Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.08.12. N 396 Бұйрығымен.
--------------- Бұйрықтан үзінді--------------
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. ...
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 14 наурызда N 2204 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 "Конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттетуін бекіту туралы" Бұйрығына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 14
бұйрығы.
3. ...
4. ...
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 1946 2002 жылғы 9 тамызда тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 "Конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттетуін бекіту туралы"
Бұйрығына
(одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықпен бекітілген "Конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттетуін бекіту туралы" Ережеде (одан әрі - Ереже);
Ереженің 9 тармағында және 3 қосымшасында "Шешім", "шешімге" сөздері "бұйрық", "бұйрыққа" сөздеріне ауыстырылсын;
11 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Конкурстық басқарушы қажетті жағдайда бірнеше банкрот-ұйымына тағайындалады:
бесеуден аспайтын: әкімшілік шығынды жабуға бағасы жеткіліксіз немесе конкурстық массасы жоқ, және қалған конкурстық массасы бар бір ұйымға;
оннан аспайтын: республика бюджетінен (активі) мүлігі жоқ ұйым банкрот шараларын қаржыландыру кезінде.";
Ереженің 3 қосымшасында:
1 тармақтағы "2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің сұрақтары" сөздері "2002 жылғы 28 қарашадағы
N 1268
"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жекелеген сұрақтары" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс жөніндегі
Комитетінің Төрағасы