Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 185 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5469 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға,
сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына
мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі бекітілсін.
      2. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 52 қаулысы өзінің күшін жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4146 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылы 12 мамырда N 84-85 (1064-1065) жарияланған).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                       Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау     
агенттігі Басқармасының   
2008 жылғы 28 қараша    
N 185 қаулысымен бекітілген 

Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану
ережесі

      1. Осы Ереже "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік
реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4
шілдедегі Заңына , "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына байланысты ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына қолдана алады.
      3. Бір мәжбүрлеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда қолдануын жоққа шығармайды және шараларды уақытша тоқтатпайды және бұрын шара қабылданғандарының қолданылуын тоқтатпайды.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісін иеленуші тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті орган оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешім шығарғаннан кейін он күнтізбелік күннің ішінде уәкілетті органға, қажет болған жағдайда басқа құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесін береді.
      5. Уәкілетті орган жоспар-кестені қарайды және жоспар-кестені алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісін иеленуші тұлғаға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына өз қорытындысын береді.
      Уәкілетті орган жоспар-кестемен келіспеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісін иеленуші тұлғаға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына белгілі мерзімде нақты іс-шараларды орындау туралы нұсқау береді.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісін иеленуші тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы шешімде көрсетілген мерзімде уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі шешімнің орындалғаны туралы уәкілетті органға хабардар етеді.
      Егер шешімді орындау мерзімі бір айдан асып кеткен жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісін иеленуші тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы оның кезең-кезеңімен орындалып жатқандығы туралы уәкілетті органға ай сайын хабардар етіп отырады.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісін иеленуші тұлғаның немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының уәкілетті органның шешімінде көзделген талаптарды орындау мерзімінің басталуы олардың осы шешімді алған күні болып саналады.
      8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады