Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007.09.02. N 05-02/205 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Заңының 6 бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (әрі қарай - Агенттік) танылатын қор биржаларының тізбесі бекітілсін:
1) "Мәскеулік банкаралық валюталық биржасы қор биржасы" жабық акционерлік қоғамы;
2) "Ресейлік Сауда Жүйесі" Қор биржасы" ААҚ;
3) "Алғашқы қор сауда жүйесі" Қауымдастығы;
4) "Қазақстан қор биржасы" АҚ;
5) "Баку қор биржасы" ЖАҚ;
6) "Белоруссия валюталық-қор биржасы" ААҚ.
Сонымен бірге, Агенттікпен Бүкіләлемдік Биржалар Федерациясының мүшелері болып табылатын (World Federation Exchanges), корреспондент мүшелер мен аффилиирленген мүшелерден басқа, және Лондон қор биржасының Баламалық инвестициялар нарығы (AIM London Stock Exchange) танылады.
Ескерту. 1-тармаққа жаңа редакцияда - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007.09.02 N 05-02/205 Бұйрығымен, өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2010.07.27 N 04.2-40/121 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
3. Агенттiгiнiң тiркеу Департаментiне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiне шаралар қолданылсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiм iшiнде Агенттiктiң, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарларына жеткiзiлсiн.
4. Агенттiктiң даму департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етiлсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы | |
Алматы қаласының өңiрлiк | |
қаржы орталығының қызметiн | |
реттеу Агенттiгiнiң Төрағасы | |