Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008.06.05 N 325 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы
24 мамырдағы N 454
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2883 тіркелген, 2005 жылы 12 тамыздағы N 83-84 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"оқу-әдістемелік кешен - оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын және оқу бағдарламаларымен көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және үздік меңгеруге арналған оқу құралы (хрестоматиялар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, тест материалдары, сөздіктер, сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиет және басқалар);";
2-тармақтың төртінші абзацында және 12-тармақта "құрал" деген сөз "кешен" деген сөзбен ауыстырылсын.