Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 261 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2005 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3583. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 181 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.09  N 181  (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы"  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 3401-тіркеуден өткізілген) төмендегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесінде:
     1) 2-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталсын;

     2) 6-тармақ "басқармалары (департаменттері)" деген сөздерден кейін ", аудандық (қалалық) білім және спорт бөлімдері" сөздерімен толықтырылсын;

     3) 17-тармақ төмендегідей редакцияда жазылсын:
     "17. Жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері (мұғалімдер) аттестаттаудан штаттық кестемен белгіленген және жеке еңбек шартында (жұмысқа қабылдау туралы бұйрық) көрсетілген лауазымы бойынша өткізіледі.
     Педагогикалық қызметкер (мұғалім) оқытатын пәндер оның дипломында бір біліктілік ретінде (физика мен математиканың мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, т.б.) көрсетілген пәндерге сәйкес болған жағдайда, аттестация дипломында көрсетілген біліктілігіне сәйкес пәндерден негізгі лауазымы бойынша бірдей санат берілуімен (бірінші санатты физика мен математика мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, т.б.) өткізіледі.
     Мемлекеттік тілді оқытатын, бірақ тиісті кәсіптік білімі жоқ педагогикалық қызметкерлер "Қазақ тілі" пәні бойынша аттестаттаудан өтуі керек.
     Лауазымдарды қоса атқаратын барлық басқа жағдайларда педагогикалық қызметкер (мұғалім) қоса атқаратын лауазым бойынша осы Ережелердің 22-тармағының 3-тармақшасының 4 азат жолында көрсетілген шарттарға сай аттестаттаудан өтеді.";

     4) 25-тармақ төмендегідей редакцияда жазылсын:
     "25. Аттестаттау комиссиясының шешіміне келіспеген жағдайда аттестатталушы сот тәртібі арқылы шағымдануға құқылы.".

     2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады