Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.08.12. N 396 Бұйрығымен.
--------------- Бұйрықтан үзінді--------------
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда N 1946 тіркелген "Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығы .
2. ...
3. ...
4. ...
Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "Мемлекеттік кіріс" деген сөздер "Қаржы" сөзімен ауыстырылды;
бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесі бекітілсін.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 66 бұйрығымен бекітілген
Конкурстық басқарушыны тағайындау,
есепке алу және тіркеу
ережесі
Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
Осы ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу тәртібін және шартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) белгілейді.
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
1. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлға конкурстық басқарушы болып тағайындалу қарастырылады.
2. Сот белгіленген нысан бойынша (1 қосымша) ақпаратты қамтитын төлемге қабілетсіз ұйымның банкроттығы туралы жөнінде өндіріс қозғау туралы ұйғарымын шығарғаннан кейін Комитеттің аумақтық органы конкурстық басқарушыны өзі тағайындайды және осы Ережемен көзделген тәртіпте бекітуге материалдар ұсынады.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
3. Келісуге ұсынылатын құжаттарға міндетті түрде төлем қабілеттілігі жоқ ұйымды банкрот деп тану туралы шешімнің көшірмесі қоса беріледі.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
4. Тиісті үлгіде ресімделмеген толық емес ақпараты бар құжаттар қаралмастан Комитеттің аумақтық органына қайтарылады.
5. Құжаттарды Комитет қайтарған жағдайда, Комитеттің аумақтық органы бес күн ішінде белгіленген жетіспеушіліктерді жояды және материалдарды бекітуге қайтадан жібереді.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
6. Ескертулер болмаған жағдайда конкурстық басқарушының кандидатурасы күшіне енген борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің түскен күнінен бастап бес күннен кешіктірілмей бекітіледі.
Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7. <*>
Ескерту: 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-1. Конкурстық басқарушыларды есепке алу және тіркеу (бұдан әрі - есепке алу және тіркеу) келу сипатында және конкурстық басқарушылар туралы дерекқор қалыптастыру мақсатында конкурстық басқарушыны Комитеттің аумақтық органында есепке қоюмен бөлінеді.
Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-2. Комитеттің аумақтық органында есепке қою және тіркеу үшін конкурстық басқарушы белгіленген нысан бойынша (4-қосымша) өтініш ұсынады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) фотосуретпен бірге кадр есебіне алу жөніндегі жеке парақ (іс жүзінде тұрғылықты мекен-жайды және байланыс телефондарын көрсетіп);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мүлікті және банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеттілігі жоқ борышкерлердің істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның көшірмесі;
4) дипломның көшірмесі;
5) жеке меншік кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) азаматтарды тіркеу кітабынан шығу қағазының көшірмесі.
Есепке қою және тіркеу туралы өтінішті Комитеттің аумақтық органы ол түскен күннен бастап үш күн мерзімде қарайды.
Ескерту: 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-3. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық органы конкурстық басқарушыны есепке қою және тіркеу туралы шешім қабылдайды және өтініш иесіне қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді.
Ескерту: 7-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-4. Конкурстық басқарушыны есепке қою және тіркеу туралы мәліметтер Конкурстық басқарушыны есепке қою және тіркеу туралы кітапқа (бұдан әрі - Кітап) (5-қосымша) енгізіледі.
Ескерту: 7-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-5. Кітап Комитеттің аумақтық органында жүргізіледі.
Кітаптағы парақтар түптелуге, нөмірленуге және Комитеттің аумақтық органының мөрімен бекітілуге тиіс.
Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылылығы үшін, сондай-ақ оның сақталуы үшін Комитеттің аумақтық органының адамы оның лауазымдық міндеттеріне сәйкес жауап береді.
Ескерту: 7-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-6. Есепке қоюдан және тіркеуден осы Ереженің 7-2-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкін.
Ескерту: 7-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-7. Конкурстық басқарушы Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты Кітаптан алынып тасталуы мүмкін.
Ескерту: 7-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-8. Комитеттің аумақтық органы Кітаптың негізінде жыл сайын оның конкурстық басқаруға кәсіпорынды алу кезектілігі тәртібінде конкурстық басқарушылардың тізілімін "бұдан әрі - Тізілім" жасайды. Егер конкурстық басқарушы конкурстық өндірісті бірнеше кәсіпорындарда жүргізетін болса, берілген тізілімге алғашқы тағайындалған күні бойынша енгізіледі.
Ескерту: 7-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
7-9. Конкурстық басқарушыларды тағайындау олардың Тізілімдегі кезектілігі бойынша, конкурстық өндіріспен айналыспайтын алғашқы лицензиаттан бастап жүзеге асырылады.
Лицензиат конкурстық өндірісті жүргізуден бас тартқан жағдайда, ол жазбаша түрде бас тартады және тізілімнің соңына ауыстырылады.
Ескерту: 7-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
8. <*>
Ескерту: 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
9. Конкурстық басқарушыны тағайындау Комитеттің немесе Комитеттің аумақтық органының бұйрығы нысанында (3-қосымша) енгізіледі, басшы немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы қойылады, мөрмен расталады және есеп кітабына тіркеледі.
Борышкер активінің құны борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін шығарған уақытта 50 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жағдайда Комитеттің аумақтық органы конкурстық басқарушыны тағайындау туралы бұйрықты келісусіз өзі шығарады және бұйрықтың көшірмесін Комитетке жібереді. Борышкер активінің құны 50 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда конкурстық басқарушыны Комитет тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны Комитет тағайындаған жағдайда Комитеттің аумақтық органы лицензиаттардың конкурстық өндірісті жүргізуден бас тарту туралы құжат көшірмесі мен басқа да құжаттарды Комитетке жолдайды (6 қосымша)
Ескерту: 9-тармақ өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 14 бұйрығымен , 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
10. Заңның 9-бабының 4 тармағында көрсетілген негіздемелер болған жағдайда кандидатуралар Тізілімге енгізілмейді және тағайындалмайды
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
11. Егер Тізілімде конкурстық өндіріспен айналыспайтын лицензиаттар болмаса немесе олар конкурстық өндіріске қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген рәсімдерді сақтай отырып, конкурстық басқарушыны бірнеше банкрот ұйымдарға тағайындауға құқылы.
Берілген ережелер»"Тарату және банкроттық рәсімдерін жүргізу" 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуді сатып алу конкурстары бойынша тағайындалатын конкурстық басқарушыларды тағайындаған жағдайда қолданылмайды.
Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
12. Комитеттің аумақтық органы тоқсан сайын тиісті салық комитетімен бекітілген конкурстық массасы жоқ банкрот ұйымдардың тізімін Комитетке беріп отырады.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
13. Конкурстық басқарушы борышкердің ісін және мүлкін басқарудан Заңның 9 бабында көзделген жағдайларда, көрсетілген функцияларды жүзеге асыру үшін тағайындалған тәртіппен босатылуға тиіс
Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
14. Конкурстық басқарушы жіберген, бірақ конкурс өндірісінің барысы мен қорытындысына әсер етпейтін бұзушылықтар анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органдары ұқсас бұзушылықтарды жою және болдырмау қажеттігі туралы конкурстық басқарушыға жазбаша ескертуге құқылы.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 66 бұйрығымен бекітілген,
Қонкурстық басқарушыны тағайындау
есепке алу және тіркеу туралы
ереженің 1-қосымшасы
Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс жөніндегі комитеті
Конкурстық басқарушыны
тағайындау туралы
ҚР МКМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет
Төрағасының 2002 жылғы _____ N ______ бұйрығына сәйкес
___________________ қаласы (облысы) бойынша _________________
сот банкроттық туралы іс бойынша өндіріс қозғауына қатысты төлем
қабілеті жоқ конкурстық басқарушының кандидатурасын қарау және
келісу үшін жіберіп отырмыз.
____________________________________________________________________
N Конкурстық Ұйымның атауы Ескерту
басқарушының аты-жөні
____________________________________________________________________
1.
2.
3.
____________________________________________________________________
Қосымша:
1. алынып тасталды ;
2. Банкроттық туралы іс бойынша өндіріс қозғау туралы сот
айқындамасының көшірмесі ________ бет;
3. Басқалар.
Басқарма бастығы _______________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
орынд.___________
тел._____________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 66 бұйрығымен бекітілген,
Конкурстық басқарушыны тағайындау
есепке алу және тіркеу туралы
ереженің 2-қосымшасы
Ескерту: 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 66 бұйрығымен бекітілген,
Конкурстық басқарушыны тағайындау
есепке алу және тіркеу туралы
ереженің 3-қосымшасы
Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 14 бұйрығымен , 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
БҰЙРЫҚ
Конкурстық басқарушыны
тағайындау туралы
1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
21 қаңтардағы Заңы , 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 "Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы
Қазақстан Республикасының қаулысына сәйкес және ______________
қаласы (облысы) бойынша _____________________ соттың 200_ жылғы
"___"_____________ ____________________ банкрот деп тану туралы
(ұйымның атауы)
бұйрықтың негізінде ____________________________________________
____________________ ________________________________конкурстық
(ұйымның атауы) (аты-жөні)
басқарушы болып тағайындалсын.
2. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
21 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес конкурстық басқарушының
міндеттемесін орындау ___________________________________жүктелсін.
(аты-жөні)
3. ____________________________________ конкурстық басқарушы
(аты-жөні)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңының 70-бабының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
4. алынып тасталды .
(аты-жөні)
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау _____________________
Комитеттің Басқарма бастығының орынбасарына жүктелсін.
Комитет төрағасы
(Басқарма бастығы) _______________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Конкурстық басқарушыларды
тағайындау, есепке алу және
тіркеу ережелеріне 4-қосымша
Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс
комитетінің
____________________ облысы
бойынша ____________________
____________________________
____________________________
Өтініш
Мені есепке алып және конкурстық басқарушы ретінде тіркеуіңізді сұраймын.
Осы өтінішке қоса беріледі:
1) фотосуретпен бірге кадр есебіне алу жөніндегі жеке парақ (іс жүзінде тұрғылықты мекен-жайды және байланыс телефондарын көрсетіп);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) төлем қабілеттілігі жоқ борышкерлердің істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның көшірмесі;
4) дипломның көшірмесі;
5) жеке меншік кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) азаматтарды тіркеу кітабынан шығу қағазының көшірмесі.
(қолы) (Ф.А.Ә)
"____" ________________ 200 ___ ж.
Конкурстық басқарушыларды
тағайындау, есепке алу және
тіркеу ережелеріне 5-қосымша
Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
Конкурстық басқарушыларды есепке алу Кітабындағы тіркеу
мәліметтері.
Тіркеу N ______________________
Тіркеу күні ___________________
N№ |
Ф.А.Ә. |
Мекен- |
Жеке |
Мемле- |
Жеке |
СТН |
Есеп- |
Есеп- |
Жаз- |
Ес- |
Конкурстық басқарушыларды
тағайындау, есепке алу және
тіркеу ережелеріне 6-қосымша
Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығымен .
Конкурстық басқарушылардың тізілімі
N |
Конкурстық |
Кәсіпорын- |
Конкурстық |
Конкурстық |
ескерту |
Тізілімді жасаған лауазымды тұлғаның
Ф.А.Ә.