Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 185 Қаулысымен.
"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 52 қаулысымен бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану
ережесi
1. Осы Ереже " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы ", " Сақтандыру қызметi туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты қызметiн қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын ұйымының iрi қатысушыларына қолдана алады.
3. Бiр мәжбүрлеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқасын қолдануды жоққа шығармайды және бұрын қабылдаған шаралардың қолданысын тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы уәкiлеттi орган оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешiм шығарғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi органның талаптарын орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн қосымшасымен қоса, қажет болған жағдайда, басқа құжаттарды уәкiлеттi органға бередi.
5. Уәкiлеттi орган жоспар-кестенi қарайды және он күнтiзбелiк күннiң iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына өз қорытындысын бередi.
Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда, уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына белгiлi мерзiмде нақты iс-шараларды орындау туралы нұсқау бередi.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы шешiмде көрсетiлген мерзiмде уәкiлеттi органның талаптарын орындау жөнiндегi шешiмдердiң орындалғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
Егер шешiмдi орындау мерзiмi бiр айдан асып кеткен жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы оның кезеңдi түрде орындалуы туралы уәкiлеттi органға ай сайын хабарлайды.
7. Уәкiлеттi органның шешiмiнде көзделген талаптарды сақтандыру ұйымы iрi қатысушысының орындау мерзiмiнiң басталуы олардың осы шешiмдi алған күнi болып саналады.
8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртiппен шешiледi.