Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 158 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4396. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 257 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.11.30.  N 257  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының банк секторын ырықтандыру және жаңадан құрылатын банктерге қойылатын талаптарды жеңілдету, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесімдерді қолданылып жүрген банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің  жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері"   2001 жылғы 2 маусымдағы N 190  қаулысына   (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының   2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2270 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының   2003 жылғы 4 шілдедегі N 220  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2415 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жаңадан құрылатын банктер үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 1.500.000.000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында белгіленсін.";

      3-тармақта:
      1) тармақшадағы "және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы)" деген сөздер алып тасталсын; 

      бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.           

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады