Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01 N 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Докторантураға қабылдаудың тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3005 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесінде:
16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдардың аспирантурасына түсушілерден өтініштерді қабылдау 15 қыркүйектен 5 қазанға дейін, докторантураға - 1-20 шілдеге дейін жүргізіледі.
17. Аспирантураға түсу емтихандары - 16-29 қазанға дейін, оқуға қабылдау - 1 қарашаға дейін. Докторантураға түсу емтихандары - 5-20 тамызға, оқуға қабылдау - 31 тамызға дейін.".