Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .

     21. Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің немесе мемлекеттік мекеменің және кредиторлық берешек туралы есептерді жасауға жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қол қойған және тиісті органның мөрімен расталған КБ-Б және КБ-Ө нысандары бойынша есептерді береді.

      22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша кредиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге жергілікті атқарушы органның, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның және олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және тиісті жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.
      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .

      23. Қазынашылық комитеті ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша кредиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге Қазынашылық комитетінің, олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және Қазынашылық комитетінің мөрімен расталады.
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .     

     24. Кредиторлық берешек туралы есепте бірінші басшының және есепті жасауға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қолдарымен қатар қолды таратып жазу (тегі және аты) болуы тиіс.

     25. Кредиторлық берешек туралы есептер атқарушы туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, ресми бланкiге жазылған, басшының қолы қойылған ілеспе хатпен жiберiледi.

     26. Кредиторлық берешек туралы есепке бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, мемлекеттік мекеме және есепті жасауға жауапты құрылымдық бөлімше басшыларының қолдары бар түсіндірме жазба қоса беріледі, онда бюджет қаражаты есебінен әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша кредиторлық берешектің, өзге де қаражат есебінен кредиторлық берешектің, қаржы жылының басындағы берешектің, есепті күнге ағымдағы жылдың берешегінің пайда болу себептерін түсіндіру, төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша соманы, сондай-ақ қуыну мерзімі өткен берешек сомасын түсіндіру келтіріледі.

     27. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің кредиторлық берешегі және өзге де қаражат есебінен пайда болған берешек туралы айлық (жедел) есепті ай сайын есептіден кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей жаңа қаржы жылының (өткен қаржы жылы үшін) 1 шілдесіндегі, 1 қазанындағы және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақтыланған есеп мемлекеттік қаржы бақылау органдарына және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қолдарын қоймай ілеспе хатпен - Қазынашылық комитеті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне осы Ереженің 20-тармағында нақтыланған есепті беру мерзімі белгіленгеннен кейін бес жұмыс күнінің ішінде береді.

     28. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің кредиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есептерді және өзге де қаражат есебінен пайда болған кредиторлық берешек туралы жиынтық есептерді КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.

     29. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала және астана бюджетінің кредиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) кредиторлық берешегі және өзге де қаражат есебінен пайда болған кредиторлық берешек туралы айлық (жедел) есептерді ай сайын есептіден кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей жаңа қаржы жылының (өткен қаржы жылы үшін) 1 шілдесіндегі, 1 қазанындағы және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақтыланған есеп бюджетті жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға қолдарын қоймай ілеспе хатпен - Қазынашылық комитеті және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне осы Ереженің 20-тармағында нақтыланған есепті беру мерзімі белгіленгеннен кейін бес жұмыс күнінің ішінде береді.

     30. Бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік мекемелер әкімшілерінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлық берешек туралы есептерді уақытылы бермегені және кредиторлық берешек туралы есептерде жеткіліксіз деректер бергені үшін жауап береді.

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       кредиторлық берешегі туралы
                                          есепті жасау және беру
                                           ережесіне 1-қосымша

                                                КБ-Б-нысаны

                 200_жылға арналған 1 ________
   ____________________________________________________________
   (мемлекеттік мекеме/бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)
                  кредиторлық берешегі туралы есеп

Бюджеттің түрі__________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі________________
Мемлекеттік мекеме______________________________
Кезеңділігі_____________________________________
Өлшем бірлігі___________________________________

Бюджеттік сыныптаманың кодтары

Атауы

Ағымдағы қаржы жылына
арналған бюджеттік
бағдарламаларды (кіші
бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспары

Функц.
топ

Бағдар-
лама

Кіші
бағдар-
лама

Ерек-
шелігі

1

2

3

4

5

6













  кестенің жалғасы

Барлық берешек

өткен жылдардың
берешегі

ағымдағы
жылдың
берешегі

Барлық
берешек
(8-бағ.
+ 9-бағ.)

оның ішінде

жылдың
басын-
дағы

ағымдағы
жылы
өтеуді
ескере
отырып
қалдық

төлеу мерзімі
басталмаған
міндеттемелер
бойынша бере-
шектің сомасы

Қуыну
мерзімі
өткен
бере-
шектің
сомасы

7

8

9

10

11

12













  Мемлекеттік мекеменің/ _____________    __________________________
бюджеттік бағдарлама       (қолы)          (қолды таратып жазу)
әкімшісінің басшысы
                      М.О.

Мемлекеттік мекеме
құрылымдық бөлімшесінің/
есеп жасауға жауапты
бюджеттік бағдарлама
әкімшісінің басшысы     _____________    _________________________
                          (қолы)           (қолды таратып жазу)

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       кредиторлық берешегі туралы
                                          есепті жасау және беру
                                           ережесіне 2-қосымша

                                          КБ-Б-жиынтық-нысаны

                 200_жылға арналған 1 ________
   ____________________________________________________________
   (мемлекеттік, республикалық бюджеттің, облыс, республикалық
    маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар
                       қала) бюджеттерінің)
               кредиторлық берешегі туралы есеп

Кезеңділігі________________________________
Өлшем бірлігі______________________________

Бюджеттік сыныптаманың кодтары

Атауы

Ағымдағы
қаржы жылына
арналған
бюджеттік
бағдарлама-
ларды (кіші
бағдарла-
маларды)
қаржыланды-
ру жоспары

Бюджет-
тік
бағдар-
лама-
лардың
әкім-
шісі

Функц.
топ

Бағ-
дар-
лама

Кіші
бағ-
дар-
лама

Ерек-
шелігі

1

2

3

4

5

6

7








  кестенің жалғасы

Барлық берешек

өткен
жылдардың
берешегі

ағым-
дағы
жыл-
дың
бере-
шегі

Бар-
лық
бере-
шек
(9-
бағ.
+ 10-
бағ.)

оның ішінде

Бар-
лық
бере-
шек
(11-
бағ.
+ 12-
бағ.)

%
бюджет-
тік бағ-
дарлама-
ларды
қаржы-
ландыру
жоспа-
рына
креди-
торлық
берешек
(14-бағ.
/7-бағ.
*100)

жыл-
дың
ба-
сын-
дағы

ағым-
дағы
жылы
өте-
уді
ес-
кере
оты-
рып
қал-
дық

төлеу
мерзімі
бастал-
маған
міндет-
темелер
бойынша
бере-
шектің
сомасы

Қуыну
мер-
зімі
өткен
бере-
шек-
тің
со-
масы

8

9

10

11

12

13

14

15









  Қазынашылық комитетінің _____________    __________________________
басшысы                     (қолы)          (қолды таратып жазу)
                     М.О.
Жергілікті атқарушы  _____________    _________________________
органның басшысы       (қолы)           (қолды таратып жазу)
                     М.О.

Бюджетті атқару жөніндегі _____________    _________________________
жергілікті уәкілетті      (қолы)           (қолды таратып жазу)
органның басшысы

Есепті жасауға жауапты    _____________    _________________________
Қазынашылық комитетінің   (қолы)           (қолды таратып жазу)
құрылымдық бөлімшесінің
басшысы

Есепті жасауға жауапты    ____________    _________________________
бюджетті атқару жөніндегі   (қолы)           (қолды таратып жазу)
жергілікті уәкілетті
органның құрылымдық
бөлімшесінің басшысы                        

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       кредиторлық берешегі туралы
                                          есепті жасау және беру
                                           ережесіне 3-қосымша

                                                КБ-Ө-нысаны

                 200_жылға арналған 1 ________
   ____________________________________________________________
   (мемлекеттік мекеме/бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)
                  кредиторлық берешегі туралы есеп

Бюджеттің түрі__________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі________________
Мемлекеттік мекеме______________________________
Кезеңділігі_____________________________________
Өлшем бірлігі___________________________________

Функц. топ

Бағдар-
лама

Кіші
бағдар-
лама

Ақылы қызмет-
тердің коды

Ақылы қызметтер
мен өзге де
көздердің атауы

1

2

3

4

5






  кестенің жалғасы

Барлық берешек

өткен жылдардың
берешегі

ағымдағы
жылдың
берешегі

Жиыны
(7+8)

Оның ішінде

жылдың
басын-
дағы

ағымдағы
жылы
өтеуді
ескере
отырып
қалдық

төлеу мерзімі
басталмаған
міндеттемелер
бойынша бере-
шектің сомасы

Қуыну
мерзімі
өткен
берешектің
сомасы

6

7

8

9

10

11







  Мемлекеттік мекеменің/ _____________    __________________________
бюджеттік бағдарлама       (қолы)          (қолды таратып жазу)
әкімшісінің басшысы
                      М.О.

Мемлекеттік мекеме
құрылымдық бөлімшесінің/
есеп жасауға жауапты
бюджеттік бағдарлама
әкімшісінің басшысы     _____________    _________________________
                          (қолы)           (қолды таратып жазу)

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       кредиторлық берешегі туралы
                                          есепті жасау және беру
                                           ережесіне 4-қосымша

                                           КБ-Ө-жиынтық-нысаны

                 200_жылға арналған 1 ________
   ____________________________________________________________
   (мемлекеттік, республикалық бюджеттің, облыс, республикалық
    маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар
                        қала) бюджеттерінің)
                кредиторлық берешегі туралы есеп

Кезеңділігі________________________________
Өлшем бірлігі______________________________

Бюджеттік
бағдарла-
малардың
әкімшісі

Функц.
топ

Бағдар-
лама

Кіші
бағдар-
лама

Ақылы
қызмет-
тердің
коды

Ақылы
қызметтер
мен өзге
де көздер-
дің атауы

1

2

3

4

5

6







  кестенің жалғасы

Барлық берешек

өткен жылдардың
берешегі

ағымдағы
жылдың
берешегі

Жиыны
(8+9)

Оның ішінде

жылдың
басын-
дағы

ағымдағы
жылы
өтеуді
ескере
отырып
қалдық

төлеу мерзімі
басталмаған
міндеттемелер
бойынша бере-
шектің сомасы

Қуыну
мерзімі
өткен
берешектің
сомасы

7

8

9

10

11

12







  Қазынашылық комитетінің _____________    __________________________
басшысы                     (қолы)          (қолды таратып жазу)
                     М.О.
Жергілікті атқарушы  _____________    _________________________
органның басшысы       (қолы)           (қолды таратып жазу)
                     М.О.

Бюджетті атқару жөніндегі _____________    _________________________
жергілікті уәкілетті      (қолы)           (қолды таратып жазу)
органның басшысы

Есепті жасауға жауапты    _____________    _________________________
Қазынашылық комитетінің   (қолы)           (қолды таратып жазу)
құрылымдық бөлімшесінің
басшысы

Есепті жасауға жауапты    ____________    _________________________
бюджетті атқару жөніндегі   (қолы)           (қолды таратып жазу)
жергілікті уәкілетті
органның құрылымдық
бөлімшесінің басшысы

                             Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық
                                  берешегі туралы есепті жасау
                                       және беру ережесіне
                                              5-қосымша

      Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .

      Республикалық/жергілікті бюджеттік бағдарламалар
     әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша
           кредиторлық берешектің жағдайы туралы
               200__жылғы_________арналған
                    талдамалы деректер

Бюджеттің түрі -_______________
Мерзімділігі - тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі - мың теңге

ББӘ атауы

Қосалқы шоттар

Есепті
күнге

Жылдың
басына

Жылдың
басымен
салыстыр-
ғанда
ауытқу

N_

N_

N_




1

2

3

4

5

1.







2.







...







Есепті күнге
жиыны







Жылдың басына
жиыны







Ауытқу







  Қазынашылық комитетінің/бюджетті
атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның басшысы
           _____________         _________________________
      М.О.     (қолы)            (қолтаңбаның толық жазылуы)
 
Қазынашылық комитеті құрылымдық
бөлімшесінің/деректерді жасауға
жауапты, бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті
органның басшысы

          _____________         __________________________
             (қолы)            (қолтаңбаның толық жазылуы)     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады