Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.08.12. N 396 Бұйрығымен.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 14 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1946 нөмірімен тіркелген "Конкурстық басқарушыны тағайындау және босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша "Мемлекеттік кіріс" деген сөздер "Қаржы" сөзімен ауыстырылсын;
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесі бекітілсін.";
көрсетілген Ережемен бекітілген Конкурстық басқарушыны тағайындау және босату ережесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесі";
кіріспедегі»"тағайындау және босату" деген сөздер "тағайындау, есепке алу және тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот белгіленген нысан бойынша (1 қосымша) ақпаратты қамтитын төлемге қабілетсіз ұйымның банкроттығы туралы жөнінде өндіріс қозғау туралы ұйғарымын шығарғаннан кейін Комитеттің аумақтық органы конкурстық басқарушыны өзі тағайындайды және осы Ережемен көзделген тәртіпте бекітуге материалдар ұсынады";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Келісуге ұсынылатын құжаттарға міндетті түрде төлем қабілеттілігі жоқ ұйымды банкрот деп тану туралы шешімнің көшірмесі қоса беріледі.";
5-тармақтағы»"үш күн ішінде басқа кандидатураны ұсынады" сөздері "бес күн ішінде белгіленген жетіспеушіліктерді жояды және материалдарды бекітуге қайтадан жібереді" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ескертулер болмаған жағдайда конкурстық басқарушының кандидатурасы күшіне енген борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің түскен күнінен бастап бес күннен кешіктірілмей бекітіледі";
7-тармақ алынып тасталсын;
7-1-7-9 тармақтарымен толықтырылсын:
"7-1. Конкурстық басқарушыларды есепке алу және тіркеу (бұдан әрі - есепке алу және тіркеу) келу сипатында және конкурстық басқарушылар туралы дерекқор қалыптастыру мақсатында конкурстық басқарушыны Комитеттің аумақтық органында есепке қоюмен бөлінеді.
7-2. Комитеттің аумақтық органында есепке қою және тіркеу үшін конкурстық басқарушы белгіленген нысан бойынша (4-қосымша) өтініш ұсынады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) фотосуретпен бірге кадр есебіне алу жөніндегі жеке парақ (іс жүзінде тұрғылықты мекен-жайды және байланыс телефондарын көрсетіп);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мүлікті және банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеттілігі жоқ борышкерлердің істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның көшірмесі;
4) дипломның көшірмесі;
5) жеке меншік кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) азаматтарды тіркеу кітабынан шығу қағазының көшірмесі.
Есепке қою және тіркеу туралы өтінішті Комитеттің аумақтық органы ол түскен күннен бастап үш күн мерзімде қарайды.
7-3. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық органы конкурстық басқарушыны есепке қою және тіркеу туралы шешім қабылдайды және өтініш иесіне қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді.
7-4. Конкурстық басқарушыны есепке қою және тіркеу туралы мәліметтер Конкурстық басқарушыны есепке қою және тіркеу туралы кітапқа (бұдан әрі - Кітап) (5-қосымша) енгізіледі.
7-5. Кітап Комитеттің аумақтық органында жүргізіледі.
Кітаптағы парақтар түптелуге, нөмірленуге және Комитеттің аумақтық органының мөрімен бекітілуге тиіс.
Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылылығы үшін, сондай-ақ оның сақталуы үшін Комитеттің аумақтық органының адамы оның лауазымдық міндеттеріне сәйкес жауап береді.
7-6. Есепке қоюдан және тіркеуден осы Ереженің 7-2-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкін.
7-7. Конкурстық басқарушы Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты Кітаптан алынып тасталуы мүмкін.
7-8. Комитеттің аумақтық органы Кітаптың негізінде жыл сайын оның конкурстық басқаруға кәсіпорынды алу кезектілігі тәртібінде конкурстық басқарушылардың тізілімін "бұдан әрі - Тізілім" жасайды. Егер конкурстық басқарушы конкурстық өндірісті бірнеше кәсіпорындарда жүргізетін болса, берілген тізілімге алғашқы тағайындалған күні бойынша енгізіледі.
7-9. Конкурстық басқарушыларды тағайындау олардың Тізілімдегі кезектілігі бойынша, конкурстық өндіріспен айналыспайтын алғашқы лицензиаттан бастап жүзеге асырылады.
Лицензиат конкурстық өндірісті жүргізуден бас тартқан жағдайда, ол жазбаша түрде бас тартады және тізілімнің соңына ауыстырылады.";
8 тармақ алынып тасталсын.
9 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Борышкер активінің құны борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін шығарған уақытта 50 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жағдайда Комитеттің аумақтық органы конкурстық басқарушыны тағайындау туралы бұйрықты келісусіз өзі шығарады және бұйрықтың көшірмесін Комитетке жібереді. Борышкер активінің құны 50 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда конкурстық басқарушыны Комитет тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны Комитет тағайындаған жағдайда Комитеттің аумақтық органы лицензиаттардың конкурстық өндірісті жүргізуден бас тарту туралы құжат көшірмесі мен басқа да құжаттарды Комитетке жолдайды (6 қосымша)";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Заңның 9-бабының 4 тармағында көрсетілген негіздемелер болған жағдайда кандидатуралар Тізілімге енгізілмейді және тағайындалмайды";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Егер Тізілімде конкурстық өндіріспен айналыспайтын лицензиаттар болмаса немесе олар конкурстық өндіріске қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген рәсімдерді сақтай отырып, конкурстық басқарушыны бірнеше банкрот ұйымдарға тағайындауға құқылы.
Берілген ережелер»"Тарату және банкроттық рәсімдерін жүргізу" 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуді сатып алу конкурстары бойынша тағайындалатын конкурстық басқарушыларды тағайындаған жағдайда қолданылмайды.";
12 тармақтың 2 және 3 абзацтары алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Конкурстық басқарушы борышкердің ісін және мүлкін басқарудан Заңның 9 бабында көзделген жағдайларда, көрсетілген функцияларды жүзеге асыру үшін тағайындалған тәртіппен босатылуға тиіс.";
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
1 қосымшаның атауындағы»"және босату" деген сөздер»"есепке алу және тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Төлемге қабілетсіз ұйымның төлқұжаты _____ парақ" сөздері алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада 4-тармақ алынып тасталсын;
осы бұйрықтың 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының орынбасары Б.А.Парсеговқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті
Төрағасының 2006 жылғы
20 наурыздағы N 11 бұйрығына
1-қосымша
Конкурстық басқарушыларды
тағайындау, есепке алу және
тіркеу ережелеріне 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс
комитетінің
____________________ облысы
бойынша ____________________
____________________________
____________________________
Өтініш
Мені есепке алып және конкурстық басқарушы ретінде тіркеуіңізді сұраймын.
Осы өтінішке қоса беріледі:
1) фотосуретпен бірге кадр есебіне алу жөніндегі жеке парақ (іс жүзінде тұрғылықты мекен-жайды және байланыс телефондарын көрсетіп);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) төлем қабілеттілігі жоқ борышкерлердің істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның көшірмесі;
4) дипломның көшірмесі;
5) жеке меншік кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) азаматтарды тіркеу кітабынан шығу қағазының көшірмесі.
(қолы) (Ф.А.Ә)
"____" ________________ 200 ___ ж.
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті
Төрағасының 2006 жылғы
20 наурыздағы N 11 бұйрығына
2-қосымша
Конкурстық басқарушыларды
тағайындау, есепке алу және
тіркеу ережелеріне 5-қосымша
Конкурстық басқарушыларды есепке алу Кітабындағы тіркеу
мәліметтері.
Тіркеу N ______________________
Тіркеу күні ___________________
N№ |
Ф.А.Ә. |
Мекен- |
Жеке |
Мемле- |
Жеке |
СТН |
Есеп- |
Есеп- |
Жаз- |
Ес- |
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті
Төрағасының 2006 жылғы
20 наурыздағы N 11 бұйрығына
3-қосымша
Конкурстық басқарушыларды
тағайындау, есепке алу және
тіркеу ережелеріне 6-қосымша
Конкурстық басқарушылардың тізілімі
N |
Конкурстық |
Кәсіпорын- |
Конкурстық |
Конкурстық |
ескерту |
Тізілімді жасаған лауазымды тұлғаның
Ф.А.Ә.