Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 "Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 08-1/276, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 468 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4426 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 488 Бірлескен бұйрықтарымен

      Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.12.14 N 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.22 N 488 бірлескен бұйрықтарымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 227-р  өкімін атқару мақсатында  БҰЙЫРАМЫЗ :

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806  бірлескен бұйрығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2162 болып тіркелген (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің N 25-26 бюллетенінде жарияланған енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 08 қыркүйектегі N 08-1/126 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 661  бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2604 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724  бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 08-1/123 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 357  бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3022 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 08-1/254 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 605  бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3247 болып тіркелген), мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулық:
      мынадай мазмұндағы 8-1 тармағымен толықтырылсын: 
      "8-1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты бойынша және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық мәліметі бар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) (бұдан әрі - АӨҚО қатысушылары) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелеріне көп мәртелік инвесторлық визалар беріледі. Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қолдаухатын ұлттық қауіпсіздік органында келісу 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.
      Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның белгіленген тәртіпте келісілген қолдаухаты бойынша АӨҚО қатысушыларға өтініш берілген күні бір айға дейінгі мерзімге бір мәртелік инвесторлық виза беріледі.
      Осы тармақта ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-ке беру туралы көзделген мәліметтің уақтылығы мен дұрыстығы үшін өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган жауапты болады.";
      56 тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "ҚР СІМ-нің консулдық пункттері өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның белгіленген тәртіпте келісілген қолдаухаты бойынша АӨҚО қатысушыларға инвесторлық виза береді.";

      мынадай мазмұндағы 68-1 тармағымен толықтырылсын:
      "68-1. Визалардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ АӨҚО қатысушыларға визалардың санатын өзгерту осы нұсқаулыққа сәйкес өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай жүзеге асырылуы мүмкін".

      2. Осы бұйрық ресми жария етілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

       «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы 

      2006 жылғы 30 қыркүйек 

О внесении дополнений в совместный приказ Государственного секретаря - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 24 декабря 2002 года N 08-1/77 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 806 "Об утверждении Инструкции о порядке выдачи виз Республики Казахстан"

Совместный приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 22 сентября 2006 года № 08-1/276 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 сентября 2006 года № 468. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 октября 2006 года № 4426. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 декабря 2009 года № 08-1-1-1/457 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 488

      Сноска. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 14.12.2009 года № 08-1-1-1/457 и Министра внутренних дел РК от 22.12.2009 № 488 (вводится в действие с 01.03.2010).

      В целях исполнения распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 14 августа 2006 года  N 227-р "О мерах по реализации законов Республики Казахстан "О региональном финансовом центре города Алматы" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам создания регионального финансового центра города Алматы"  ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Государственного секретаря - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 24 декабря 2002 года  N 08-1/77 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 806, зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2162 (опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан N 25-26 с внесенными дополнениями и изменениями совместным приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 8 сентября 2003 года  N 08-1/126 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 ноября 2003 года N 661, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2604, совместным приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 3 декабря 2003 года  N 08-1/187 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 декабря 2003 года N 724, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2662, совместным приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 25 мая 2004 года  N 08-1/123 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 июня 2004 года N 357, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 3022, совместным приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 октября 2004 года  N 08-1/254 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 ноября 2004 года N 605, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 3247), следующие дополнения:
      в Инструкции о порядке выдачи виз Республики Казахстан, утвержденной совместным приказом:
      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:
      "8-1. Многократные инвесторские визы выдаются участникам (дилерам, брокерам и эмитентам) регионального финансового центра в городе Алматы, членам международного совета при администрации регионального финансового центра в городе Алматы, а также членам их семей (далее - участники РФЦА) на основании ходатайств уполномоченного органа по регулированию деятельности регионального финансового центра и согласованных с МИД РК, МВД РК и КНБ РК списков участников РФЦА с их паспортными данными. Согласование ходатайств уполномоченного органа по регулированию деятельности регионального финансового центра в органах национальной безопасности осуществляется в срок, не превышающий 5 рабочих дней.
      Однократные инвесторские визы сроком до одного месяца могут выдаваться участникам РФЦА в день обращения по согласованным в установленном порядке ходатайствам уполномоченного органа по регулированию деятельности регионального финансового центра.
      Уполномоченный орган по регулированию деятельности регионального финансового центра несет ответственность за достоверность и своевременность предоставления в МИД РК, МВД РК и КНБ РК сведений, предусмотренных в настоящем пункте.";
      абзац второй подпункта 1) пункта 56 дополнить предложением следующего содержания: "Консульские пункты МИД РК выдают инвесторские визы участникам РФЦА по согласованным в установленном порядке ходатайствам уполномоченного органа по регулированию деятельности регионального финансового центра.";
      дополнить пунктом 68-1 следующего содержания:
      "68-1. Продление срока действия виз, а также изменение категории виз участникам РФЦА по ходатайству уполномоченного органа по регулированию деятельности регионального финансового центра могут осуществляться без выезда за пределы Республики Казахстан в соответствии с данной Инструкцией.".

      2. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

             Министр                                  Министр
         иностранных дел                          внутренних дел
      Республики Казахстан                     Республики Казахстан

          "СОГЛАСОВАНО"

          Председатель
      Комитета национальной
          безопасности
      Республики Казахстан