"Автомобиль көлік құралдарын жууды, техникалық қызмет көрсету және жөндеу станцияларын шеберханаларын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4346. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына, 17-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Автомобиль көлік құралдарын жууды, техникалық қызмет көрсету және жөндеу станцияларын шеберханаларын күтіп ұстауға  және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті(Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация
      министрі

      2006 жыл 27 шілде

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2006 жылы 10 шілдедегі   
N 295 бұйрығымен бекітілген 

"Автомобиль көлік құралдарын жууды, техникалық
қызмет көрсету және жөндеу станцияларын
шеберханаларын күтіп ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
туралы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1.»Автомобиль көлік құралдарын жууды, техникалық қызмет көрсету және жөндеу станцияларын (шеберханаларын) күтіп ұстауға  және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) қызметі автомобильдік көлік құралдарын пайдалануға (бұдан әрі - автокөлік құралдары), сол сияқты автокөлік құралдарын (бұдан әрі - нысан) жуатын орындардың, техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін стансалардың (бұдан әрі - шеберхана) жобасын жасауға, құрылысын жүргізуге байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.

      2. Нысандардың құрылысын жүргізу, қайта жаңарту және пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2005 жылғы 8 шілдеде "Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы N 334 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін Реестрде N 3792 тіркелген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады (бұдан әрі - 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрық).

2. Нысанның аумағына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Нысан 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрыққа сәйкес санитарлық-қорғау аумағы ұйымдастырылған дербес аумақта орналасуы керек.

      4. Нысанның аумағында автокөлік құралдарын қоятын орындар мен тұрақтар жабдықталуға тиіс.

      5. Аумақ қоршалып, асфальтанып, көркейтіліп, түнгі уақытта жарықтандырылуы керек. Көлікке арналған жолдардың және жаяу жүретін жолдардың қатты және мұнай өнімдерінің ықпалына шыдамды төсеніші болуы керек.

      6. Автокөлік құралдарына қызмет көрсететін 10-нан аса пост болуын жоспарлаған нысанның қызыл сызықтан шегеріліп орналасқан, қызмет көрсетілетін автокөлік құралының негізгі моделінің ұзындығына тең, кем дегенде екі кіріп-шығатын жолы болуы керек.

      7. Нысанның аумағында газ баллонымен жүретін автокөлік құралдарына қызмет көрсететін, күйдірілген мұнай газын ағызуға немесе сығымдалған табиғи газды шығарып, әрі қарай баллонды инертті газбен газсыздандыруға арналған посты үшін жанбайтын материалдан жасалған жабындысы бар алаң қарастырылуы керек. Алаң нысанның өндірістік және қосымша ғимараттарына қатысты желдің өтінен ық жағында орналасуы керек.

      8. Нысанның аумағында жауынның суын ағызатын, тазартатын құрылғымен жабдықталған канализация ұйымдастырылуы керек. Аумақты жоспарлау және суды қабылдайтын құрылғылардың орналасуы атмосфералық су мен мұнай өнімдерінің нысанның аумағынан тыс жерге ағуын болдырмауы керек. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған ашық алаңның ағынды суға арналған еңісі бар, ой-шұқырсыз қатты қабаты болуға тиіс.

      9. Автокөліктер үй-жайда немесе арнайы алаңдарда сақталуға тиіс. Жарамсыз бөлшектерді, материалдарды, шиналарды нысанның аумағында сақтауға рұқсат етілмейді.

      10. Аумақ күнделікті тазартылып отырылуы керек. Қоқыстар және өндірістік қалдықтар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2005 жылғы 24 наурыздағы N 137 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін Реестрде N 3629 тіркелген "Елді мекендердің аумағын күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай контейнерлерге жиналуға тиіс.

3. Нысанның сумен қамтамасыз ету және
канализация жүйесіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      11. Барлық өндірістік және қосымша цехтар, сол сияқты санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар су құбырымен және канализациямен жабдықталуға тиіс.

      12. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне арналған судың сапасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге және мәдени-тұрмыстық суды пайдалану орындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін Реестрде N 2999 тіркелген N 506 бұйрығының талаптарына сай болуы керек.

      13. Өндірістік үй-жайларда араластырғышы бар ыстық және суық су құбырлары орнатылып, сабын және басқа да жуғыш заттармен жеткілікті көлеммен қамтамасыз етілуге тиіс.

      14. Автокөлік құралдарын жуу үшін айналымдық сумен қамтамасыз жүйесі жобалануы керек.

      15. Сапасы мен ластану сипаты бойынша ұқсас, бірдей талаптар қойылатын сулар қолданылатын технологиялық үдерістер үшін автокөлік құралдарының кузовын, агрегаттарын және бөлшектерін жууға, бояуға жекеленген тұйық циклдар түрінде айналымдық сумен қамтамасыз ету жүйесі қарастырылуға тиіс.

      16. Өндірістік сумен қамтамасыз етуге ауыз суға арналған суды пайдалану, техникалық су құбыры болмаған жағдайда және айналымдық сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдаланудың тиімсіздігі техникалық-экономикалық жағынан негізделген жағдайда рұқсат етіледі.

      17. Автокөлік құралдарын қолмен жуған жағдайда судың температурасы плюс 12 градус Цельсиядан (бұдан әрі - 0 С) төмен және плюс 60 0 С жоғары болмауға тиіс.

      18. Құрамында мұнай өнімдері, өлшенді заттар, қышқылдар және сілтілер бар өндірістік ағынды сулар жергілікті қондырғыдағы сыртқы канализация желісіне түспестен бұрын тазартылуы керек.

      19. Нысанның канализациялық желілерін және тазартатын құрылғыларын автокөлік құралдарын жуатын және бояуға дайындайтын постылардан түсетін ағынды сулармен бітеліп қалудан қорғау мақсатында үй-жайдың деңгейінде астаулар, құдықтар немесе қорғаушы тор қойылған шұңқырлар қарастырылуы керек.

      20. Нысандар канализациялық жүйесі жоқ елді-мекендерде орналасқан жағдайда жергілікті канализация жүйесі қарастырылуға тиіс.

      21. Ашық су қоймаларына өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазартусыз ағызуға рұқсат етілмейді. Мұнай өнімдері бір сыйымдылыққа жиналып, әрі қарай өңделуі керек, өңделуге жатпайтын қалдықтар зарарсыздандыруға және уытты өндірістік қалдықтарды көмуге арналған полигонға шығарылып жойылуы керек.

4. Нысанды желдетуге және жылытуға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      22. Өндірістік, қосымша және тұрмыстық үй-жайлар жалпы алмастыратын, сорып-шығаратын желдету жүйесімен қамтамасыз етілуге тиіс. Бөлшектейтін - жуатын учаскелердің кіретін қақпалары ауалық-жылыту пердесімен жабдықталуы керек. Слесарлар мен жуатындардың тұрақты жұмыс орнындағы ауаның температурасы қақпаны ашқан кезде плюс 12 0 С төмен болмауға тиіс.

      23. Зиянды заттар бөлетін барлық көздер орналасқан орындар жергілікті желдету жүйесімен жабдықталуы керек.

      24. Үй-жайдың ішінде екіден артық емес пост орналасқан жағдайда табиғи жолмен ауа алмастырғышты жобалауға рұқсат етіледі.
      25. Бояу жүргізетін және аккумуляторлық бөлімшелердің сорып-шығаратын желдету жүйесін өзара біріктіруге және басқа үй-жайлардың желдету жүйесімен біріктіруге рұқсат етілмейді.

      26. Карбюраторларды жуу, бөлшектеу және жөндеу, радиаторларды тазалау сорғыш шкафтарда жүргізілуі керек.

      27. Радиоторды жөндейтін станоктан біркелкі соратын панель түрінде сорғыш қарастырылуға тиіс.

      28. Ұрғылап істейтін жұмыстарға арналған үй-жайда сырттан келіп түсетін ауа біркелкі үй-жайдың жоғарғы аумағына берілуге тиіс.

      29. Автокөліктерді сақтауға арналған үй-жайларда сырттан келіп түсетін ауаның ағыны жоғарыдан төмен қарай бағытталып берілуі керек, ал автокөлік құралдарына қызмет көрсететін постылар орналасқан үй-жайларда - жұмысшы аумағына бағытталып берілуге тиіс.

      30. Автокөлік құралдары тұратын үй-жайлардан ауаны сыртқа шығару төменгі және жоғарғы аумақтардан жүргізілуі керек, ал постылар орналасқан үй-жайлардан - тек жоғарғы аумақтан шығарылады. Автокөліктерді сақтауға арналған үй-жайларда сырттан келетін ауа негізгі жүретін жолдарға берілуге тиіс.

      31. Қозғалтқыштарды сынақтан өткізетін, қозғалтқыштардың жұмысын реттеуге арналған қызмет көрсететін постылар орналасқан үй-жайларда жұмыс барысында пайда болған газдарды сыртқа шығару үшін жергілікті сорғыш орнатылуы керек.

      32. Сырттан ауаны сору, шығарылған ауамен ластанған орыннан қашық жерден жүргізілуі керек. Ауаны соратын және шығаратын орындардың ара қашықтығы 20 метр (бұдан әрі - м) және одан да көп болған жағдайда ауаны соратын және шығаратын орындар бір деңгейде орналасуы мүмкін, ал екеуінің ара қашықтығы 20 м кем болғанда шығаратын тесік кем дегенде 6 м төмен орналасуы керек.

      33. Автокөлік құралдарын бояу сорып-шығаратын желдету жүйесімен қамтамасыз етілген жабық камераларда жүргізіліп, атмосфераға ауа алдын-ала тазартылып шығарылуға тиіс.

5. Нысандарды жарықтандыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      34. Барлық өндірістік учаскелер мен цехтар табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етілуі керек. Қарайтын шұқырлар жергілікті жарықтандыру жүйесімен жабдықталуға тиіс.

      35. Өндірістік үй-жайлардағы жалпы және аралас жарықтандыру  жүйелерінде газразрядты шамдар қолданылуы керек. Жалпы жарық беретін люминесцентті аспалы шамдарды ілу биіктігі 6 м аспауға тиіс. Жергілікті жарықтандыру үшін мөлдір емес жарық таратушы шамдар қолданылуы керек.

      36. Істен шыққан сынап толтырмасы бар газразрядты шамдарды жинау және сақтау үшін арнайы үй-жай бөлінуге тиіс. Қолданылған шамдарды арнайы жорналда есепке алып және тіркеп, кейіннен өңдейтін пункттерде тапсыру керек (демеркуризация).

      37. Өндірістік үй-жайлардағы жалпы жасанды жарықтандыру разрядты жарық көздерімен қамтамасыз етілуі керек. Қыздыру шамдарын қолдануға еңбек сипатына байланысты  разрядты жарық көзін қолдану мүмкін емес немесе тиімсіз болғанда ғана рұқсат етіледі.

      38. Жарық түсетін ойықтар жабдықтармен үй-жайдың іш жағынан және сырт жағынан қалқаланбауы керек. Әр тоқсанда бір рет терезе әйнектерін шаң мен күйеден тазартып, қажет болғанда ауыстырып отыру керек. Терезе көздеріне құрама әйнектерді орнатуға және олардың мөлдір емес материалдармен ауыстыруға рұқсат етілмейді.
      Шамдарды жөндеу және тазарту тоқсан сайын бір реттен кем болмауы керек.

6. Нысанның өндірістік үй-жайларына және
жабдықтарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар

      39. Әрбір технологиялық операциялардың түрлері (вулканизация үрдісі, диагностика пункті, сырлау жұмыстары, қозғалтқышты, агрегаттарды және бөлшектерді жөндеу, дәнекерлеу жұмыстары, аккумуляторды жөндеу және зарядтау, сол сияқты жұмысшы аумағының ауасына қауіптілігі І, ІІ класты зиянды заттар бөлетін сипаттағы жұмыстар) жеке үй-жайларда жүргізілуі керек. Аккумуляторлық бөлімшеде жөндеуге, зарядтауға және электролиттерді дайындауға арналған жеке оқшауланған үй-жайлар қарастырылуға тиіс.

      40. Бір жұмысшы алаңының көлемі кем дегенде 4,5 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ), өндірістік үй-жайлардың биіктігі 2,8 м болуы керек.

      41. Қабырғалардың, төбенің, беттерін әрлеуге Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген материалдар пайдаланылады.
      Қарайтын шұңқырлар кем дегенде 1,8 м биіктікке тақтайшамен қапталуы керек.

      42. Өндірістік үй-жайлардың едені тегіс, ой-шұқырсыз, су өткізбейтін, механикалық әсерге төзімді, трапқа қарай еңісі болуы керек.

      43. Шу мен діріл тудыратын жабдықтардың дірілді басатын құрылғысы болуы керек. Өндірістік үй-жайлардағы шу мен дірілдің деңгейі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2005 жылғы 29 маусымдағы N 310 бұйрығымен бекітілген "Діріл көздерімен атқарылатын жұмыстардың жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін Реестрде N 3781 тіркелген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуы керек.

      44. Ақауы бар жабдықтарды, оның құрылымында қаралған қауіпсіздік құралдары болмаған немесе ақаулы болған жағдайда пайдалануға рұқсат етілмейді.

      45. Жылдың жылы кезеңдерінде жөндеу жұмыстарын ашық алаңда бастырманың астында жүргізуге рұқсат етеді.

      46. Аккумуляторлық батареяларды жөндеуге және зарядттауға, қышқылдар мен сілтілерді сақтауға арналған үй-жайлар қол жуғыштармен немесе батареяның түріне байланысты ас тұзының ерітіндісі немесе бор қышқылы құйылған бөшкелермен жабдықталуы керек.

      47. Дәнекерлеу жүргізетін постыларда дәнекерлеу доғасының сәулесінен қорғану үшін биіктігі 1,2 м кем емес перде орнатылуы керек.

      48. Агрессивті сұйықтықтарды сақтауға, тасымалдауға және құюға арнайы арба мен ыдыс қолданылуы керек. Аккумуляторды толтыратын мысты-құйғыш бөлімшенің үй-жайларында теріге түскен қышқыл мен сілтіні жуу үшін құбырлық су шүмегімен жабдықталуға тиіс.

      49. Еңбектің ауырлығын төмендету үшін ауыр үдерістерді механикаландыру қарастырылуы керек. Автомобильдерді бөлшектейтін және жинайтын жұмыс орындары көтеретін-тасымалдайтын механизмдермен жабдықталуға тиіс.

      50. Қарайтын шұңқырдан тыс жерде, эстакадада жұмысшылар арнайы бейімделген құралдармен (жатып қарайтын) қамтамасыз етілуі керек.

      51. Нысандар өндірістік үрдістің топтарына байланысты қосымша және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен жабдықталуы керек.

      52. Демалуға бір жұмыскерге шаққанда 0,02 м 2 есебінен, бірақ 18 м 2 кем емес үй-жай қарастырылуға тиіс. Жұмысшылар саны 30 кем болған жағдайда демалыс бөлмесін тамақ ішетін бөлмемен біріктіріп, оның алаңын бір жұмыскерге шаққанда 1,3 м 2 есебінен алуға рұқсат етіледі.

7. Санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуге
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      53. Жұмыскерлер жуғыш заттармен, қолды жууға арналған шөткелермен, қол орамалмен, қол сүртетін шүберекпен, сол сияқты қорғағыш майлар және пасталармен қамтамасыз етілуі керек.

      54. Жұмысшылардың терісіне зиянды әсер ететін зиянды заттар болған жағдайда, олар жуатын және зарарсыздандыратын заттармен қамтамасыз етілуі керек.

      55. Барлық өндірістік үй-жайлар жылына кем дегенде бір рет ағымдағы жөндеуден өткізілуге тиіс.

      56. Өндірістік үй-жайларға күнделікті ылғалды тазарту жүргізілуі  қажет.

      57. Жұмыскерлерге ықпал ететін зиянды заттардың және қауіпті өндірістік факторлардың сипатына байланысты олар қобдишалармен , арнайы киіммен және қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі керек. Арнайы киім тұрақты тазартылып, жуылып, жөндеуден өткізіліп отырылуы керек. Арнайы киімдерді үйде жууға рұқсат етілмейді.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации моек, станций (мастерских) технического обслуживания и ремонта автомобильных транспортных средств"

Приказ И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 июля 2006 года № 295. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2006 года № 4346. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от от 30 июня 2010 года № 476

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 30.06.2010 № 476.

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 7, подпунктом 1) статьи 17 Закона Республики Казахстан "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации моек, станций (мастерских) технического обслуживания и ремонта автомобильных транспортных средств".

      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Белоног А.А.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту организационно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Акрачкова Д.В.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      И.о. Министра

      "СОГЛАСОВАН"
      Министр транспорта
      и коммуникаций
      Республики Казахстан
      27 июля 2006 года

Утверждены приказом         
И.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан        
от 10 июля 2006 г. N 295    

Санитарно-эпидемиологические правила и нормы
"Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и
эксплуатации моек, станций (мастерских) технического
обслуживания и ремонта автомобильных транспортных средств" 1. Общие положения

      1. Санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации моек, станций (мастерских) технического обслуживания и ремонта автомобильных транспортных средств" (далее - санитарные правила) предназначены для физических и юридических лиц, деятельность которых связана с технической эксплуатацией автомобильных транспортных средств (далее - автотранспортное средство), а также проектированием, строительством, реконструкцией моек, станций (мастерских) технического обслуживания и ремонта автотранспортных средств (далее - объект).

      2. Строительство, реконструкция и ввод в эксплуатацию объектов осуществляются при наличии санитарно-эпидемиологического заключения на соответствие требованиям санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к проектированию производственных объектов", утвержденных приказом И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 июля 2005 года N 334 , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3792 (далее - приказ от 8 июля 2005 года N 334).

2. Санитарно-эпидемиологические
требования к территории объектов

      3. Объекты должны размещаться на самостоятельной территории с организацией санитарно-защитной зоны в соответствии с приказом от 8 июля 2005 года N 334 .

      4. На территории объектов должны быть оборудованы стояночные и парковочные места для автотранспортных средств.

      5. Территория должна быть ограждена, асфальтирована, благоустроена, в ночное время освещена. Транспортные проезды и пешеходные дорожки должны иметь твердое и стойкое покрытие к воздействию нефтепродуктов.

      6. Объект, предусматривающий более 10 постов обслуживания автотранспортных средств, должен иметь не менее двух въездов и выездов, расположенных с отступом от красной линии, равным не менее длины основной модели обслуживаемого автотранспортного средства.

      7. На территории объекта по обслуживанию газобаллонного автотранспортного средства должна быть предусмотрена площадка под навесом из несгораемых материалов для поста слива сжиженного нефтяного газа или выпуска сжатого природного газа с последующей дегазацией (продувкой) баллонов инертным газом. Площадка должна размешаться с подветренной стороны по отношению к производственным и вспомогательным зданиям объекта.

      8. На территории объекта должна быть организована ливневая канализация с очистными сооружениями. Планировка территории и расположение водоприемных устройств должны исключать попадание атмосферных вод и нефтепродуктов за пределы территории объекта. Покрытие открытых площадок для хранения автотранспортных средств должно быть твердым, без выбоин, с уклоном для стока воды.

      9. На территории объекта должны быть помещения или специальные площадки для автотранспортных средств.
      На территории не допускается хранение непригодных запчастей, материалов, шин.

      10. Уборка территории должна производится ежедневно. Мусор и производственные отходы должны собираться в контейнеры, установленные в соответствии с требованиями санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию территории населенных мест", утвержденным приказом И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 марта 2005 года N 137 , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3629.

3. Санитарно-эпидемиологические требования
к водоснабжению и канализации объектов

      11. Все производственные и вспомогательные цеха, а также санитарно-бытовые помещения должны быть оборудованы водопроводом и канализацией.

      12. Качество воды для хозяйственно-питьевых нужд должно отвечать требованиям приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июня 2004 года N 506 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования",  зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2999.

      13. В производственных помещениях должны устанавливаться умывальники с подводкой холодной и горячей воды со смесителями.

      14. Для мойки автотранспортных средств должна проектироваться система оборотного водоснабжения.

      15. Для технологических процессов с одинаковыми требованиями к качеству воды и близкими по характеристике загрязнениями должны предусматриваться системы оборотного водоснабжения в виде отдельных замкнутых циклов для мойки кузовов, агрегатов, узлов и деталей, окраски автотранспортных средств.

      16. Использование для производственного водоснабжения воды питьевого качества допускается при отсутствии технического водопровода и при технико-экономическом обосновании нецелесообразности устройства системы оборотного водоснабжения.

      17. Температура воды при ручной мойке автотранспортных средств должна быть не ниже плюс 12 градусов Цельсия (далее - 0 С) и не выше плюс 60 0 С.

      18. Производственные сточные воды, содержащие нефтепродукты,  взвешенные вещества, кислоты и щелочи должны очищаться до поступления их в наружную канализационную сеть на местных установках.

      19. Для защиты канализационной сети и очистных сооружений объекта от засорения, при поступлении сточных вод от мойки и постов подготовки к окраске автотранспортных средств, должны предусматриваться лотки в пределах помещения, колодцы или приямки с защитными решетками.

      20. При размещении объектов в неканализованных  населенных пунктах должна предусматриваться местная канализация.

      21. Сброс в открытые водоемы производственных и бытовых сточных вод без очистки не допускается. Нефтепродукты должны собираться в емкость с последующей утилизацией, не утилизируемые отходы - вывозиться на полигон для обезвреживания и захоронения токсичных промышленных отходов.

4. Санитарно-эпидемиологические требования
к отоплению и вентиляции объектов

      22. Производственные, вспомогательные и бытовые помещения должны быть оборудованы системой общеобменной приточно-вытяжной вентиляции. У выездных ворот на разборочно-моечном участке должна оборудоваться воздушно-тепловая завеса. Температура воздуха на постоянных рабочих местах слесарей и мойщиков на время открывания ворот должна быть не ниже плюс 12 0 С.

      23. При всех источниках выделения вредных веществ должна  оборудоваться местная вытяжная вентиляция.

      24. При размещении в помещении не более двух постов допускается проектировать местные отсосы с естественным побуждением.

      25. Системы вытяжной вентиляции окрасочного и аккумуляторного отделений не допускается объединять между собой и с системой вентиляции других помещений.

      26. Промывка, разборка и ремонт карбюраторов, чистка радиаторов должны проводиться в вытяжном шкафу.

      27. От оборудования для ремонта радиаторов должны быть предусмотрены отсосы в виде панелей равномерного всасывания.

      28. Подача приточного воздуха в помещения должна осуществляться рассредоточено в верхнюю зону.

      29. В помещениях для хранения автотранспортных средств приточный воздух должен подаваться сверху вниз сосредоточенными струями, в помещениях постов обслуживания автотранспортных средств - рассредоточено в рабочую зону.
      30. Удаление воздуха из помещений стоянки автотранспортных средств должно осуществляться из верхней и нижней зон помещений, а из помещений постов обслуживания - только из верхней зоны помещений. Приточный воздух в помещение для хранения автотранспортных средств должен подаваться в основные проезды.

      31. В помещениях для испытания двигателей, на постах обслуживания, предназначенных для регулирования работы двигателей, должны устанавливаться местные отсосы для отработанных газов.

      32. Забор приточного воздуха должен производиться в местах удаленных и от выброса загрязненного воздуха. При расстоянии между забором воздуха и местом его выброса 20 и более метров (далее - м) места забора и выброса могут располагаться на одном уровне, при расстоянии менее 20 м - ниже отверстия выброса не менее чем на 6 м.

      33. Покраска автотранспортных средств должна производиться в камерах закрытого типа, обеспеченных приточно-вытяжной системой вентиляции с очисткой воздуха перед выбросом в атмосферу.

5. Санитарно-эпидемиологические требования
к освещению объектов

      34. Все производственные участки и цехи должны иметь естественное и искусственное освещение. Смотровые ямы должны быть обеспечены системой местного освещения.

      35. В системах общего и комбинированного освещения производственных помещений должны применять газоразрядные лампы. Высота подвеса светильников общего освещения с люминесцентными лампами не должна превышать 6 м. Для местного освещения должны применяться светильники с непрозрачными отражателями.

      36. Для сбора и хранения, вышедших из строя газоразрядных ламп с ртутным наполнителем, должно быть выделено отдельное помещение. Использованные лампы должны быть сданы в пункты переработки (демеркуризации).

      37. Общее искусственное освещение производственных помещений должно обеспечиваться разрядными источниками света. Применение ламп накаливания допускается в случаях, когда по условиям характера труда использование разрядных источников света невозможно или нецелесообразно.

      38. Световые проемы не должны загромождаться оборудованием, как внутри, так и вне помещения. Один раз в квартал стекла должны очищаться от пыли и копоти, при необходимости - заменяться. Не допускается установка в окнах составных стекол и замена их непрозрачными материалами.
      Ремонт и очистка светильников должна производиться не менее 1 раза в квартал.

6. Санитарно-эпидемиологические требования
к производственным помещениям и оборудованию объектов

      39. Каждый вид технологической операции (процесс вулканизации, пункт диагностики, окрасочные работы, ремонт двигателей, агрегатов и узлов, сварочные работы, ремонт и зарядка аккумуляторов, а также работы, характеризующиеся выделением в воздух рабочей зоны вредных веществ 1-2 класса опасности) должны проводиться в отдельных помещениях. В аккумуляторной должны предусматриваться отдельные изолированные помещения для ремонта, зарядки и приготовления электролитов.

      40. Площадь на одно рабочее место должна составлять не менее 4,5 квадратных метров (далее - м 2 ), высота производственных помещений должна быть не менее 2,8 м.

      41. Для отделки стен, потолков и поверхностей должны применяться материалы, разрешенные к применению на территории Республики Казахстан.
      Смотровые ямы должны быть облицованы плиткой на высоту не менее 1,8 м.

      42. Полы в производственных помещениях должны быть гладкими, без выбоин, водонепроницаемыми, устойчивыми к механическому воздействию, иметь уклон в сторону трапа.

      43. Оборудование, генерирующее вибрацию должно иметь виброгасящее устройство. Уровни вибрации в производственных помещениях должны соответствовать требованиям санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям работы с источниками вибрации", утвержденным приказом И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 июня 2005 года N 310 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3781.

      44. Не допускается эксплуатация неисправного оборудования, в том числе при отсутствии и (или) неисправности предусмотренных его конструкцией средств безопасности.

      45. В теплый период года ремонтные работы допускается проводить на открытой площадке, под навесом.

      46. Помещения для ремонта и зарядки аккумуляторных батарей и хранения кислоты или щелочи должны быть оборудованы умывальниками или бочками с раствором питьевой соды или борной кислоты в зависимости от типа батарей.

      47. На сварочных постах для защиты от излучений сварочной дуги должны устанавливаться ширмы высотой не менее 1,2 м.

      48. Для хранения, транспортировки и разлива агрессивных жидкостей должны применяться специальные тележки и посуда. В помещении заливки аккумуляторов медницко-заливочного отделения должен быть оборудован водопроводный кран для смывания кислот и щелочей при попадании их на кожу.

      49. Для снижения тяжести труда должна предусматриваться механизация трудоемких процессов. Рабочие места разборки и сборки автомобилей должны оборудоваться подъемно-транспортными механизмами.

      50. При работе вне смотровых ям, эстакад рабочие должны обеспечиваться специальными приспособлениями (лежаками).

      51. Объекты должны быть оборудованы вспомогательными и санитарно-бытовыми помещениями в зависимости от групп производственных процессов.

      52. Должны предусматриваться помещения для отдыха из расчета 0,02 м 2 на одного работника, но не менее 18 м 2 . При численности менее 30 человек допускается объединение комнаты отдыха с комнатой приема пищи из расчета 1,3 м 2 на одного работника.

7. Санитарно-эпидемиологические требования
к условиям бытового обслуживания

      53. Рабочие должны быть обеспечены моющими средствами, щетками для мытья рук, полотенцами, ветошью для вытирания рук, а так же защитными мазями и пастами.

      54. При наличии вредных веществ, оказывающих вредное действие на кожу, работники должны быть обеспечены обезвреживающими веществами.

      55. Все производственные помещения должны подвергаться текущему ремонту не менее 1 раза в год.

      56. В производственных помещениях ежедневно должна проводиться влажная уборка.

      57. Работники должны обеспечиваться медицинскими аптечками, средствами индивидуальной защиты и специальной одеждой в соответствии с характером воздействия вредных и опасных производственных факторов на работающего. Специальная одежда должна подвергаться регулярной чистке, стирке. Стирка специальной одежды на дому не допускается.