Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2012.10.05 N 670, ҚР Мұнай және газ министрінің 2012.10.09 N 161 бірлескен бұйрығымен.
Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдаудың өзара iс-қимыл жасау технологиясын жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :
1. "Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы N 309-І және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы N 215 бiрлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2645 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық, атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының бюллетенiнде жарияланған, 2005 жылғы, N 15, 90-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бiрлескен бұйрықпен бекiтiлген Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесiнде:
3-тармақ "туралы" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2004 жылғы 23 желтоқсанда N 3294 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І бұйрығымен бекiтiлген Жүк тасымалдау ережесiне сәйкес жүргiзiледi." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармағымен толықтырылсын:
"7-1. Жаңадан салынған құбырларды толтыруға арналған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалдауға (экспортқа) арналмаған технологиялық мұнайды темiр жол көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi қызметтер үшiн төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген облысаралық қатынастағы тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргiзiледi.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, өз кезегiнде, жаңадан салынған құбырларды толтыру үшiн қажеттi технологиялық мұнайдың көлемi туралы тасымалдаушыға (темiр жолмен) хабарлайды және мұнайдың осы көлемi бұдан әрi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге (экспортқа) тасымалданбайтынын жазбаша түрде растайды.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармағымен толықтырылсын:
"8-1. Жаңадан салынған құбырларды толтыру үшiн қажеттi технологиялық мұнайдың көлемiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау барысында тасымалдау құжаттарын ресiмдеу кезiнде жүк жөнелтушi Жүк тасымалдау ережесiмен көзделген тасымалдау құжаттарының жинағында "Жөнелтушiнiң айрықша өтiнiштерi мен белгiлерi" деген бағанда "Құбырды мұнайдың технологиялық көлемiмен толтыру үшiн" деген белгi қояды.";
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) 4 "Жүк жөнелтушiнiң айрықша өтiнiштерi" деген бағанда жүк жөнелтушi "Құбыр көлiгiмен экспортқа шығару үшiн" немесе "Құбырды мұнайдың технологиялық көлемiмен толтыру үшiн" деген белгiлер қойылады.".
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдар комитетi (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi Ж.М.Қасымбекке және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi Л.К.Кииновке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
2006 жылғы "____" _______
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрi
2006 жылғы "____" _______
"Келiсiлдi"
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің
2006 жылғы 9 ақпан