Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.11.30. N 257 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының банк секторын ырықтандыру және жаңадан құрылатын банктерге қойылатын талаптарды жеңілдету, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесімдерді қолданылып жүрген банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері"
2001 жылғы 2 маусымдағы N 190
қаулысына
(Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2270 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 4 шілдедегі N 220
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2415 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жаңадан құрылатын банктер үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 1.500.000.000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында белгіленсін.";
3-тармақта:
1) тармақшадағы "және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы)" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы "және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы)" деген сөздер алып тасталсын;
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.