Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.09 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051
бұйрығына
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3401 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 126-127 санында, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3583 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 104 (728) санында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 261
бұйрығымен
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесінде:
1-тармақтағы "кәсіптік жоғары," деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сондай-ақ аттестаттау:
атқаратын лауазымы бойынша санатын жоғарлату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкердің өтініші;
егер педагогикалық қызметкердің жұмыс сапасы атқаратын лауазымының біліктілігі мен санатының деңгейіндегі біліктілік талаптарына жауап бермейтін болса, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген педагогикалық кеңестің шешімі негізінде мерзімінен бұрын өткізілуі мүмкін.";
9-тармақта:
бірінші абзацтағы "жоғары оқу орындары басшыларының орынбасарлары, жоғары оқу орындары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары", "ғылыми ұйымдар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру ұйымының немесе білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының дербес құрамы мен өкілеттілік мерзімдері педагогикалық кеңестің немесе білім беруді басқару органының ұсынымдарын ескере отырып, тиісінше білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Педагогикалық қызметкерді аттестаттаудан өткізу үшін:
1) бұрынғы аттестаттау мерзімінің өтуі;
2) біліктілік санатын кезекті жоғарлату туралы педагогикалық қызметкердің жеке өтініші;
3) санатын жоғарлату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкердің жеке өтініші;
4) педагогикалық қызметкердің жұмыс сапасы төмендеген жағдайда мерзімінен бұрын аттестаттау туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген педагогикалық кеңестің шешімі негіз болып табылады.
Өтініштерді қабылдауды білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиялары нысан бойынша (осы Ережеге 1-қосымша) жыл сайын 1 маусымға дейін жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармағымен толықтырылсын:
"13-1. Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндерінің оқытушыларын аттестаттау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта және қосымша білім беретін мекемелердің педагогикалық қызметкерлері лауазымының біліктілік сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
17-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Бейіні бойынша кәсіптік білімі бар кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіби және арнаулы пәндерден сабақ беретін педагогикалық қызметкерлер аттестаттаудан арнаулы пәндер оқытушысының лауазымы бойынша өтеді.";
22-тармақтың:
бірінші абзацындағы "кәсіптік" деген сөзден кейін "және кәсіптік орта" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшаның:
екінші абзацындағы "деңгейдегі" деген сөзден кейін "облыстық, Астана, Алматы қалалары" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі) қатысушылары;";
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"облыстық немесе республикалық деңгейлерде тәжірибесі пысықталатын, тұлғалар;
өндірістен педагогикалық кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарына жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша 5 жылдан кем емес өндірістік жұмыс стажы бар тұлғалар";
2) тармақшаның:
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (аудандық, қалалық деңгейдегі) қатысушылары;";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"өндірістен педагогикалық кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарына жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша 3 жылдан кем емес өндірістік жұмыс стажы бар тұлғалар";
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"өндірістен педагогикалық кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарына жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша 2 жылдан кем емес өндірістік жұмыс стажы бар тұлғалар";
29-тармақтағы "педагогикалық саладағы" деген сөздер "білім жүйесіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын.