"Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 наурыздағы N 146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4196. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 181 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.09  N 181  (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1.»"Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3401 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 126-127 санында, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3583 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 104 (728) санында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 261  бұйрығымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесінде:
      1-тармақтағы "кәсіптік жоғары," деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ аттестаттау: 
      атқаратын лауазымы бойынша санатын жоғарлату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкердің өтініші;
      егер педагогикалық қызметкердің жұмыс сапасы атқаратын лауазымының біліктілігі мен санатының деңгейіндегі біліктілік талаптарына жауап бермейтін болса, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген педагогикалық кеңестің шешімі негізінде мерзімінен бұрын өткізілуі мүмкін.";

      6-тармақтағы "жалпы орта, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары" деген сөздер алынып тасталсын;

      9-тармақта:
      бірінші абзацтағы "жоғары оқу орындары басшыларының орынбасарлары, жоғары оқу орындары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары", "ғылыми ұйымдар мен" деген сөздер алынып тасталсын;

      екінші абзац алынып тасталсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Білім беру ұйымының немесе білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының дербес құрамы мен өкілеттілік мерзімдері педагогикалық кеңестің немесе білім беруді басқару органының ұсынымдарын ескере отырып, тиісінше білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Педагогикалық қызметкерді аттестаттаудан өткізу үшін:
      1) бұрынғы аттестаттау мерзімінің өтуі;
      2) біліктілік санатын кезекті жоғарлату туралы педагогикалық қызметкердің жеке өтініші;
      3) санатын жоғарлату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкердің жеке өтініші;
      4) педагогикалық қызметкердің жұмыс сапасы төмендеген жағдайда мерзімінен бұрын аттестаттау туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген педагогикалық кеңестің шешімі негіз болып табылады.
      Өтініштерді қабылдауды білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиялары нысан бойынша (осы Ережеге 1-қосымша) жыл сайын 1 маусымға дейін жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармағымен толықтырылсын:
      "13-1. Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндерінің оқытушыларын аттестаттау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта және қосымша білім беретін мекемелердің педагогикалық қызметкерлері лауазымының біліктілік сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақтағы "жүйелерінің" деген сөз "оқу орындарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақ алынып тасталсын;

      16-тармақ алынып тасталсын;

      17-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Бейіні бойынша кәсіптік білімі бар кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіби және арнаулы пәндерден сабақ беретін педагогикалық қызметкерлер аттестаттаудан арнаулы пәндер оқытушысының лауазымы бойынша өтеді.";

      19-тармақтағы бірінші абзац алынып тасталсын;

      22-тармақтың:
      бірінші абзацындағы "кәсіптік" деген сөзден кейін "және кәсіптік орта" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақшаның:
      екінші абзацындағы "деңгейдегі" деген сөзден кейін "облыстық, Астана, Алматы қалалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі) қатысушылары;";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "облыстық немесе республикалық деңгейлерде тәжірибесі пысықталатын, тұлғалар;
      өндірістен педагогикалық кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарына жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша 5 жылдан кем емес өндірістік жұмыс стажы бар тұлғалар";

      2) тармақшаның:
      екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (аудандық, қалалық деңгейдегі) қатысушылары;";

      үшінші абзацтағы ", облыстық" деген сөз алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "өндірістен педагогикалық кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарына жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша 3 жылдан кем емес өндірістік жұмыс стажы бар тұлғалар";

      3) тармақшаның:
      үшінші абзацында "3" деген сан "бір жылдан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "өндірістен педагогикалық кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарына жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша 2 жылдан кем емес өндірістік жұмыс стажы бар тұлғалар";

      28-тармақтағы "ақының деңгейі" деген сөздер "ақы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29-тармақтағы "педагогикалық саладағы" деген сөздер "білім жүйесіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К.Әбдімомыновқа жүктелсін.

       Министр

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1051 "Об утверждении Правил аттестации педагогических работников"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 марта 2006 года N 146. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 апреля 2006 года N 4196. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2008 года N 181.

       Сноска. Утратил силу  приказом  Министра образования и науки РК от 09.04.2008 N 181 (порядок введения в действие см.  п. 6 ).

       ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ  Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1051 "Об утверждении Правил аттестации педагогических работников" (далее - Правила) (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3401, газета "Юридическая газета" от 17 сентября 2005 года N 150; с изменениями и дополнениями, внесенными  приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 апреля 2005 года N 261, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3583, газета "Юридическая газета" от 14 сентября 2005 года N 168) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах аттестации педагогических работников, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 1 слова "высшего профессионального," исключить;
      пункт 3 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Аттестация также может проводиться досрочно на основании:
      заявления педагогического работника о досрочной аттестации с целью повышения категории по занимаемой должности;
      решения педагогического совета, утвержденного приказом руководителя организации образования, если качество работы педагогического работника не отвечает квалификационным требованиям к уровню квалификации и категории занимаемой должности.";
      в пункте 6 слова "среднего общего, среднего профессионального и высшего профессионального" исключить;
      в пункте 9:
      в абзаце первом слова "заместители руководителя высшего учебного заведения, руководители структурных подразделений высшего учебного заведения", "научных организаций и" исключить;
      абзац второй исключить;
      абзац четвертый изложить в следующей редакции:
      "Персональный состав и сроки полномочий аттестационной комиссии организации образования или органа управления образованием утверждаются, соответственно, приказом руководителя организации образования с учетом рекомендаций педагогического совета или органа управления образованием.";
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Основанием для проведения аттестации педагогического работника являются:
      1) истечение срока предыдущей аттестации;
      2) личное заявление педагогического работника об очередном повышении квалификационной категории;
      3) личное заявление педагогического работника о досрочной аттестации с целью повышения категории;
      4) решение педагогического совета, утвержденное приказом руководителя организации образования, о досрочной аттестации педагогического работника в случае снижения качества его работы.
      Прием заявлений осуществляется аттестационными комиссиями организаций образования ежегодно до 1 июня по форме (приложение 1 к настоящим Правилам).";
      дополнить пунктом 13-1 следующего содержания:
      "13-1. Аттестация преподавателей общеобразовательных предметов организаций начального профессионального и среднего профессионального образования осуществляется в соответствии с квалификационными характеристиками должностей педагогических работников учреждений дошкольного воспитания и обучения, среднего общего и дополнительного образования.";
      в пункте 14 слово "системы" заменить словами "учебных заведений";
      пункт 15 исключить;
      пункт 16 исключить;
      пункт 17 дополнить абзацем пятым следующего содержания:
      "Педагогические работники, преподающие социально-экономические, общепрофессиональные и специальные дисциплины в учебных заведениях начального и среднего профессионального образования, имеющие профессиональное образование по профилю, проходят аттестацию по должности преподаватель специальных дисциплин.";
      в пункте 19 абзац первый исключить;
      в пункте 22:
      в абзаце первом после слова "профессионального" дополнить словами "и среднего   профессионального";
      в подпункте 1):
      в абзаце втором после слова "уровней" дополнить словами ", областных, г.г. Астаны, Алматы";
      абзац третий изложить в следующей редакции:
      "победители конкурсов педагогического мастерства, участники конференций, семинаров (областного, республиканского, международного уровней);";
      дополнить абзацем четвертым и пятым следующего содержания:
      "лица, чей опыт обобщался на областном или республиканском уровнях;
      лица, перешедшие с производства на педагогическую работу в учебные заведения начального и среднего профессионального образования и имеющие производственный стаж работы по профилю не менее 5-ти лет.";
      в подпункте 2):
      абзац второй изложить в следующей редакции:
      "победители конкурсов педагогического мастерства, участники конференций, семинаров (районного, городского уровней);";
      в абзаце третьем слово ",областном" исключить;
      дополнить абзацем четвертым следующего содержания:
      "лица, перешедшие с производства на педагогическую работу в учебные заведения начального и среднего профессионального образования и имеющие производственный стаж работы по профилю не менее 3-х лет.";
      в подпункте 3):
      в абзаце третьем цифру "3" заменить на слова "не менее года";
      в абзаце четвертом знак препинания "." заменить знаком препинания ";";
      дополнить абзацем пятым следующего содержания:
      "лица, перешедшие с производства на педагогическую работу в учебные заведения начального и среднего профессионального образования и имеющие производственный стаж работы по профилю не менее 2-х лет.";
      в пункте 28 слова "уровень оплаты" заменить словом "оплата";
      в пункте 29 слова "педагогической отрасли" заменить словами "системе образования".

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования (Испусинова С.Б.) представить в установленном порядке настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Абдымомунову А.К.

      Министр