Аралас теміржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 309-І, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 215 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2645. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2012 жылғы 5 қазандағы N 670, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 9 қазандағы N 161 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2012.10.05 N 670, ҚР Мұнай және газ министрінің 2012.10.09 N 161 бірлескен бұйрығымен.

      " Темір жол көлігі ", "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына және Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінің 2002 жылғы 4 ақпандағы N 17-12-16/10301, И-44, И-825 хаттамасы 5 тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамыз: Z100291 қараңыз
      1. Қоса беріліп отырған Аралас теміржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (М.Ж.Оразбеков) осы бұйрықты белгіленген  тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Н.Т.Байдәулетов пен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникациялар
      министрі

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі

      Келісілді:
       Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      және бәсекелестікті қорғау
      жөніндегі агенттігінің төрағасы

      2003 жылғы 5 қараша

Қазақстан Республикасы Көлік   
және коммуникациялар министрінің 
2003 жылғы 31 қазандағы     
N 309-І және           
Қазақстан Республикасы       
Энергетика және минералдық    
ресурстар министрінің       
2003 жылғы 31 қазандағы      
N 215 бірлескен бұйрықтарымен  
бекітілген            
 

Аралас теміржол-құбыр қатынасымен
мұнай тасымалдау ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Аралас теміржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді. Z100291 қараңыз

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) жүкқұжат - бес беттен тұратын жүк тасымалдау шарты (жүкқұжаттың түпнұсқасы, жол ведомосі, жүкқұжаттың көшірмесі, жүк берілу қағазы және жүк келуінің қағазы);
      2) аралас теміржол-құбыр тасымалы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бекіткен мұнай құбырлары мен темір жолдар жүйесі бойынша қазақстандық өндірушілердің мұнайын жеткізудің айлық кестесі негізінде құбыр және темір жол көліктерімен мұнайды тасымалдау;
      3) тасымалдаушы - өзінің (жалға алған) жылжымалы құрамымен мұнайды тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;
      4) тасымалдаушы (құбыр бойынша) - құбыр көлігімен мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын тұлға;
      5) ауыстырып тиеу пункттері - мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылатын эстакадалар;
      6) мұнайды ауыстырып тиеу - мұнайды темір жол көлігінен құбыр көлігіне немесе құбыр көлігінен темір жол көлігіне аударуға байланысты тиеу-түсіру операциялары (ағызу-құю).

      3. Теміржол жөнелту станцияларында тасымалдау құжаттарын ресімдеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісім негізінде Қазақстан Республикасы темір жолдарының халықаралық және мемлекетаралық жүк тасымалдау ұйымына өтуі туралы" 1994 жылғы 4 мамырдағы N 474 қаулысына сәйкес қолданып жүрген, 1951 жылғы 1 қарашада жасалған Халықаралық теміржол жүк қатынасы (бұдан әрі - ХТЖК) туралы келісімде белгіленген жүкқұжат нысаны бойынша және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2004 жылғы 23 желтоқсанда N 3294 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І бұйрығымен бекiтiлген Жүк тасымалдау ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 29, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 48   бірлескен бұйрығымен .

      4. Мұнайды құбыр көлігімен тасымалдау және мұнайды тасымалдауға арналған жүкқағазды ресімдеу тасымалдаушы (құбыр бойынша) мен жүк жөнелтуші арасында жасалған мұнайды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Мұнайды тасымалдау бойынша қызмет көрсету жөніндегі шарт магистральдық құбыр бойынша мұнайды тасымалдаудың үлгілік шартына сәйкес болу керек.

2. Кіре төлемдерін өндіріп алу тәртібі

      5. Қазақстан Республикасы темір жолдарында мұнай тасымалдау және құбыр көлігімен тасу бойынша қызметтер тасымалдаушымен шартта отырған жүк жөнелтушімен, экспедиторлық ұйыммен төленеді.

      6. Қазақстан Республикасының темір жолдарында бұдан әрі Қазақстан Республикасының тыс жерлерге (экспорт) мұнай тасымалдауды жүзеге асырылғанда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген халықаралық қатынастағы тарифтер (бағалар, алым ставкалар) бойынша төленеді.

      7. Құбыр көлігімен мұнайды тасымалдау бойынша қызметтердің төлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген тарифтер (бағалар, алым ставкалар) бойынша жасалады.

      7-1. Жаңадан салынған құбырларды толтыруға арналған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалдауға (экспортқа) арналмаған технологиялық мұнайды темiр жол көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi қызметтер үшiн төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген облысаралық қатынастағы тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргiзiледi.
      Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, өз кезегiнде, жаңадан салынған құбырларды толтыру үшiн қажеттi технологиялық мұнайдың көлемi туралы тасымалдаушыға (темiр жолмен) хабарлайды және мұнайдың осы көлемi бұдан әрi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге (экспортқа) тасымалданбайтынын жазбаша түрде растайды.
       Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 29, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 48   бірлескен бұйрығымен .

3. Аралас тасымалдау құжаттары

      8. Темір жолмен тасымалдаушы жүк жөнелтушіден мұнайды тасымалдауға қабылдай отырып, жүк жөнелтушіге ХТЖК бекіткен нысан бойынша мынадай, бағандарын міндетті түрде ресімдеумен жүкқұжаттың көшірмесін береді:
      1) "Жол және баратын станциясы" 8-бағанында жүк жөнелтуші баратын станция ретінде қайта тиеу пункті орналасқан мұнай жіберу станциясын көрсетеді;
      2) "алушы, почталық мекен-жай" 5-бағанында жүк жөнелтуші темір жолмен тасымалдаушыдан мұнай алуы тиіс осы станциядағы алушыны немесе экспедиторды көрсетеді;
      3) 4 "Жүк жөнелтушiнiң айрықша өтiнiштерi" деген бағанда жүк жөнелтушi "Құбыр көлiгiмен экспортқа шығару үшiн" немесе "Құбырды мұнайдың технологиялық көлемiмен толтыру үшiн" деген белгiлер қойылады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 29, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 48   бірлескен бұйрығымен .

      8-1. Жаңадан салынған құбырларды толтыру үшiн қажеттi технологиялық мұнайдың көлемiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау барысында тасымалдау құжаттарын ресiмдеу кезiнде жүк жөнелтушi Жүк тасымалдау ережесiмен көзделген тасымалдау құжаттарының жинағында "Жөнелтушiнiң айрықша өтiнiштерi мен белгiлерi" деген бағанда "Құбырды мұнайдың технологиялық көлемiмен толтыру үшiн" деген белгi қояды.
       Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 29, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 48   бірлескен бұйрығымен .

      9. Қайта тиеу пунктінен мұнайды жөнелту кезінде жүк жөнелтуші немесе экспедитор "Жөнелтушінің ерекше өтініштері" жүкқағазының 4-бағанында "...құбыр көлігімен жеткізілген" деп көрсетеді (мұнайды жөнелткен ел көрсетіледі).

4. Тасымалдауларды жоспарлау

      10. Экспортқа мұнай тасымалдауды жоспарлау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бекіткен қазақстандық өндірушілердің мұнайын мұнай құбырлары жүйесі мен темір жолдар бойынша жеткізудің айлық кестесі негізінде, оның кейінгі өзгерістерін ескере отырып, жүргізіледі.

      11. Жүк жөнелтушілер қайта тиеу пунктінің қайта өңдеу қабілетін ескере отырып, келісілген жоспарда белгіленетін мөлшерлерде мұнайдың қайта тиеу пунктіне бір қалыпты тәуліктік келіп түсуін қамтамасыз ететіндей бағыттармен немесе ірілендірілген вагондар топтарымен мұнайды тасымалдауға береді.

5. Қайта тиеу пункттерінде мұнайды
қабылдау және беру тәртібі

      12. Мұнайды жүк жөнелтушіден құбыр көлігін қабылдап алу ХТЖК құжаттарын және вагондарды беру-жинау ведомісін ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.
      Мұнайды тасымалдаушыдан (темір жолмен) жүк жөнелтушіге әрі қарай құбыр көлігіне қайта тиеу үшін беру ХТЖК жүкқұжаты бойынша түпкілікті есептеу және вагондарды беру мен жинау ведомосін ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.

      13. Қайта тиеу пункттерінде құбыр бойынша тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің арасында мұнайды қабылдауды/беруді ресімдеу тәртібі мұнай тасымалдауға жасасқан шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Құбыр және темір жол бойынша тасымалдаушылар мұнай тасымалдаудың айлық жоспарының орындалуын дербес есепке алуды жүргізеді.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      15. Темір жол бойынша тасымалдаушы мен құбыр бойынша тасымалдаушы жүк жөнелтушілермен мұнай тасымалдауға жасасқан шарттарға, тасымалдау шарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдың сақталуына жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады