Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 670 және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2012 жылғы 9 қазандағы № 161 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналардың:
      1) «Аралас теміржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 309-1 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 215 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2645 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., № 15, 89-құжат);
      2) «Аралас теміржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 309-1 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 215 бірлескен бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 29 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстap министрінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 48 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4084 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 ж. 17 ақпан, № 28-29 жарияланды (835)) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының    Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация      Мұнай және газ министрінің
            министрі                   міндетін атқарушы

      _______ А. Жұмағалиев        ______ Б. Ақшолақов

              «КЕЛІСІЛДІ»
       Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
        агенттігінің төрағасы

      _______ М.Оспанов
        31 қазан 2012 жыл  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады