"Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 24 мамырдағы N 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 44 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4080. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы N 325 Бұйрығымен

        Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008.06.05  N 325  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы
24 мамырдағы N 454  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2883 тіркелген, 2005 жылы 12 тамыздағы N 83-84 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "оқу-әдістемелік кешен - оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын және оқу бағдарламаларымен көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және үздік меңгеруге арналған оқу құралы (хрестоматиялар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, тест материалдары, сөздіктер, сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиет және басқалар);";

      2-тармақтың төртінші абзацында және 12-тармақта "құрал" деген сөз "кешен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
(С.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А.Айсинаға жүктелсін.

       Министр  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады