Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбyрлеу шараларын қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 52 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4146. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 185 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 185 Қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
      3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау     
агенттiгi Басқармасының   
2006 жылғы 25 ақпандағы   
N 52 қаулысымен бекiтiлген 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану
ережесi

     1. Осы Ереже " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы ", " Сақтандыру қызметi туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты қызметiн қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын ұйымының iрi қатысушыларына қолдана алады.

      3. Бiр мәжбүрлеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқасын қолдануды жоққа шығармайды және бұрын қабылдаған шаралардың қолданысын тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы уәкiлеттi орган оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешiм шығарғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi органның талаптарын орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн қосымшасымен қоса, қажет болған жағдайда, басқа құжаттарды уәкiлеттi органға бередi.

      5. Уәкiлеттi орган жоспар-кестенi қарайды және он күнтiзбелiк күннiң iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына өз қорытындысын бередi.
      Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда, уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына белгiлi мерзiмде нақты iс-шараларды орындау туралы нұсқау бередi.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы шешiмде көрсетiлген мерзiмде уәкiлеттi органның талаптарын орындау жөнiндегi шешiмдердiң орындалғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
      Егер шешiмдi орындау мерзiмi бiр айдан асып кеткен жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы оның кезеңдi түрде орындалуы туралы уәкiлеттi органға ай сайын хабарлайды.

      7. Уәкiлеттi органның шешiмiнде көзделген талаптарды сақтандыру ұйымы iрi қатысушысының орындау мерзiмiнiң басталуы олардың осы шешiмдi алған күнi болып саналады.

      8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртiппен шешiледi.

Об утверждении Правил применения принудительных мер к крупным участникам страховой (перестраховочной) организации

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 52. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 марта 2006 года N 4146. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года N 185

       Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28.11.2008 N 185 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения принудительных мер к крупным участникам страховой (перестраховочной) организации.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту надзора за субъектами страхового рынка и другими финансовыми организациями (Каримуллин А.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, страховых (перестраховочных) организаций и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      4. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Досмукаметова К.М.

      Председатель

Утверждены постановлением      
Правления Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору финансового
рынка и финансовых организаций   
от 25 февраля 2006 года N 52    

  ПРАВИЛА
применения принудительных мер к крупным участникам
страховой (перестраховочной) организации

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", " О страховой деятельности " (далее - Закон) и устанавливают порядок применения уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) в отношении крупных участников страховой (перестраховочной) организации принудительных мер за нарушения законодательства Республики Казахстан о страховании и страховой деятельности.

      2. В целях обеспечения стабильной деятельности страховых (перестраховочных) организаций уполномоченный орган может применить к крупным участникам страховой (перестраховочной) организации принудительные меры, предусмотренные статьей 53-1 Закона.

      3. Применение одной принудительной меры не исключает применения другой в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, и не приостанавливает и не прекращает действия ранее принятых мер.

      4. Крупный участник страховой (перестраховочной) организации в течение десяти календарных дней после вынесения решения уполномоченным органом о применении к нему принудительных мер, представляет в уполномоченный орган план-график мероприятий по выполнению требований уполномоченного органа с приложением, при необходимости, прочих документов.

      5. Уполномоченный орган рассматривает план-график и представляет свое заключение крупному участнику страховой (перестраховочной) организации в течение десяти календарных дней.
      В случае несогласия с планом-графиком, уполномоченный орган направляет указание крупному участнику страховой (перестраховочной) организации о выполнении конкретных мероприятий в определенные сроки.

      6. Крупный участник страховой (перестраховочной) организации уведомляет уполномоченный орган об исполнении решения по выполнению требований уполномоченного органа в срок, указанный в решении.
      В случае, если установленный срок исполнения решения будет превышать один месяц, крупный участник страховой (перестраховочной) организации ежемесячно уведомляет уполномоченный орган о поэтапном его исполнении.

      7. Началом срока выполнения крупным участником страховой (перестраховочной) организации требований, предусмотренных решением уполномоченного органа, считается дата получения ими данного решения.

      8. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.