Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 95 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1059 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 28 ақпан - 12 наурызда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 28 ақпандағы N 61 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1825 тіркелген) бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесінде:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
" 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Ереже "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
туралы", "
Ақша төлемi мен аударымы туралы
", "
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйесін (бұдан әрі - төлем жүйесі) пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Осы Ереженің нормалары төлем жүйесінің барлық пайдаланушыларының орындауы үшін міндетті.
Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестация - төлем жүйесін пайдаланушылардың осы Ережеде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру;
2) негізгі ақпарат - криптографиялық кілттер немесе ақпаратты криптографиялық қайта құруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа ақпарат;
3) рұқсат етілмеген кіру - ақпараттық және бағдарламалық ресурстарға кіруге құқықтары жоқ тұлғалардың ақпараттық және бағдарламалық ресурстарға кіруі;
4) қауіпсіздік офицері - төлем жүйесінің ақпаратты төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында рұқсат етілмеген кіруден қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешенін орнатуды және жұмысын қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қабілетін бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкері;
5) төлем жүйесін пайдаланушы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
6) рұқсат етілмеген кіруден қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешені - компьютерлерді бөгде тұлғалардың пайдалануынан қорғау, орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің және деректердің тұтастығын бақылау, сондай-ақ тіркелген пайдаланушылардың ақпарат ресурстарына кіру жөніндегі өкілеттіктерін шектеуге арналған жүйе;
7) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны - төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютер;
8) төлем жүйесінің қауіпсіздік қызметі - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпарат ресурстарының қауіпсіздігін және қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше;
9) кіруді тіркеу құралдары - объектілерге кіру туралы ақпаратты белгілеуге мүмкіндік беретін техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдар;
10) төлем жүйесінің терминалы - төлем жүйесіне кіруді қамтамасыз ететін, төлем жүйесін пайдаланушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орнатылатын бағдарламалық қамтамасыз ету;
11) кілттерді бөлу орталығы - негізгі ақпаратты жинау, тарату немесе жасау кезінде белгілі бір технологиялық рәсімдерді жүзеге асыратын ұйым.";
2-тараудың атауындағы "2. Жұмыс орнын орналастыру" деген сөздер "2-тарау. Жұмыс орнын орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тараудың атауындағы "3. Рұқсат етiлмеген қол жеткiзуден ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау" деген сөздер "3-тарау. Ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз етуді рұқсат етілмеген кіруден қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Төлем жүйесінің терминалы осы мақсат үшін арнайы бөлінген, конфигурация, онда орнатылған аппараттық және бағдарламалық құралдар жөніндегі нақты деректері бар паспорты бар дербес компьютерде орнатылады.";
5-тармақтағы "дербес компьютеріне" деген сөздер "жұмыс орнында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"дербес компьютері" деген сөздер "жұмыс орны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қажет" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
"компьютерге" деген сөз "төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
"дербес компьютері" деген сөздер "жұмыс орны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қажет" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлемнің мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын: "Құралдар тұтастығының бұзылғаны туралы күдік болған немесе тұтастығының бұзылғаны туралы ескертулер алынған жағдайда төлем жүйесiнiң қауiпсiздiк қызметiне жедел хабарлау қажет.";
9-тармақта "дербес компьютерінің" деген сөздер "жұмыс орнының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тараудың атауындағы "4. Негiзгi ақпаратты сақтау және пайдалану" деген сөздер "4-тарау. Негiзгi ақпаратты сақтау және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тараудың атауындағы "5. Қызмет көрсетушi қызметкерлерiнiң жұмыс ұйымдастыруы" деген сөздер "5-тарау. Қызмет көрсетушi қызметкерлердiң жұмысын ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 3) тармақшасындағы "дербес компьютерінің" деген сөздер "жұмыс орнының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тараудың атауындағы "6. Төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнына аттестация" деген сөздер "6-тарау. Төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнын аттестациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақта:
"аттестациялау жөніндегі іс-шаралардың" деген сөздер "аттестациялауды тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Төлем жүйесін пайдаланушының осы Ережеде белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауын тексеруді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелері бөлімшесі (бұдан әрі - тексеруші тұлғалар) жүзеге асырады.";
31-тармақта:
"Комиссия" деген сөз "Тексеруші тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"комиссия мүшелері" деген сөздер "тексеруші тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді.
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы