Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 476 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Оспанов К.С.) бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және олар бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына хабарласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 маусымдағы  
№ 476 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындардың құрылысына және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 28 тамыздағы № 641 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2499 болып тіркелген, «Ресми газет» 2003 жылғы 1 қараша, № 44 (148) жарияланған).
      2. «Медицинада қолданатын бұйымдарды стерилизациядан және зарарсыздандырудан өткізгенде, оның сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері және нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 96 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2185 болып тіркелген).
      3. «Микробиология, вирусология және паразитология зертханаларының құрылысына және жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 63 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2692 болып тіркелген, «Ресми газет» 2004 жылғы 28 ақпан, № 9 (165) жарияланған).
      4. «Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау» туралы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 30 наурыздағы № 297 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2798 болып тіркелген, «Ресми газет» 2004 жылғы 4 желтоқсан, № 49 (205) жарияланған).
      5. «Қазақстан Республикасында туляремия бойынша санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 616 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3053 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2005 жыл, № 19, 179-құжат жарияланған).
      6. «Қазақстан Республикасында тырысқақ бойынша санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 694 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2005 жыл, № 19, 162-құжат жарияланған).
      7. «Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 744 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3208 болып тіркелген, «Фармация Казахстана», 2004 жылғы № 12, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2005 жыл, № 1 жарияланған).
      8. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 748 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3207 болып тіркелген).
      9. «Қазақстан Республикасындағы қышыма кезіндегі профилактика және дезинфекция жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы№ 48 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2682 болып тіркелген, «Ресми газет» 2004 жылғы 28 ақпан, № 9 (165) жарияланған).
      10. «Зираттарды жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3491 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 22 желтоқсан, № 175 (799) жарияланған).
      11. «Көшетханаларды (жылыжайларды) күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 9 наурыздағы № 104 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3591 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 21 қазан, № 131-132 (756) жарияланған).
      12. «Зертханалар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 136 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3610 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2005 жылғы № 18, 146-құжат жарияланған).
      13. «Мал және аң шаруашылығы объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 143 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3630 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 27 қазан, № 133-134 (758) жарияланған).
      14. «Ауыл шаруашылығы машинасымен жұмыс істеу кезінде еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 202 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3731 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 8 қараша, № 142 (766) жарияланған).
      15. «Үйрек, қаз жұмыртқаларын сондай-ақ жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан әкелінген тауық жұмыртқаларын тағамдық мақсатта пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 203 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3672 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 14 желтоқсан, № 169-170 (794) жарияланған).
      16. «Улы заттарды (уларды) қолдануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 232 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3705 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 15 желтоқсан, № 171-172 (796) жарияланған).
      17. «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 310 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2006 жылғы № 3-4, 209-құжат жарияланған).
      18. «Автомобильге жанар-жағармай құю стансаларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы № 311 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3759 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 16 қараша, № 148 (772) жарияланған).
      19. «І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 325 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3770 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 24 қараша, № 154 (778) жарияланған).
      20. «Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі № 355 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 16 тамызда № 3789 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 ж. 9 қараша, № 143 (767) жарияланған).
      21. «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 359 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3805 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 9 желтоқсан, № 166-167 (791) жарияланған).
      22. «Референс-зертханалар мен полимеразды тізбектік реакция зертханаларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 12 тамыздағы № 399 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 27 қазан, № 133-134 (758) жарияланған).
      23. «Контагиозды гельминтозды бақылау және алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 645 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 27 қаңтарда № 4061 тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 24 ақпан, № 33-34 (840) жарияланған).
      24. «Тұрмыстық жәндіктерді, синантроптық масалар мен сары масаларды жоюға арналған дезинсекциялық іс-шараларды жүргізуде жертөле үй-жайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 130 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 17 сәуірде № 4191 болып тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 5 мамыр, № 80 (886) жарияланған).
      25. «Қазақстан Республикасында темір жол көлігіндегі поездар қозғалысымен тікелей байланысты жұмыскерлерді медициналық қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 17 мамырдағы № 220 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 шілдеде № 4292 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2006 жылғы қыркүйек, № 14, 225-құжат жарияланған).
      26. «Астық қоймаларын (элеваторларды және нан қабылдайтын пункттерді) күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 10 шілдедегі № 293 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 тамызда № 4347 болып тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 15 қыркүйек, № 166 (972) жарияланған).
      27. «Автомобиль көлік құралдарын жууды, техникалық қызмет көрсету және жөндеу станцияларын (шеберханаларын) күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 10 шілдедегі № 295 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4346 болып тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 5 қыркүйек, № 159 (965) жарияланған).
      28. «Суармалы егіс алқаптарына қойылатын талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 3 тамыздағы № 336 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368 болып тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 29 қыркүйек, № 174 (980) жарияланған).
      29. «Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында ауруханаішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 15 тамыздағы № 349 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 8 қыркүйекте № 4385 болып тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 22 қыркүйек, № 170 (976); «Ресми газет» 2006 жылғы 4 қараша, № 45 (306) жарияланған).
      30. «Қалыпқа келтіру поездарының жабдықтарына және оларды күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 468 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4459 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 12 қаңтар, № 5 (1034); «Ресми газет» 2007 жылғы 27 қаңтар, № 4 (317) жарияланған).
      31. «Автомобиль көлігін күтіп-ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 626 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4527 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 21 ақпан, № 27 (1056) жарияланған).
       32. «Темір жол көлігінің объектілері және жүктерді тасымалдау жағдайлары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 101 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 2 наурызда № 4560 болып тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2007 жылғы сәуір, № 4, 244-құжат жарияланған).
      33. «Электровоздарды, тепловоздарды жөндеу объектілерін күтіп-ұстауға, пайдалануға және жұмысшылардың еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 180 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2007 жылғы № 6, 263-құжат жарияланған).
      34. «Жолдық машина станцияларын пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 305 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымда № 4761 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 20 шілде № 110 (1139) жарияланған).
      35. «Жуу-буландыру станцияларын және вагондарды жуу пункттерін жобалауға, пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 306 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4762 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 20 шілде, № 110 (1139) жарияланған).
      36. «Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және басқару орталықтарын пайдалануға және күтіп-ұстауға және диспетчерлердің еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 307 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4760 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 20 шілде, № 110 (1139) жарияланған).
      37. «Кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 11 маусымдағы № 357 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4793 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 27 шілде, № 114 (1143) жарияланған).
      38. «Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, пайдалану мен күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 29 маусымдағы № 394 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4877 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 19 қазан, № 161 (1190); «Ресми газет» 2007 жылғы 27 қазан, № 43 (356) жарияланған).
      39. «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 6 шілдедегі № 416 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4898 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 19 қазан, № 161 (1190) жарияланған).
      40. «Туберкулез ошақтарында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 3 тамыздағы № 467 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4921 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 5 қазан, № 153 (1182) жарияланған).
      41. «Лейшманиоздың алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 16 қарашадағы № 671 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5023 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 28 желтоқсан, № 197 (1226) жарияланған).
      42. «Жіті ішек жұқпалары, сальмонеллез, іш сүзегі және қылау ауруларын төмендету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 52 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5163 болып тіркелген, «Заң газеті» 2008 жылғы 6 маусым, № 85 (1311) жарияланған).
      43. «Санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 189 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 болып тіркелген, «Заң газеті» 2008 жылғы 13 маусым, № 89 (1315) жарияланған).
      44. «Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында ауруханаішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 15 тамыздағы № 349 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 253 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 мамырда № 5220 болып тіркелген, «Заң газеті» 2008 жылғы 20 маусым, № 93 (1319) жарияланған).
      45. «Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізу және ұйымдастыру» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 17 маусымдағы № 350 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 25 шілдеде № 5270 болып тіркелген, «Заң газеті» 2008 жылғы 19 қыркүйек № 143 (1369); ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2008 жылғы тамыз, № 8, 325-құжат жарияланған).
      46. «Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 қазандағы № 556 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5380 болып тіркелген, «Заң газеті» 2008 жылғы, 26 желтоқсан, № 195 (1421) жарияланған).
      47. «Қазақстан Республикасында Конго - Қырым геморрагиялық қызбасының ошақтарында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 682 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 қаңтарда № 5497 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл № 4 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады