Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"»Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінің 78-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 130 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінің 64-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 932 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 17 ақпандағы N 97/118 және 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 155/221 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының тақырыбы мен 1-тармағы»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесінде:
атауы»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
төртінші абзацта:
"Қазақстан Республикасының»"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" "Конституциялық заңының" деген сөздерден кейін ", "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген әкімдердің сайлауын өткізу ережесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін»", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші абзац»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта:
төртінші және бесінші абзацтар»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін»", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"азаматты әкім лауазымына кандидат ретінде ұсыну туралы әкім ұсынымы;
азаматтың әкімдікке кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
әкімдікке кандидаттың өмірбаяндық деректері;
әкімдікке кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкі туралы декларацияларды тапсырғанын растайтын құжаттар;
әкімдікке кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген әкімдердің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
әкімдікке кандидаттың аумақтық сайлау комиссиясына сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтініштері;
әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
әкімді сайлау бойынша сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімі;
әкімді сайлау бойынша дауыс беруге арналған пункттің ашылғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;
әкімді сайлау бойынша таңдаушылар отырысының хаттамалары;
әкімді сайлау нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
сайланған әкімді тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімдері";
5-тармақ»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлаудың қорытындылары жарияланғаннан кейінгі алты ай бойы құпия ақпарат ретінде сақтайды, содан кейін акті бойынша жояды.".
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдеріне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына, Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы