Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01 N 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Аспирантураға қабылдаудың тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3005 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылы 12 тамызда N 147-148 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2005 жылы 31 мамырда N 3656 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылы 23 қарашада N 217 жарияланған 2005 жылғы 13 мамырдағы N 299 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесінде:
16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдардың аспирантурасы мен докторантурасына түсушілерден өтініштерді қабылдау 1-20 шілде аралығында жүргізіледі.
17. Аспирантура мен докторантураға түсу емтихандары 5-20 тамыз аралығында өткізіледі, оқуға қабылдау - 31 тамызға дейін.".