Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен танылатын қор биржаларының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнің төрағасының 2006 жылығы 8 қыркүйектегі N 8 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4402. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
      Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007.09.02. N 05-02/205 Бұйрығымен.
      Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Заңының 6 бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (әрі қарай - Агенттік) танылатын қор биржаларының тізбесі бекітілсін:
      1) "Мәскеулік банкаралық валюталық биржасы қор биржасы" жабық акционерлік қоғамы;
      2) "Ресейлік Сауда Жүйесі" Қор биржасы" ААҚ;
      3) "Алғашқы қор сауда жүйесі" Қауымдастығы;
      4) "Қазақстан қор биржасы" АҚ;
      5) "Баку қор биржасы" ЖАҚ;
      6) "Белоруссия валюталық-қор биржасы" ААҚ.
      Сонымен бірге, Агенттікпен Бүкіләлемдік Биржалар Федерациясының мүшелері болып табылатын (World Federation Exchanges), корреспондент мүшелер мен аффилиирленген мүшелерден басқа, және Лондон қор биржасының Баламалық инвестициялар нарығы (AIM London Stock Exchange) танылады.
      Ескерту. 1-тармаққа жаңа редакцияда - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007.09.02 N 05-02/205 Бұйрығымен, өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2010.07.27 N 04.2-40/121 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      3. Агенттiгiнiң тiркеу Департаментiне:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiне шаралар қолданылсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiм iшiнде Агенттiктiң, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарларына жеткiзiлсiн.
      4. Агенттiктiң даму департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етiлсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы
 
Алматы қаласының өңiрлiк
 
қаржы орталығының қызметiн
 
реттеу Агенттiгiнiң Төрағасы
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады